kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ауылдық жердің балабақшаларында оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Проблемы детских садов в сельской месности и пути их решения

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ауылдық жердің балабақшаларында оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелері»»

«Ауылдық жердің балабақшаларында оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелері»

Садыкова А.К., №24 «Аққу» МДҰ меңгерушісі

Ақтөбе қаласы


Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр.

Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесіне жаңалықтарын алу келумен қатар, мектепке дейінгі окыту мен тәрбиелеуге де көптеген талаптар қоюда. Жалпы білім берудің құрамдас бөлігі әрі алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің міндеті-әлеуметтік ортамен, отбасымен байланыс жасай отырып, сәбилерді жоғары рухта тәрбиелеу , білім беру, олардың дербес қасиеттері жетіле бастауына негіз қалау және мектептегі оқу ісіне дайындау, бейімдеу.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқутудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтандыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Баланы мектепке дайындауда дамыта окыту идеясын ұстану тәрбиешіден білімділікті , біліктілікті талап етеді. Әрине , ол тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.Шығармашыл тәрбиеші бұрынанан кележатқан класикалық педагогика жетістіктерінен іздей отырып, оны жаңа өнімді әдістерімен байытады

Мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оқыту субьектісі ретінде баланы санаймыз; оқыту мақсаты – баланы шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу; оқытудың кілті баланың іс-әрекеті; жетекші фактор – педагогтың қызметі.

Педагогтарға шығармашылық еркіндігін беру жауапкершілікті де жүктейді, сондықтан әр мекеменің басшысы келесі сұрастарға қарауы тиіс.

  • Біз қандай әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүріп жатырмыз?

  • Мектепке дейінгі ұйымға ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қандай жағдайлардың есебінен дамиды?

  • Әлеуметтік орта білім беру мәселелерін шешуге несімен көмектеседі?

  • Мектепке дейінгі ұйымға педагогика ғылым өкілдерінен, білім ұйымдарынан, депутаттардан, жергілікті органдарынан, құрылтайшыларынан қандай көмек қажет?

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі – жаңа идеяларды, жаңа бағдарламалар мен технологияларды жүргізуші, алайда зерттеулер көрсеткендей, қатардағы қызметкерлердің бастамалары мен қызығушылықтары да өте маңызды. Дегенмен ұжымның барлық мүшелері бірдей өздерінің шектеулі мүмкіндіктерінің арқасында барлық идеяларын және бағдарлама міндеттерін тиімді жүзеге асыра алмайды. Бірақ олар кәсіби шектеулі игеруге ұмтылуда. Қазіргі таңда педагогтар педагогикалық процесті жоспарлаудың қызметтерін ұйымдастырудың формаларын өз бетінше таңдайды.

Әкімшілік ұжымды өзін-өзі дамытуға бағыттайды және табысқа жеткендерді марапаттайды.

Егер бала өмір сүріп жатқан орта, оның ойынға зерттеуге, өзінің белсенділігін көрсетуге, құрбыларымен араласуға деген талпынысын қанағаттандыра алмаса, ол ашудан ызақор болады, қарым-қатынас жасауы қиындап, қатарларымен дұрыс араласа алмайды. Оқыту үрдісін ізгілендіру, жеке тұлғаға бағытталған қатынас бала әлеуметтенуінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Тәрбиеші әрқашан балалармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстану керек, өз топтарында балалардың дамуы мен білім алуына айрықша көңіл бөлу керек. Жыл сайын балалардың мектепке даярлығын зерттеу жұмысы, балалардың дене дамуының және денсаулық деңгейінің жүйесі есебі жүргізіледі, тақырыптық жоспарлаудың картасы құрастырылды. Меңгеруші балабақшашілік бақылауды ұйымдастырады, әдіскер оның түрлі формаларын қолданып күн тәртібін, жұмыс кестесін және жұмыс түрлерін жоспарлауға әдістемелік көмек көрсетеді.

Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтаудың маңызды факторы болып балабақшадағы және үйдегі денсаулықты сақтайтын орта, педаготың балалармен, ата- аналармен, мамандармен тығыз қатнасы болып табылады. Балалабақша сауықтыру инфоқұрылымымен толықтай жабдықталмағанмен де, күзгі, көктемгі мезгілде фитопрофилактика ұйымдастырылады (шөп тұнбалары, сарымсақ т.б). Дұрыс арқа жотасын қалыптастыру үшін дене шынықтыру жаттығулары, тыныс алу гимнастикасы өткізіледі. Күніне екі рет серуен ұйымдастырылады, дене шынықтыру сабақтары сабақ кестесіне сәйкес өтеді, аутотренингтер, қимыл - қозғалыс ойындары, балалардың денсаулық жағдайын бағалау өткізіледі. Балалар балабақшадан тыс жерлерге жаяу экскурсиялар мен серуендерге жие барады: паркке, көктемгі, күзгі егістік алқапқа, өзен жағасына, мұражайға. Балабақша ауылдың мәдени орталығы болып табылады, мұнда тұрақты түрде ата - аналардың қатысып тұруымен әр түрлі іс- шаралар өтіп тұрады.

Кез-келген қызметті жүзеге асыру үшін оны сауатты жоспарлау қажет, өйткені ол бағдарламаның концептуальды негіздерінің бірі болып табылады.

Ежелгі философ Сенека былай деген еді: «Егер адам өзінің кемесінің қай аймаққа бет алғанын білмесе, онда оған ешқандай жел жолсерік бола алмайды». Мектепке дейінгі ұйымның өткен жылдардағы жұмыс жоспарын таңдай келе, олардың балалармен қарым-қатынас жасаудың жаңа технологияларын үйретуге, бағдарлама бойынша ұйымдастырушылық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталғанын айтуға болады.

Ауылда не бәрі бір мектепке дейінгі мекеме бар, және ата-аналардың өз баласын дамыту бағытын таңдау мүмкіндігі болуы қажет. Баланың толыққанды дамуы үшін жағдайлар жасалуы қажет, балалардың физикалық, танымдық, әлеуметтік және тілдік дамуын қамтамасыз ете отырып, бала дамуында ойынды және ауыл өмірін жоғары қою. Қажет жерінде вариативтік қызмет жүйесін және отбасы қажеттілігіне сәйкес мектепке дейінгі бөлім беру қызметін ендіру және кеңейту, түзетушілік-дамушылық және сақтандыру бағдарламалары арқылы балалардың денсаулығын қамтамасыз ету, бала дамуын зерттеу негізінде жүргізу, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін есепке алу, шығармашылық қабілетін ашу керек.

Білім беруді дамытудың жаңа тенденциялары педагогтар мен қызметкерлердің өзара қатынасын ұйымдастыруда тұлғаға бағытталған қатынасты талап етеді. Білім беру үрдісінің басшысы ретінде меңгеруші тарапынан тәрбиешілерге тұрақты көмек көрсеріліп отыруы тиіс.

Мектепке дейінгі ұйымның сапасы қызметінің қажетті шарты - әр педагогтың өз білімін көтеруге ұмтылуы.

Қорыта келе егеменді еліміздің ертеңі тәрбие мен оқу біліммен өлшенеді. Ол үшін жан-жақты ізденіс, шығармашылыл педагогтар осы жоғарыда айтылған талаптарды ұғыну, ақыл ойды дамытуға, білім беру жұмыстарын талдауға, көмектесері сөзсіз. Бүгінгі заман басшылықта, оны жүзеге асыруда терең білімділікті, зор жауапкершілікті, мол эрудицияны талап етеді.

Бүгінгі білім – ХХІ ғасырдың берік тұтқасы, өйткені жаңа ғасыр – бәсеке ғасыры, білімділер мен біліктілер ғасыры, ұрпағымыздың әлемдік білімінің асқар шыңына шырқай алар ғасыры.


Әдебиеттер:

  1. Б.А. молдагалиев. Педагогикалық сөздігі, Орал,2004,-112б.

  2. Г.К. Селевко. Современные оброзовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное образование, 1998.-256 с

  3. Жайтапова А. Әлеуметтік-педагогикалық бейімделу. Ұлағат.-2001.-№1.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ауылдық жердің балабақшаларында оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелері»

Автор: Садыкова Альмира Кунтуовна

Дата: 25.01.2017

Номер свидетельства: 383551


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства