Просмотр содержимого документа
«Ата-аналарға арналған "Менің балам-менің болашағым" психологиялық тренинг»
Мақсаты: Ата – анамен бетпе – бет кездесе отырып, жас ұрпақ тәрбиесі туралы пікір алмасу. «Балам – менің болашағым» деген ұымда тақырыптық талдау.
1.«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен
Кіріспе сөз.
Қазіргі заманымыздың басты мақсатының бірі – жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына ата – ананың, тәрбиеші. Бұл істе асығып шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімдерді тәрбиелеу деген баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық – қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу.
«Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам» - деген болатын грек философы Эпиктет. Бала әр ата – ананың болашағы. Ол - өмірінің жалғасы. Балам – менің болашағым дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?
2. Ассосиация
Ассосиация жасау
Ата – аналар жауабы: (мысалы)
өмірімнің жалғасы;
асыраушым;
ізбасарым;
мұрагерім;
көмекші, ақылшым;
жанымның саясы, үмітім; т. б.
Біздің өз ұрпағымыздан күтеріміз көп. Біз тәрбие үдерісінде баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. т. с.
Жағымсыз мінез деген сөзге мән берейік. Қандай жағымсыз қылықтарды балаңызға тілемейсіз?
Ата – аналар жауабы: (мысалы)
еріншектік;
жалқаулық;
мақтаншақтық;
сарандық;
ызақорлық;
ашуланшақтық;
3- психо-жаттығу Орындыққа жайлы отырып,денемізді бос ұстаймыз, демімізді мұрнымызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауыспен “ А” - дыбысын айтыңыз. Ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді; “ Е” - қалқанша без жұмыстарына әсер етеді; “ И” - миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді; “ О” – жүрекке, өкпеге әсер етеді; “ У” – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді; “ Я” – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді; “ М” – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді; “ Х” – ағзаның тазаруына көмектеседі; “ ХА” – көңіл-күйді көтеруге әсер етеді
4. пікір алмасу
А)Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? Өз балаңыз тарапынан басқа балаларға әлімжеттік жасаған тұстарын байқадыңыз ба?
Ә)Сіз балабақшаға таңертең балаңызды әкелгенде үнемі кешігіп келесіз.Сылтау айта-айта тіпті өзіңіз ұялатын болдыңыз. Бүгін тағы да кешіктіңіз, жағдай солай болды. Сіз ұялғаннан өтірік сылтау айта саласыз ба? Қайтесіз?
Б) Балаңыз ертеңгілік кезінде жаттатып қойған тақпақтары немесе үйретіп қойған биді білмей қалды, сіздің үйге барғандағы әрекетіңіз?
В)Балаңыздың жақсы тұлға болып қалыптасуы үшін сіз қандай тәрбие беруіңіз керек? Осы тұста балабақшаның пайдасы бар ма? Қай жағынан?
Г)Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба? Бір мысал келтіре кетіңіз.
5. «Тілек ағашы».
-Құрметті ата-аналар. Біз сіздермен «Балам – менің болашағым» деген ұғыммен танысуға тырыстық. Баланың болашағы берік болу үшін ата-ананың маххабатының маңызды екненің білеміз№ Енді бүкіл сол махаббаттарыңызды , алдын ала салынып қойлған балапандырыңыздың алақанның суретіне салып ағашқа ілулеріңізге болады.