Баланы мектепке
дайындау.
Мұнайлы ауданы
Алғашқы қоңырау-мектепке баратын балаға да, оның ата-анасына да аса қуанышты күннің бірі. Бала да, ата-ана да 1-қыркүйекті-білім күнін ерекше күтеді. Баланың өсіп-есеюі, оның өміріндегі әрбір елеулі жаңа баспалдақтар-ата-ана үшін әрқашан да мерекедей құрметті, қуанышты оқиға, ұстаздар болса балаларды қарсы алу, оған салтанатты, қуанышты жағдай жасау үшін жақсы әзірленуге, оқу жұмысының барысында кездесіп қалатын ұсақ-түйік мәселелердің болмауын қадағалап-ақ бағады. Алайда баланы мектепке сырттай еліктеп, қызықтауы, оқу-жабдықтары мен қамтамассыз етілуі, оның оқу ісіне дайындығын дәлелдемейді. Баланы мектепке дайындау дегенді біз үстірт түсінбеуге тиіспіз. Балаларды сызу мен жазуға үйретумен қатар олардың дене құрлысының өсіп жетілуін, ой-өрісінің кеңейюін, көрген білгендерін, оқыған ертегілерін айтып беруге дайындауымыз керек. Бала алты жастан аса бастағанда дене түзілісі жедел дамиды. Жүйке жүйесінің тұрақты жұмыс істеу қабілеті артады. Қол буындар мен саусақтрының қимыл-қозғалысы дамиды. Бұл жастағы баланың сөздік қоры молая түсуіне байланысты айналадағы өмірі мен үйі ішіндегі адамдармен қарым-қатынасы күрделене түседі. Олар дене, ой еңбектеріне бейімделіп, өздігінен белгілі еңбек түрін атқарады. Ересек адамдармен қатарласа жүріп, қарапайым жұмыстарды орындауға әрекет жасайды. Қабылдау процестері белгілі бір мақсатқа бағытталады. Байқампаздық қасиеттері дамиды.
Баланың осындай ерекшеліетерін дамыта, жетілдіре түсуде отбасындағы күн тәртібінің де маңызы зор.