1.Картинада нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді үйрету. Жұмбақ мазмұнын аша білуді үйрету.
2. Бөлініп алынған нысадарды сызба арқылы қосуды, олар жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Зат есімдерді сипаттауды жаттықтыру. Зейіндерін, естерін, байқағыштықтарын, шығармашылықтарын, қиялдарындамыту.
3. Достыққа, бір-бірін тыңдауға, үлкен сөзін бөлмеуге тәрбиелеу. Өз ойларын толық айтып, өз көзқарасымен дұрыс бөлісуге тәрбиелеу.
Құралдар: «мысық пен мысықайлар» картинасы, ақ қағазда салынған мысықтың қаңқасы, «сиқырлы» фломастерлер, нысандардың үлгілері, сиқыршылар суреттері, сиқырлы таяқша, мольберт.
Балалар біз қазір әдемі шеңбер құрып бүгінгі күнге алғысымызды білдіріп, бір – бірімізге жылы лебіздер айтып, шаттық сыйлайтын боламыз, сөйтіп көңіл – күйімізді бір көтеріп аламыз.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.
Тәрбиеші бүгінгі болатын жайттардың, сабақтың сиқырлы болатынын атап өтеді.
Сонымен сиқыр басталды. Балалар, біз қазір әдемі сиқырлы сөздермен суреттеп, мына алдарыңда тұрған мысықтың суретін қарап шығамыз. (тақтада ақ қағазға салынған мысықтың сүреті тұр. Кәне әдемі сөздеріңді аямай, мысықты суреттеңдер.
Мысықтың әдемі көздері бар
Мысықтың ұзын мамық құйрығы бар
Мысықтың тікірейген екі құлағы бар
Мысықтың майысқан әдемі мұрттары бар
Мысықтың оймақтай ауызы бар
Мысықтың ұлпа жүндері бар
Сөйтіп, мысық суреттеледі.
«Жақсы, жаман» ойыны
- Балалар, мысықтың жақсы жағы қандай? (тышқан ұстайды, ауырған жеріңді басады, бала болып ойнайды, еркелейді)
-Жаман жағы қандай? (тырнайды, сүт көпішеді, иірімді тарқатады).
-Дұрыс, сонда біз мысықты көбіне мейірімді, нәзік деп айтамыз.
-Енді бүгінгі сабақта осы суретімізді сиқырлап жіберсек қайтеді. Ол үшін бізге «сиқырлы таяқша» керек. Сендер көздеріңді жұмыңдар, ал мен сиқырлаймын.
Сиқыр – сиқыр болады, ғажайыпқа кенелтеді. (таяқшамен ауада иректер жасалады).
Енді ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Дүрбі».
Тәрбиеші сиқырлы таяқшасымен дүрбілерді жанап өтеді, сонда олар сиқырлыға айналады. Енді алақанымызды домалатын жасаған дүрбімізбен біз қазір картинаны қарастыратын боламыз. Ендеше бізге көмекке «Бәрінбөл» сиқыршысы келеді. Ол қазір бәрін жеке – жеке бөліп тастайды. (балалар нысандарды атап, бір – бірден картинадан бөліп ала бастайды, ал тәрбиеші оларды тақтаға іледі).
Біз тез бағдарлау үшін, ендеше осы мысық пен мысықайларға ат қояйық. Мысалы, үлкен мысық – Бағлан болсын, кішкене сары мысықай – Алтынай, сұр мысықай – Еркетай, қара аласы – Томпақ. Енді біз суретті қарастырғанда мысықтарды атымен атайтын боламыз.
Енді демалайық. Кімнің үйінде мысық бар, сендер мысықты қалай еркелетесіңдер?
-Балалар, бізге қонаққа «Бәріне стіптұрмын», «Бәрін қолыммен сипаймын», «Бәрін дәмін татамын» сиқыршылары келіпті. Олар бізді картинаның ішіне шақырып жатыр. Барамыз ба? Ендеше тағы да көзімізді жұмамыз. Мен сиқырлы таяқшамен сермейін. (көз жұмылып, таяқша сермеледі).
Ойын «Картинаға ену»
-Балалар, міне картинаға ендік, енді мысықтар отбасын шошытып алмау үшін, тыныш жүреміз. Кәне «Бәрін естимін» сиқыршысы бірдеңе айтқысы келеді екен. Ол: мен мысықтың пырылын естідім – дейді. Сендер не естіп тұрсыңдар?
- мен Алтынайдың сүт ішкенін естідім, ол ерке екен.
- мен Еркетайдың жіппен ойнағанын естідім. Тырнақтары қышып тұрған соң, жіпті тарқатты.
- мен Томпақтың мияулағанын естідім. Ол анасының жанынан шықпайды.
- мен себеттің құлағанын естідім. (осындай болжамдар айтылады) Үстел үстінде тұрған себет ауыр.
- Енді «Бәрін қолыммен сипаймын» деген сиқыршымыз бірдеңе дейді. Ол: «мен алашаны сипадым, ол қатты екен» деді. Сендер ше?
- мен себетті сипадым, ол бұдыр.
-мен Бағланды сипадым, ол жұмсақ екен.
- мен Еркетайды сипадым, ол кішкентай, нәзік екен. (т.с.с. шағын әңгімелер құрастыра беруге болады).
- Енді көзімізді қайтадан жұмайық, картинадан шығып, тобымызға қайтайық. Сиқырлы таяқшамен сермейін.
Кейіпкерге айналған балалар өз атынан әңгіме айтады:
Мен Бағланмын, үлкенмін, балаларымды жақсы көремін. Олар ерке. Сүт ішкенді ұнатады.
Мен Еркетаймын. Атыма сай еркемін. Сүт тәтті болған соң оны ішкім келе береді.
Мен Томпақпын. Кішкентаймын, көбіне сеанамның жанында ұйықтағанды жақсы көремін.
Мен үстелмін. Қаттымын, мені ағаштан жасайды. Менің үстіме көп заттар қойылады.
Мен Алашамын. Т.б.
(әңгіме құрастырылады)
-Балалар сонымен картинаны қарастырған қызық болды ма? Біз оны әлі басқа қонақтармен қарастыратын боламыз. Енді осы картина бойынша шағын әңгіме құрастырып көрейікші. Әңгіменің басы, ортасы, аяғы болатынын бәрлерің білесіңдерғ ой. Суретте нелер бар екен? Олар не істеп жатыр?
Қорытынды
-Балалар маған сендердің әңгімелерің өте ұнады.
-Қалай ойлайсыңдар, сөзбен кім әдемі суреттеді? Кім суретші екен?
- үйтапсырмасы: үйде осы айтылған әңгімеге байланысты суретті өздерің аққағазға бояумен салып келесіңдер. Келесі жолы сол суреттерді қарастырамыз.
Ал енді, балақайлар, сабағымыз аяқталды. Бірақ соныңда біз осы суретке ат қояйық.
-Суретке қандай ат қойсақ екен? Кім ойлап табады?
-«Мысықтар», «Мысықтар отбасы», «Мысықайлар ойнап жүр», «Мысық пен мысықайлар». Барлық қойылған аттарың тамаша. Негізі бұл картинаның суретші қойған атауы «Мысық пен мысықайлар».