Екі кезекші бала көмекші тәрбиешіге ертеңгілік асқа үстелді жасап әзірлеуіне көмекке келеді,орындықтарын алып үстелге қойып,қолдарын жууға барады.Қолдарын жуып келген сон арнайы кезекшілікке арналған алжапқыштарын тағып,кезекші міндеттеріне кіріседі.
Кезекшілер үстелге сүлгілерді арнайы ыдыстарына салып,әр үстелдерге таратады.Келесі нанға арналған тәрелкені,және нандарды таратып қояды.Одан кейін саптаяқтарды таратып ботқаларын әкеліп қояды. Ас дайын болған соң көмекші тәрбиешінің қасында тұрады.
Тәрбиеші балаларды үстелде отыру тізімі бойынша кезекпен тамаққа жібереді.
Бірінші үстелдін балалары орындықтарын алып,үстелге қойып қол жууға қатарға тұрады.Артынан басқа балаларда кезекпен келіп орындықтарын қойып,қатарға тұрады.
Қол жууға тұрған балалар мәдени-гигиеналық қысқаша тақпақтарын айтады.
Қол жуу кезінде жеңді түріп, мұқият қолды жуып, өз сүлгілеріне сүртеді.
Тәрбиеші қол жуып жатқан балаларды қадағалайды. Қолын жуып болған балалар өз орындарына отырады, басқа балалар отырғанша тосады.
Тәрбиеші балаларға аяқтарын жинап,орындықтарын жақындатып,арқаларын тік ұстап түзу отырулары керектігін ескертеді.Барлық үстелдін балалары отырып болғаннан кейін,балалар өздерінің ас ішіп отырған кезде қалай отырулары керектігі туралы тақпақтарын айтады.
Тәрбиеші таңғы ас мәзірімен таныстырып, «астарың дәмді болсын» деп тілейді.
Ас қабылдау үстінде тәрбиеші балалардың үстелдерін аралап жүріп балаларға үстелде дұрыс отыруларын, қасықты дұрыс ұстап,асты қасықпен алып жеуін, төкпей- шашпай тауысып ішуге кеңес беріледі.
Нанның қасиеті жайлы қысқа нақыл сөздер айтылады.
Мысалы:
«Нан тағамның атасы»,
«Нанды шашпай, үгітпей жейміз».
Астың құрамында дәрумендер көп, тауысып жесек деніміз сау болады.
Сол сияқты кеңестер беру арқылы тамақты тауысып жеуге ынталан-дырамыз.
Балалар тамақтарын тауысып болған соң, сулық қағазбен ауыздарын сүртеді. Асқа рахмет айтып,
көмекші тәрбиешіге бірінші үстелдің балалары ыдыстарын ақырындап тасып апарады,осылайша басқа үстелдердің балалары да кезекпен ыдыстарын апарып, орындықтарын алып орындарына отырады.