Просмотр содержимого документа
««Ауа және оның адам өміріндегі маңызы.»+ «Құмыра.»»
Ересек тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі
Конспект занятия организованной учебной деятельности в старшей группе
The lesson summary of organized educational activityfor the senior group
Өткізілетін күні: Дата проведения: The date: 8.02.2019
Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Рамазанова Э.Ж.
Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: «Таным»+
«Шығармашылық»
ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: Жаратылыстану+ Мүсіндеу.
Тақырыбы: Тема: Theme: «Ауа және оның адам өміріндегі маңызы.»+ «Құмыра.»(Заттық мүсіндеу.)
Мақсаты: Цель: Aim: Балаларды ауа түсінігімен таныстыру, адам өміріндегі маңызы. Ермексазбен балшықтың ленталық тәсілімен ыдыстарды мүсіндеуге үйретуді жалғастыру.
Міндеттері: Задачи:Tasks:
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Білімділік: Ауа туралы ұғым беру. Ауаның қасиетін меңгерту. Ауаның адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Дамытушылық: Тәжрибелер жасау арқылы оқушының танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Лабораториялық әдіс, тест сұрақ, жауап әдістері.
Құрал – жабдықтар: Оборудование: Equipment: Көрнекі суреттер, доп, шар, су, кішкентай шыны стақан мен парақ. Ермексаз, көрнекі суреттер т.б.
Алдын – ала жұмыс: Предварительная работа: Preliminary work: Түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.
Сөздік жұмыс: Словарная работа: Dictionary work: Ауа түссіз, иісі жоқ, көзге көріңбейді, жеңіл.
Вводная часть: Кіріспе:
Амандасу:
-Сәлеметсіздерме?!
Шаттық шеңбері:
Асапан ашық ,көгілдір
Күн шуағын төгіп тұр!
Қол ұстасқан біздерді,
Тереземнен көріп тұр.
-Жарайсыңдар балалар!
-Ал енді орнымызға отырып, сабағымызды бастаймыз.
Основная часть: Негізгі бөлім:
Тосын сәт.Қонақта доп пайда болады.
Тәрбиеші :
-Қане балалар қарайықшы,бізге не келіп қалған екен?
-Доп бүгінгі біздің сабағымызды тамашалаймын деп келген.
-Қане балалар,көрсетейік,қандай ақылды да тыңдаулы екендерімізді.
-Балалар біз бүгін сендермен қызықты тақырып өтпекшіміз,алдымен мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр:
-«Көзге көрінбейді,
Қолға ілінбейді.»
Ол не?
-Өте жақсы,балалар!
-Енді біз сендермен сурет арқылы ауа қайда болатының біліп алайық.Сонымен бірге біз ауамен не істейміз соныда біліп алғандарын жөн.(Суретпен жұмыс.)
-Ал енді балалар қазір мен сендерге сұрақ қоямын сендер дұрыс жауап берулерін керек.
Ауа қандай болады?
Ауамен біз не істейміз?
Ауа болмаса біз не істей алмаймыз?
Ауа қай жерлерде болады?
Ауаны тағы нелер қажет етеді?
-Жарайсындар балалар!Өте тамаша!
Сендер бүгінгі тақырып туралы көп нерсе біледі екенсіңдер!
Сергіту сәті. (Тәрбиеші артынан қайталап жасату.)
Ұзын мұртты құмырсқа. Кел жатыр жұмысқа, Алды допты қолына. Қойды допты жолына, Оңға қарады, солға қарады. Үлкен тау деп ойлады.
-Өте жақсы балалар!
Тәжірибе жасау. - Қалтаға ауа жинау, ауаның түссіз мөлдір екенін түсіндіру. - Шарды үріп ауа толтыр, ақырындап ауасын шығару. Жарты стакан су бетіне қағаз жауып, төңкеріп ұстау. Су жерге төгілген жоқ. Себебі, су бетінде де ауа болғандықтан ол жерге төгілмейді. - Допты соғып, балаларға соқтырып көрсету. Балаларға дем алдыру.
Қонаққа Әжей «Құмырасымен »келеді.
Тәрбиеші:
-Балалар қараңдаршы мынау кім,ал бұл не?
-Бұл жай құмыра емес,сиқырлы құмыра екен.
-Әжей маған өзі және Құмырасы туралы шағын ертегі әкеліпті.
-Қанекей бірге тамашалайықпа?
Сұрақ-жауап:
-Ертегіміз не туралы екен?
-Құмыралар не істейді екен?
-Қанша құмыра болды ертекте?
-Бір құмыра қандай?Ал екіншісі қандай екен?
-Сонымен балалар біз әжейге өз құмырасының екеуінің де жарық емес, әрдайым бүтін болып жүруі үшін қолымызбен «Құмыра»жасап беремізбе?!
Қауыпсіздік ережелерімен танысу.
Ойын:Әжейдің құмырасын тап!
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,сұрақтарға дұрыс жауап қайтара білуге жаттықтыру.