kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бағдаршам-біздің досымыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу қызметі

 Мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін пысықтау,оларды жүзеге асыра білуге үйрету.
Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бағдаршам-біздің досымыз!»

Жолың болсын жол ережелері.

Тақырыбы: “Бағдаршам-біздің досымыз!”

Мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін пысықтау,оларды жүзеге асыра білуге үйрету.
Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.
Құралдар: Бағдаршам,жаяу адам жүретін жолдың макеті,негізгі жол,жиек жол.
Методикалық әдіс-тәсілдері:Ойын түрінде көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап .
Сабақтың барысы:Балалар шеңбер болып тұрып,қимылмен :
•Армысыз,қайырлы күн!
•Армысыз,қайырымды Аспан-ата!
•Армысыз, мейірімді Жер-Ана!
•Армысыз ,шұғылалы Алтын –күн!
•Қуанайық,шаттанайық бәріміз!
•Күліп шықты күн бүгін!
•Бәріміз күндей жарқырайық!
•Бәріміз тату болайық!
•Бәріміз дос болайық!
Тәрбиеші: Қала көшелерінде жүйіткіген автомобильдер,троллейбустар,трамвайлар,мотоциклдер жүреді.
Жүргізушілер жол апатына ұшырамау үшін,жол ережесін сақтау керек.
Тәрбиеші: - Өмірімізді қатерден сақтайтын көшедегі көмекшіміз не?
Балалардың : -Бағдаршам
Тәрбиеші: Бағдаршамның неше көзі бар,түстері қандай?
Балалардың : Бағдаршамның үш көзі бар,олар қызыл,сары ,жасыл.
Тәрбиеші: Ендеше “Бағдаршам” ойынын ойнайық.
Жасыл көзі жанғанда – орнымыздан жүреміз,сары жанғанда – қол шапалақтаймыз,қызыл жанғанда –бір орында тұрып қаламыз.
Тәрбиеші: Көше қиылыстарынан қалай өтеміз?
Балалардың жауабы: Арнайы белгі арқылы
Тәрбиеші: Бағдаршам болмаса,көшенің келесі бетіне қалай өтеміз?
Балалардың : Алдымен сол жаққа,жолдың ортасына жеткенде оң жаққа қарап өтеміз.
Тәрбиеші: Балалар қай жерде ойнауы керек ?
Балалардың : Арнайы ойын алаңдарда.
Тәрбиеші: Ал енді ойын ойнайық.
Ойын “Жүргізушілер мен жолаушылар”
Екі баланы жүргізуші етіп тағайындап,қызыл жанғанда негізгі жолмен жүріп,өтіп орындарына барады.
Сергіту жаттығуы: Бағдаршам жанса қызыл боп,
Өтуге жолдан болмайды.
Егер ол жанса жасыл боп
Өт деп сені қолдайды
Тәрбиеші: Ал балалар тағыда ойын ойнайық . Ойын “Кім жылдам?”
- Жарайсыңдар балалар .
- Балалар бағдаршам туралы тақпақтар айтамыз.
Нұрсат: Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
“Тоқта”,”Сақтан”,”Жол ашық”,
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба

Самғар
:Ұмытпа жүру тәртібін
Ойыншық көрме сен оны
Құрметпен қара,жарқыным
Қызыл шам жанса от болып
Өтуге жолдың жоқтығы
Егер ол жанса жасыл боп,
Өтесің сонда,ұқ мұны

Аружан:Құмырсқадай құжынап
Зулап жатсын машина .
Жол тәртібін біл бірақ
Білмесе үйрет досыңа.
Балауса: Тротуармен өтерде
Оңға,солға қарағын
Далаң қақпай бекерге
Тап қауіпсіз аралын
Айзере:Алды-артыңа мұқият
Байқап алып сосын өт,
Асығам деп шұрқырап
Тартып жүрме қасірет.
Тәрбиеші: Балалар,енді жұмбақ шешейік
Жұмбақ шешу: Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ тоқта,жүр дейді.
Балалар : Бағдаршам
Тәрбиеші: Төрт аяғы дөңгелек
Адамсыз ол жүрмейді.
Балалар :Машина
Айбулан.Үлкен болдым десемде,
Ешкім маған сенбейді
-Жалғыз жүрме көшеде
Кішкентайсың сен, -дейді.
Үлкенмін ғой,міне мен
Ойыншықтарды жинаймын
Машинама мінер ем,
Орындығына симаймын.
Шырын:Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
Тәрбиеші:Үзеңсіз тептім,
Зымырап кеттім
Балалар: Велосипед
Рания: Жол тәртібін білейік
Есен-аман жүрейік.
Ережені біз жаттап
Тәртіпті ұлан болайық!
Тәрбиеші: Балалар,велосипедте көлікке жатады.Олай болса ,жарысып көрейік.Кім бірінші келсе,сол жеңімпаз атанады.
Ойын осылайша жалғаса береді.Сабаққа жақсы қатысқандарды атап,мадақтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бағдаршам-біздің досымыз!

Автор: Байшалова Рысты Баймуханбетова

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458329


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства