Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ менің отбасым»
«Бекітемін»
№22 «Ақбұлақ» балабақшасы
МКҚК-ның директоры
_________Джаманшалова Г.Н
«Менің отбасым»
Өткізетін: Жұмабай Г.Ж
Жаңаөзен қаласы-2016 жыл
Күні, айы, жылы:
Білім саласы: Коммуникация Ұымдастырылған оқу іс - әрекет: Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Менің отбасым Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру, Әр балаға өз отбасын қадірлеуге, сыйлауға үйрету. Білімділік: Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері туралы тақпақтарды жатқа айтқызу, фонетикалық жаттығулар, санамақ жаттату, «Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауын білуге үйрету. Дамытушылығы: Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиалын, қызығушылығын дамыту, зейінін шоғырландыру. Тәрбиелік: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс. Көрнекілігі: Отбасы суреті, үй, дидактикалық материалдар.
Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр амандасайықшы. Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Шаттық шеңбер
Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй болып көрінер.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдаршы?
-Күз айының қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.
Онда әкем, шешем тұрады, Ата - әже, бауырым, Бәрі бірге қосылып Бір ұғымды құрады. (отбасы)
- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының суреті) Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Бүгінгі біздің сабағымыз отбасымыз туралы болмақ. Балалар Отбасы дегеніміз не? Біз бүгін отбасы туралы әңгімелейміз. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар. Олар ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас бір отбасында тұрады. Ата - ананың, аға - әпкеміздің ақылын тыңдап, кішіге қамқор болуымыз керек.
Балалар кім өзінің Отбасы жайлы айтып береді. Сендер үйіңізде неше адам тұрады? Олардың атын, қайда жұмыс жасатынын. - Қанеки балалар отбасы жайында біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші! (балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды) Бас бармағым – әкем,
балаң үйрек апам, Ортан терек – ағам,
шылдыр шүмек мен. Титтей бөбек сен Бір үйде нешеуміз? Бір үйде бесеуміз. - балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады? Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?
Балалар, қазір бізге оны мен жұмбақ қылып жасырамын, сонда кім айтылмағанын білеміз. Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көреді, ақ сақалды, кісіні кім дейміз? (Ата)
Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Бұл кім? (Әже)
Балалар ата, әже, ана, әке туралы тақпақты білесіңдер ме? Кім айтады? (балалардың тақпағы) Жалғас Титтей бөбек кезімнен Асылзада Бала бала деп Әлдилеген емізген, Түнде шошып оянған Еркелетіп күлгізген, Түнде ұқысын төрт бөліп Алғаш «ана» дегізген. Түнде бесік таянған
Ернар Үнемі ақыл беретін, Әмина Әкетайым әкешім
Мен үшін әкем бәйтерек. Жақсы көрем мен сізді
Әкенің алып тәрбиесін, Құрметтеп мәңгі өтемін
Азамат болып өсемін. мәпелеген өзімді
Көркемай Әжем менің ардагер Санжар Әжем менің асыл жан
бізді баққан саудагер жақсылыққы үйретіп
Сөзі толы нақылға жамандыққы шектейді
татитын бай ақылға әжеме ешкім жетпейді
Инабат Ата отыр кәріміз, Ерасыл, Ұлдардың үлкені
Қуат берер дәріміз. Сезім бір туған ағам бар
Әулиедей аялап, қыздардың үлкені
Ардақтаймыз бәріміз! Бір туған апам бар
Балалар ал енді кім мақал-мәтелді кім айтады?
Нұршат Балалы үй базар, Алтай Інісі бардың тынысы бар, Баласыз үй қу мазар. Ағасы бардың жағасы бар.
Асқар Атаның көңілі балада, Ирада Ананың сүті — бал, Баланың көңілі далада. Баланың тілі — бал.
Дидактикалық ойын: «Кім жоқ».
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады. Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Жарайсыңдар балалар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды сау болыңыздар.
Нені біледі: Отбасы мүшелерін ажыратуды және олармен дұрыс қарым қатынас жасауды білді Білуі керек: Үлкенді сыйлауды, құрметтеуді, дұрыс сәлемдесуді білуі керек Түсіне біледі: Отбасына деген жылы сөздер айтуды, мейірімді, адал болуды