kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама:"Шахмат және музыка"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Шахмат –музыка сияқты адамды бақытқа бөлей алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама:"Шахмат және музыка"»

«Шахмат –музыка сияқты адамды бақытқа бөлей алады.

Тарраш



Музыкада да, шахматтағы сияқты «орындаушылық» элементі бар - бұл дегеніміз міндетті түрде көрерменнің, концерт көруші немесе музыканы радио, теледидар, ғаламтор арқылы тыңдайтын адамның болуы шарт процесс немесе әрекет емес. Бұл шахматқа да қатысты. Шахматта музыкада сияқты талғам элементі жоғары –олар көрермендерге әрқайсысына өз талғамына сай орасан зор ләззат сезімін сыйлауы мүмкін. Біреулері Бетховеннің Бесінші симфониясын сүйіп тыңдайтын болса, екіншілері Чайковскийдің «Кішкентай аққулар биінен» рахат алатын болар.Шахматта да дәл солай: біреулері Кизерицкийдің Мәңгіжасыл партиясын кереметтей көрсе, екіншілері 1938жылы АВРО-турнирдегі Ботвинник – Капабланканың партиясынан ләззат алады.

Шахматқа үлкен қызығушылық танытатын ұлы музыканттармен, пианист Николай Луганский және виоленчелист Александр Князевтермен бірге болған пресс-конференциядан кейін мен шахматты классикалық музыкамен салыстыруға шешім қабылдадым. Бұл тақырып әбден ашылған, шахматты жақсы көретін көптеген ұлы музыканттардың есімі белгілі, сондай-ақ музыканы да өте жақсы көрген шахматистер де бар.

Музыкада не болады? Кімде кім ойланып көрді ме соңғы кезде Баханың Голдбергский Вариациясын ешкім жазбайды да орындамайды да. Өйткені бұл шығарманы 30 жыл бұрын ұлы канадалық пианист Глена Гулда жазып «жауып» тастаған. Тек осы 3 жыл бұрын Гулда жазбасының сапасына сайма-сай келетін жазбаны көп жылдан бері Германияда тұратын, Баханың музыкасын орындайтын атақты орыс пианисті Евгения Королев жазған болатын. Ал Рахманнинованың ұлы үшінші фортопиандық концертін Николай Луганскийдің өз «жауып» тастаған болатын.

Зейін аударыңыз, егер музыкада түгелдей бір шығармалар «жабылып» қалып жатса, шахматта барлық партияның орындалмағаны немесе дебюттің өзі, жай ғана дебюттік нұсқа болып қалады. Тек кейде ғана Геннадий Сосонко сияқты 12-ші жүрісте h5-ті қолданған, (уақытша болса да) Айдаһар нұсқасын қайта жандандыратын энтузиасттар табылады.

Тағы да бір шахматты өнермен байланысты деп ойлаудың маңызды себебін айтып өтейін. Концертке дайындалып жатырған пианист қандай шығарманы қалайша орындайтынын біліп тұрады. Пианисттің өзіне тән орындаушылығын қоспағанда көрермендерге де, пианисттің өзіне де концертке дейін көптеген мәліметтер белгілі болады. Ал, мысалы әлем біріншілігінің матчына дайындалып жатқан шахматшыларда бәрі басқаша. Дайындық барысында «темір досын» қолдануына немесе дебюттік нұсқаны білуіне де қарамастан ойын басталғанда ойын өз бағытымен өрбиді, ойыншылар жақсы ойын көрсетуі керек.

Сөз соңында ұйымдастырушылар, менеджерлер, әкімгерлер туралы айтып өтейін. Олардың еңбектері шахматта да, музыкада да қажет етіледі. Бірақ музыкада ол қалыптасқан бизнес болса, шахматта оның жағдайы аса бір жақсы емес. Мысалы егер Чайковскийдің кезекті конкурсын ұйымдастыра алмаса да, бұл композитордың Бірінші фортопиандық концерті музыка тарихында мәңгі есте қалады. Ал егер ұйымдастырушылар 1911 жылы Сан Себастянда турнир өткізе алмаған болса, шахматтың жанкүйерлері ешқашан да Бернштейн – Капабланка партиясының соңын көре алмаушы еді.

Әлемдік біріншілікте өткен матч – тарихта алғашқы рет шахматты мәдениеттің түрі ретінде көрсететін матч болды. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Жалпы қабылданған тұжырым бойынша ШАХМАТ бұл – бойына өнер мен ғылым, спорт элементтерін жинаған ойын түрі. Дұрысы осы бағытта. Шахматта атлетикалық бастаманың жоқтығына қарамастан ешкім оның бойында спорт элементтері бар екеніне күмән тудырмаса, шахматтын ғылыми жағына шындап күмандануға болады, әсіресе компьютерлік бағдарламалардың жан-жақты қолданылуына байланысты.

Тарраш: «Шахмат –музыка сияқты адамды бақытқа бөлей алады.

Композитор Дашкеевич: «Маған бәрінен де хас шеберлердің партиялары ұнайды. Оларда басынан аяғына дейін музыка (әуен) ойнап тұрады. Олар осы әуен ырғағын біресе жоғалтып, біресе осы ырғаққа қайта ілесіпотырады. Әрине олар өте қатты есептейді... Бірақ шахматта еш уақытта да ешкім саған тектен тек комбинация сыйламайды, сен Тале болсаң да. Комбинация бұл – алдыңғы ойындарға келетін партияның тәжі. Ойынның әуені (музыкасы)кез келген тәжірибелі шахматшының фигураларды дұрыс орналастыруынан туындамайды. Олар біздің жүрісіміз осылай бола тұра басқаша екенін сезінгенде пайда болады. Музыка дегеніміз –адамдардың жәй ғана естіп тыңдайтын нәрсе емес. Көз алдыңа қайдан келгенін болжау қиын музыкалық бейне елестегенде ғана музыка (әуен) пайда болады. Ол қаншалықты ауқымды және күрделі болуына байланысты музыкалық бейненің жаңа және қызықты болуына мүмкіндік көп. Шахматшылар мен музыканттардың ұқсас жерлері мен олардың арасындағы тұрақты байланыс осыда деп білемін.

Американдық музыкатанушы (әуентанушы) және шахмат мастері Гарольд Шонберг гроссмейстрдің позициядағы жасырын аз ғана өзгешелікті байқап қалу қабілетін, композитордың партитураға қарай отырып бір уақытта бірнеше музыкалық аспаптың даусын есту қабілетімен салыстырған болатын.

Әлемнің экс-чемпионы Тигран Петросян, оны жақсы танитын адамдардың айтуы бойынша, Вагнердің музыкасын (әуенін) ерекше ықыласпен тыңдаған. Кейінге қалдырған позицияларды талдай отырып ол әдетте музыкалық жазбаларды ойнатқан, кейде қандай репертуар тандағанына байланысты Петросяннын осы немесе басқаша позицияны қалай бағалайтынын анықтауға болатын еді. Жеңісті жағдайда гроссмейстер «Лоэнгриннің» 3-ші актісін тыңдаса, қиын және түсініксіз кезде – «Тангейзердің» көшпелі хорын қосқан, ал жеңілісті сәтте «Гибель боговтың» (Құдайлардың ақыры) траурлық маршынан жұбаныш іздеген.

«Менің түсінгенім – шахмат әлемінде нағыз өмір сүресін, ал шынайы өмірде сен ойыншықсың. Шынайы өмірде қолың жетпейтін нәрселерді шахматта бастан өткересін. Шахмат мені Вагнердің музыкасындай қызықтырады. Шахматты жаңадан ойнап бастап келе жатқандарға олардың комбинациясы Бетховеннің симфониясындай түсініксіз болады. Менің сүйіктім – таңғажайып энергиямен шабуыл жасайтын Пильсбери. Тарраш мен үшін – шахматтық Вагнер, Морфи – Гендель, ал Капабланка Моцартты еске түсіреді. Таррашевтық бағыт – немісше, негіз салушы, парасатты. Чигоринның шахматтары славянша, кең ауқымды, арманшыл.»







































Орал қаласының білім беру бөлімі мен қалалық әкімшілігі

Орал қаласының музыка жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі











Баяндама

Тақырыбы:«Музыка және шахмат»















Дайындаған: №47 « Бәйтерек»

бөбекжайының саз жетекшісі

Аймагамбетова Э.У.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Баяндама:"Шахмат және музыка"

Автор: Аймагамбетова Эльмира Утемуратовна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417362


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства