Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай естеріне сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, көрсету, түсіндіру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: суреттермен жұмыс.
Қажетті көрнекі құралдар: Ата мен әженің суреттері,отбасы суреті,слайд, үлестіомелі материалдар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай естеріне сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, көрсету, түсіндіру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: суреттермен жұмыс.
Қажетті көрнекі құралдар: Ата мен әженің суреттері,отбасы суреті,слайд, үлестіомелі материалдар.
Тәрбиеші: -Балалар, 1-қазан «Халықаралық қарттар күні» деп белгіленген. Осы мерекемен сіздердің аталарыңыз бен әжелеріңізді құттықтаймыз. Қарт адамдарды мадақтап, оларды ешқашан естен шығармау біздің міндетіміз.
-Қане, кім айтады ата мен әже деген кімдер?
Балалар: Олар отбасы мүшелері. Отбасындағы ең үлкен адамдар.
Тәрбиеші: -Тамаша, дұрыс айтасыңдар, ата-әже туралы қандай өлең жолдарын білеміз екен?
Балалар:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар,
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Әже мейір күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңдар аталар мен әжелер.
Тәрбиеші: -Балалар, мен қазір сіздерге жұмбақ жасырайын, жауабын тауып көріңіздерші?
Тәрбиеші: - Дұрыс жұмбақтың шешуі отбасы екен. Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Бұл суреттен кімдердің суретін көріп тұрсыңдар. (Слайд арқылы отбасы мүшелерінің суреттері көрсетіледі)
Мақсаты: Отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.
Шарты: балаларға отбасы мүшелері бейнеленгенүлестірмелі материалдар ұсынылады. Оларды қарандаш көмегімен ретімен орналастырады.
Сергіту сәті:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
( балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды)
Шығармашылық жұмыс: «Тақия»
Тәрбиеші: - Балалар, қараңыздаршы мына суретте әжеміздің немересі тақиясын жоғалтып алыпты. Бізден көмек сұрап отыр. Біз әжеге тақия жасауға көмектесемізбе?
Балалар: -иә
(балалар алдын ала дайындалған материалдардан тақияны жапсырады)
Ойын сұрақ: «Көңілді доп»
-Отбасындағы ең үлкен адам?
-Кімді жақсы көресің?
-Отбасы мүшелерін ата?
-Анаңа қалай көмектесесің?
-Үйде қанша адам тұрасыңдар?
-Үйге қонақ келгенін жақсы көресің бе?
Мақал-мәтелдер:
-Үлкенге әрдайым сәлем бер.
- Үлкенге қарсы шықпа.
- Үлкеннің батасын қабыл ал.
- Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
- Кәрі, кәрінің сөзі-дәрі.
- Ақылды қария-ағып жатқан дария.
Іс-әректеттің бағалау кезеңі:
Қорытындылау
-Бүгінгі оқу іс-әрекеті сіздерге несімен ұнады?
-Отбасы мүшелерін тағы бір қайталап өтейікші?
-Қандай тапсырма сіздерге қызықты болды?
-Балалар, әрқашан үлкендерді ардақтап өтейік. Оларды сыйлап, қадірлейік. Ендеше, балалар сіздерде адал, мейірімді, қайырымды азаматтар мен азаматшалар болып өсіңдер. Үлкендер алдында әр кез бас иіп жүріңіздер!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 1-қазан қарттар күнін, отбасы мүшелерін; өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, жақсылық пен қайырымдылықты, ата-аналарының қамқорлығы туралы түсіндіру;
Қандай түсініктерді игерді: отбасы мүшелерін ажырата алады;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ата-аналарын сыйлауды, адамгершілік қасиеттерін , әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді.