Просмотр содержимого документа
«Баяндама ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЛАРЫН, СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ.»
Ойын технологиясың оқушылардың сөздік қорларын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру арқылы құзырлықтарын қалыптастырудағы рөлі.
Зерттеу мақсаты: Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
- «сөйлеу тілі», «ойын» ұғымдарының теориялық сипатын анықтау;
- мектепалды даярлық тобында ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау және негіздеу;
Қазіргі талап - әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Мектепалды даярлық сынып балаларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Өзекті мәселелердің бірі болып отырған « Қазақстан – 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақтықтардың форумында» сөйлеген сөзінде оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс жүргізу.
Мектепалды даярлық сыныбында оқушылардың өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті,кез келген ортаға бейімделетін,
өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері, Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.
4. Коммуникативтік ойын. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
7. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.. Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.»
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.
Ойын технологиясы бойынша әр түрлі түрткінің тәсілдерін қолдану оқушылардың құзіреттілігін дамытуда, оқушының өзін- өзі дамытуда ерекше орын алады.
О
Тапқырлық,шыдамдылықты
қу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады.Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.
Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .
Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.
Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.Оқушылардың қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланамын. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді.
Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы, сауат ашу сабағында жаңа дыбыстармен танысуда «Сөз ойла, тез ойла»ойыны. Ойынның шарты сөзді дұрыс оқып айтқан балаға текшелер. Кім көп текше жинайды сол жеңеді.Ойын соңында жеңімпаз бала анықталады. Т дыбысы мен әрпін өткенде «Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады.
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу.
Мұғалім сөздің басқы буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды.
Мысалы, ПА-НА, ТА-НА, А-ТА, АЛ-МА. Т.б.
Келесі ойынның түрі – ұлттық ойындар. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, қосымша материал үшін баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақ үрдістерінде ұлттық ойындарды ойнату - баланың тілін ширатады, ойын дамытады, зейінділікке, ұстамдылыққа, ойлылыққа, зерделілікке, мергендікке баулиды.
«Сиқырлы қоржын», «тақия тастамақ», «асық ойыны», «сақина», «ақ серек, көк серек», «бәйге», ойындар балалардың ширақтық, қозғалғыштық, жинақылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, және физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймын. Мектепалды даярлық сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарлаған сайын, ойынның мазмұны да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс.
Оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, мінез құлқы, темпераменті, қабілеті, қызығушылықтары да әр түрлі. Баланың дамуына отбасының әлеуметтік жағдайлары да әсер етеді және балалардың даму процестері де әр түрлі болады. Ойын технологиясын сабақтарда қолдану арқылы оқушылардың сауат ашу сабағында білім сапасының диаграммасы
Жылдың басындағы және екінші тоқсандағы сауат ашу сабағы бойынша оқушылардың білім сапасының өскенін көруге болады. Жылдың басында білім сапасы 43% , ал екінші тоқсанның аяғында 58% көрсетіп, білім сапасының жоғарлағанын байқатты. Яғни, ойын технологиясын сабақтарда пайдалану тиімді деп айтуға болады.
Қорыта келгенде, бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.
Екінші деңгейдің мақсаты – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.
Үшінші деңгей ойынның шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді. [5].
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Аймағанбетова Б.Р.,.Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы. Алматы
1991ж.
2. Мусаева С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшеліктер педагогикасы.
ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Фолиант» баспасы Астана – 2006
3. Нағымжанова Қ.М., Нұрғазиева Н.М. Бастауыш білім берудегі жаңа
технологиялар. Өскемен, «Медиа-Альянс», 2005
4. «Қазақстан – 2030» жолдауында, «Білім туралы заң», «Болашақтардың
Форумында» 2008 ж. Н.Ә.Назарбаев.
5. Қазақстан Республикасы «12 жылдық жалпы білім беру» концепциясы