Просмотр содержимого документа
«"Ата-аналарға күн тәртібі жөнінде кеңес"»
Ата-аналарға күн тәртібі жөнінде кеңес
Орыстың атақты физиологы Н.Е.Веденский «өмірдің жоспарсыздық пен тәртіпсіздігі жүйке жүйесін тез қажытады және ағзаның әлсіздігіне әкеледі» деп жазған болатын. Оның белгілеуі бойынша адам көп жұмыс істегеннен соншалықты шаршап, шалдықпайды, керісінше өз жұмысын дұрыс ұйымдастырылмағандықтан.
Дені сау баланы тәрбиелеудің негізгі шарттарының бірі – орынды гигиеналық тәртіп, яғни сауықтырушы жаттығулармен толтырылған айқын өмір тәртібі: дене шынықтыру, таза ауадағы ойындар, спорт.
Барлық физиологиялық процесстер адам ағзасында белгілі-бір ырғақпен жасалады. Сондықтан баланы қатаң кезектесіп отыратын сергектік, ұйқы, ойын, демалу, тамақ ішу тәртібіне үйреткен маңызды. Міне осылай балалық шақтан пайдалы әдеттер мен білімдер қалыптасады. Оларды тәрбиелеу денсаулықты нығайту мен жұмыс қабілетін жақсартуға зор септігін тигізеді.
Егер балалар қатаң тәртіпке үйретілмеген болса, онда олар күйгелек, шолжан, қызба жүйке жүйелі болып өседі. Олар өзінің бітпейтінін шолжандылығымен өздерін ғана күйгелектендірмей ата-анасын да тепе-теңдіктен шығарады. Мұндай жағдайда тәжірибесіз ата-аналар өз балаларына тыныштандырғыш дәрілер және емдеу қажет деп санап дәрігерлерге хабарласады. Бірақ олар бала үшін ең жақсы дәрі болып оның дұрыс өсіп дамуына керекті күн тәртібін сақтау қажет екендігін түсінбейді. Бала белгілі уақытта тұруы, жатуы, таңғы, кешкі асын ішу керек. Сонымен қатар күн тәртібінде серуендеу мен ойындарға да уақыт бөлу керек. Шулы қозғалмалы ойындар едәуір байсалды ойындарға ауыстырылуы керек.
Бала үшін күн тәртібін жоспарласаңыз осындай мысалды күн тәртібін ұсынуыңызға болады.
Мектепке дейінгі балаларды күніне төрт рет әр 3-4 сағаттан кейін тамақтандыру, 3-4 жасқа дейінгі балалар күніне 2 сағаттан, түнде 12 сағат ұйықтауы керек, ал 5-6 жастағы балалардың ұйқысы күндіз 1,5 сағат, ал түнде 11 сағатты құрайды. Балалардың қандай да болсын жыл мезгілінде және ауа-райында серуендеу керек. Бұл олардың жақсы шынығуына және суық тию ауруларын тұрақты болуына көмектеседі. Қыс пен күз мезгілдерінде балалар күніне таза ауада 4-5 сағат болуы керек: 2-3 сағат түскі асқа дейін және 2 сағат күндізгі ұйқысынан кейін ал көктемде және жазда ұйқыдан басқа барлық уақытта.
Баланың қозғалыстағы табиғи сұраныстарын қанағаттандыратын шынықтырушылық жаттығуларды міндетті түрде күн тәртібіне қосу керек. Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтырушылық жаттығулар арқылы бала өз уақытында қозғалу әдістемелерін және білімдерін ұғады.
Күн сайын таңертеңгі гимнастиканы жасап отырғаны жөн, оған 5-10 минут бөлінеді. Балаларға серуендеу уақытында қозғалмалы ойындар ойнау керек, ол 10-20 минут және күніне 2 реттен кем болмауы қажет.
Отбасында дене шынықтырумен айналысу қозғалыс тапшылыған толтыруға көмектеседі. Қозғалыс көлемін күніне жасалған қадамдар санымен анықтауға болады. 3 жастағы балалар үшін күніне қадамдар саны 9-9,5 құрауы керек.
Бақылау барысында бала өз жасы үшін аз қозғалатынын байқасаңыз жылдам түрде шара қолдануыңыз керек.
Міндетті түрде баланың көбірек қозғалысына әсер етіңіз, әсіресе бала жүргісі келмей шалдығып, отырғысы келеді.
Күн тәртібін дұрыс сақтау және дене шынықтыру жаттығуларын уақытында орындау бала ағзасының дамуына белсенді және қарқынды әсер етеді.