kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Сиқырлы қап" (тактильді қимылды ойын)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабаққа қатысқан балалар: Эгэмбердиева Д. Муканов А. Алиев Р.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Сиқырлы қап" (тактильді қимылды ойын)»

Байланыс дағдыларын дамыту.

Тақырыбы: «Достық әлеміне саяхат »

Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында бірігіп ойнап, сурет салу арқылы

достыққа, мейірімділікке тәрбиелей отырып ойнату. Балалардың өз

құрдастарымен өзара әрекеттестікті жетілдіру арқылы көңіл-

күйлерін көтеруге ықпал ету.Қол моторикасын дамыту.

Сабақтың түрі: ойын түрі.

Әдіс-тәсілдер: ертегітерапия, арттерапия, құмтерапия, әуенді ойын,сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтары: ертегінің макеттері (шалқан, ата, әже, қыз, ит, мысық,

тышқан), үстел-ваннасы, ұсақ ойыншықтар, түрлі-

түсті қарандаштар, ватман.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Балалар, бүгін біздің сабағымызға келген қонақтармен амандасайық, ендеше алақанымызды жүрегімізге қойып, өзіміздің жүрек жылуын қонақтарға сыйлайық.

Бүгінгі «Достық әлеміне саяхат» тақырыбы сабағымызда біз әрдайым дос болсақ және бір-бірімізге көмектессек барлық қиыншылықты жеңетінімізге көз жеткіземіз.

Бүгін біз бір-бірімізбен өзгеше амандасамыз. Сондықтан да

«Сәлемдесу» ойыны

Казір біз сендермен «Сәлемдесу » ойын ойнаймыз, айтылған сөзге байланысты қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез амандасасыңдар. Бір-біріңмен әртүрлі дене мүшелерімен , яғни көзбен, қолмен, құлақпен, бетімен, баспен, саусақпен, иықпен, аяқпен амандасасыңдар .

Енді балалар «Достықтың қалай пайда болатыны» жөнінде бейне таспа үзіндісін тамашалаймыз.
Ал енді достығымызды арттыру үшін ертегітерапия, арттерапия, құмтерапия және әуенді ойындарға белсене қатысып достықтың сиқырлы әлеміне саяхатқа шығайық .

І. Құм әлеміне қонаққа барайық.

- Жұмысымызды бастамас бұрын, алдын ала біз «Құммен жұмыс» кезіндегі ережелер тәртібін есіне алайық. 

Балалар сендерге бір айта кететін жағдай: ыдыстағы құмды адамға қарай шашуға, құмды ұстаған соң қолды ауызға салуға және жеуге болмайды. Құммен ойнап болған соң қолды жақсылап ылғалды қол сүрткішпен сүртіп немесе қолды жуу қажет. Осы ережелерді есте сақтайық.

Балалармен құм салынған үстелге жақындаймыз.

Ал енді кұммен амандасамыз. Ол үшін алақанмен құмға «Сәлеметсізбе?» деп із қалдырамыз.

-Балалар құмды алақаңдарыңмен ұстандар. Қатты ма, жұмсақ па,

құрғақ па, сулы ма? Соны сезінулерің қажет.

Ал енді құммен ойнайық:

1.«Кім жылдам» - ойынында алдарына берілген ыдысқа саусақтар арқылы құмды толтыруларың керек.

2.«Жасырылған ойыншықты тап» - ойынында құмға бірің жасырған ойыншықты келесі адам табуы қажет.

Енді қолдарымызды ылғалды қол сүлгімен сүртейік.

Олай болса «Құм қаласына» қолымызды жүрегімізге қойып «Рахмет саған құм» деп бәріміз бірге айтайық.

ІІ. Балалар енді біз бәріміз бірге ертегілер әлеміне қонаққа барайық.

Психолог: Бүгінгі бізде орыс халқының «Шалқан» ертегісі, сондықтан да балалар әр кейіпкерлердің кейіпін бөліп алып, шалқан ертегісін сахналайық.

Балалар: Ия.

Психолог: Онда рольдерді бөлейік.

Психолог: Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болып ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды суыра алмайды. Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суыра алмайды. Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқаңды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйырығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқанды сурып ала алмайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып алады.

Ал енді балалар шаршаған шығарсыңдар, сондықтан да сергіту жүргізейік.

ІІІ. Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ-топ».

Ал енді балалар біз енді қаламдар әлеміне сапарға шығайық.


ІҮ. «Біз доспыз, сондықтан да бір-бірімізге қуаныш сыйлайық!» - арттерапия (әуен ойнатылады).

Берілген достықтың бейнесін бір-бірімізге қуаныш сыйлайтын түстермен бояп, көңілімізді көтерейік. Жұмысты аяқтаған соң қорытындысын талдаймыз.

Ү. «Достық серті» (бейне таспа үзіндісін тамашалайық).

Қорытыңды: Балалар шеңбер жасап отырады. Оларға бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын, көңіл-күйлері көтерілді ме, бір-бірлерімен дос болу ұнағаны туралы сұрақтар беріледі. Оған балалар жүрек таяқшасын бір –біріне бере отырып бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандығы жөнінде өз ойларымен бөліседі.










































Тақырыбы: «Достықтың сиқырлы әлеміне саяхат »

Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында бірігіп ойнап, сурет салу арқылы

достыққа, мейірімділікке тәрбиелей отырып ойнату. Балалардың өз

құрдастарымен өзара әрекеттестікті жетілдіру арқылы көңіл-

күйлерін көтеруге ықпал ету.Қол моторикасын дамыту.

Сабақтың түрі: ойын түрі.

Әдіс-тәсілдер: ертегітерапия, арттерапия, құмтерапия, әуенді ойын,сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтары: ертегінің макеттері (шалқан, ата, әже, қыз, ит, мысық,

тышқан), үстел-ваннасы, ұсақ ойыншықтар, түрлі-

түсті қарандаштар, ватман.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Балалар, бүгін біздің сабағымызға келген қонақтармен амандасайық, ендеше алақанымызды жүрегімізге қойып, өзіміздің жүрек жылуын қонақтарға сыйлайық.

Бүгінгі «Достықтың сиқырлы әлеміне саяхат» тақырыбы сабағымызда біз әрдайым дос болсақ және бір-бірімізге көмектессек барлық қиыншылықты жеңетінімізге көз жеткіземіз.

Шаттық шеңбері

Күн шығыпты, алақай

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіз бе ?

Бәріміз күндей жарқырайық,

Бәріміз тату болайық!- енді бір-бірімізбен амандасайық.

Бүгін біз де өзгеше амандасамыз. Сондықтан да

«Сәлемдесу» ойыны

Казір біз сендермен ойын ойнаймыз, айтылған сөзге байланысты қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез амандасасыңдар. Бір-біріңмен әртүрлі дене мүшелерімен , яғни көзбен, қолмен, құлақпен, бетімен, баспен, саусақпен, иықпен, аяқпен амандасасыңдар .

Енді балалар «Достықтың қалай пайда болатыны» жөнінде бейне таспа үзіндісін тамашалаймыз.
Ал енді достығымызды арттыру үшін ертегітерапия, арттерапия, құмтерапия және әуенді ойындарға белсене қатысып достықтың сиқырлы әлеміне саяхатқа шығайық .



І. Құм қаласына қонаққа барайық.

- Жұмысымызды бастамас бұрын, алдын ала біз «Құммен жұмыс» кезіндегі ережелер тәртібін есіне алайық. 

Балалар сендерге бір айта кететін жағдай: ыдыстағы құмды адамға қарай шашуға, құмды ұстаған соң қолды ауызға салуға және жеуге болмайды. Құммен ойнап болған соң қолды жақсылап ылғалды қол сүрткішпен сүртіп немесе қолды жуу қажет. Осы ережелерді есте сақтайық.

Балалармен құм салынған үстелге жақындаймыз.

Ал енді кұммен амандасамыз. Ол үшін алақанмен құмға «Сәлеметсізбе?» деп із қалдырамыз.

-Балалар құмды алақаңдарыңмен ұстандар. Қатты ма, жұмсақ па,

құрғақ па, сулы ма? Соны сезінулерің қажет.

Ал енді құммен ойнайық:

1.«Кім жылдам» - ойынында алдарына берілген ыдысқа саусақтар арқылы құмды толтыруларың керек.

2.«Жасырылған ойыншықты тап» - ойынында құмға бірің жасырған ойыншықты келесі адам табуы қажет.

Енді қолдарымызды ылғалды қол сүлгімен сүртейік.

Олай болса «Құм қаласына» қолымызды жүрегімізге қойып «Рахмет саған құм» деп бәріміз бірге айтайық.


ІІ. Балалар енді біз бәріміз бірге ертегілер әлеміне қонаққа барайық.

Психолог: Бүгінгі бізде орыс халқының «Шалқан» ертегісі, сондықтан да балалар әр кейіпкерлердің кейіпін бөліп алып, шалқан ертегісін сахналайық.

Балалар: Ия.

Психолог: Онда рольдерді бөлейік.

Психолог: Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болып ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды суыра алмайды. Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суыра алмайды. Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқаңды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйырығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқанды сурып ала алмайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып алады.

Ал енді балалар шаршаған шығарсыңдар, сондықтан да сергіту жүргізейік.

ІІІ. Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ-топ».

Ал енді балалар біз енді сурет әлеміне сапарға шығайық.


ІҮ. «Біз доспыз, сондықтан да бір-бірімізге қуаныш сыйлайық!» - арттерапия (әуен ойнатылады).

Берілген достықтың бейнесін бір-бірімізге қуаныш сыйлайтын түстермен бояп, көңілімізді көтерейік. Жұмысты аяқтаған соң қорытындысын талдаймыз.

Ү. «Достық серті» (бейне таспа үзіндісін тамашалайық).

Қорытыңды: Балалар шеңбер жасап отырады. Оларға бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын, көңіл-күйлері көтерілді ме, бір-бірлерімен дос болу ұнағаны туралы сұрақтар беріледі. Оған балалар жүрек таяқшасын бір –біріне бере отырып бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандығы жөнінде өз ойларымен бөліседі.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ "Сиқырлы қап" (тактильді қимылды ойын)

Автор: Жармуханбетова Дина Бейсериковна

Дата: 27.01.2018

Номер свидетельства: 452859


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства