kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама мектепке дейінгі даярлық сыныптарға арналады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат"»

Тақырыбы: Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат.


Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінеді.

А.С.Макаренко «Ата –аналарға арналған кітабында» «Бала тәрбиесінде сіздің іс – қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде іске асады. Сіздің қалай киінетініз, сөйлейтініңіз , қалай күлгеніңіз, осы іс – әрекеттің барлығы бала үшін өте маңызды. Ал отбасында сіз дөрекелік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді. Жақсы перзент ата –ана қолындағы аманаты. Отбасында баланың жан дүниесін рухани пәктігін тәрбиелеген абзал. Отбасында ата – ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көріп өскен бала балабақша да , мектепте өз ісіне жауап бере алады.

Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге , бала бақытының шынайы бағбаны болуға ат салысқан жөн. Бала бақытының кепілі – ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.

Баланың нағыз азамат болуына жолдас – жорасы, достық қарым – қатынастары, мінез – құлықтары ықпал етеді. Олардың өзара қарым – қатынасына құрметпен қарау керек. Ата – ананың себепсіз ренжіп, қабақ шытып,оыс балаларды неге ертіп келесің ,басқа достар табылмады ма?... дегендей сөйлеуі дұрыс емес. Мұндай көзқарас баланың намысына тиеді, қатты мазалайды.

Сондай – ақ үй ішіндегі заттардың өз орнында болуының да мәні зор. Мысалы, ол бұйымдар шашылып жатса, ата –ана қарамаса, баланың мінезі де алқын – жұлқын тартып, бойынан сабыр кетеді. Баланың сабаққа тыңғылықты әзірленуіне тиісті жағдай жасау- ата –ананың тікелей міндеті. Ықыласымен оқымайтын баладан нашар оқушы шығады. Олардың көбі ата –ана бақылауынан тыс қалған балалар. Себебі, ата –ана жұмысты желеу етіп мектеп пен еш байланыс жасамайды. Тіпті баласының сынып жетекшісінің кім екенін білмейтін ата – ана да баршылық. Мұндай ата –аналардың балалары оқуға сүлесоқ қарайды, тәртібі нашар, жауапкершілікті сезінбейді. Үй тапсырмасын дұрыс орындамайды, жиі – жиі сабақ қалдырады. Әрине, осындай бақылаусыз қалған бала сапалы білім, өнегелі тәрбие алмайтыны белгілі.

Сынып жетекшісі, ол – қоғамның талабына сай белгілі бір сыныптағы оқу – тәрбие ұйымдастырушы басты тұлға. Ол оқушылардың таным әрекетін ұйымдастырып, олардың әлеуметтену процесін қалыптастырады. Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Соның ішінде негізі міндеті – қоғамның талабына сай азаматтәрбиелеу. Ол үшін сапалы, белсенді, ізгіленген, іскер, отаншыл тұлға қалыптастыру керек. Біртұтас педагогикалық процесі жүзеге асыру үшін:

  • Педагогикалық білім деңгейінің сапасы жоғары:

  • Педагогтің шеберлігі:

  • Мектептің педагогтік ұжымы мен ата –аналар және жұртшылықты бала тәрбиесіне тарта білу қабілетін игеру:

  • Идеялық сенімі айқындалған:

  • Тәрбие саласында теориялық және практикалық таныстығы жоғары:

  • Төзімділігі,шыншылдығы болуы керек:

А.С.Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған.

В.А.Сухомлинскийдің тілімен айтқанда : «Тек ата –аналармен бірге, жалпы күш –жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін». Себебі, жанұя мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын бірігіп анықтайды және құрады. Сондықтан да педагогикалық әрекетте сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі міндеттерінің көлемінің сан алуандығына байланысты ата – аналармен бірлескен жұмыстың маңызы ерекше. Соған қарамастан бүгінде мектептің ата –аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жасады: ата –аналар жиналысы,ата аналардың ашық күні, ата –аналардың жұмыс орындарымен байланысты, баланың отбасында болу т.б. сондықтан да ата –аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым –қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп қарау тиіс. Оқу – тәрбие процесін сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулері тиіс.

Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.Білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындары: гимназия, лицей пайда болды. Кейбір классикалық тұрғыдағы педагогикалық әрекет өзгеріске ұшырауда,соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:

  • Пән мұғалімі бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;

  • Сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;

  • Сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;

Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, құқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі , мектептің педагогикалық қызметі оның жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.

Баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін – өздері тани білуіне ,сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отыра , олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.

Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар \да жаңа сипатқа ие болуы керек. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің мағыздылығы жойылған жоқ. ол жаңа жағдайға сай өзара басты үш қызметті орындайды: Әр бағыттағы сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі.

Сынып жетекшісі – тұлғаның жан –жақты қалыптасуына жан – жақты үлес қосатын адам. Әрбір тұлғаның ішкі жан дүниесін жіті сезіне отырып, іс – әрекетін бақылап түсіну арқылы қоғамда өз орныны таба білетін азаматты тәрбиелеу.

Сынып жетекшісі жан –жақты, мәдениетті, еңбекқор, балаларды жақсы көретін , оқушының жан дүниесін түсінетін , керек кезінде қасынан табылатын жан болуы керек.







































Баяндама



Тақырыбы: Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат





Дайындаған: Рахметуллина Гулайым Рахметуллақызы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Баяндама "Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат"

Автор: Рахметуллина Гулайым Рахметуллақызы

Дата: 01.12.2020

Номер свидетельства: 565077

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Баяндама "Адамгершілікке т?рбиелеуді? ма?ызы" "
    ["seo_title"] => string(51) "baiandama-adamghiershilikkie-t-rbiielieudin-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "122039"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1414143816"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(156) "Та?ырыбы:  «Салауатты ?мір салтын жан?яда ?алыптастыруды? жолдары. Компьютерді? зияны» "
    ["seo_title"] => string(90) "tak-yryby-salauatty-omir-saltyn-zhanu-iada-k-alyptastyrudyn-zholdary-komp-iutierdin-ziiany"
    ["file_id"] => string(6) "177458"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424662694"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»"
    ["seo_title"] => string(59) "ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_arttyru_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "398144"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488802221"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1310 руб.
1870 руб.
1700 руб.
2430 руб.
1770 руб.
2530 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства