Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Сәбіз»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың сәбіз туралы білімдерін, оның адам ағзасына пайдасы көп екендігі туралы түсініктерін арттыру.
Дамытушылық: Балаларға осы түсініктерді бере отырып, ақыл – ойларын, тілін дамыту, байланыстыра сөйлей білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ – жауап, сергіту сәті, қорытынды, мадақтау.
Сөздік жұмыс: Сәбіз, дәрумен.
Көрнекілік: Сәбіз.
Пән аралық байланыс: тіл дамыту, жапсыру.