kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бақшада ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізудің тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН ШЕҢБЕРІНДЕ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАУЫНДА

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ТИІМДІЛІГІ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бақшада ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізудің тиімділігі»

Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш» бөбектер бақшасы» МҚКК







Баяндама









Тақырыбы: «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН ШЕҢБЕРІНДЕ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАУЫНДА

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ТИІМДІЛІГІ»











Орындаған: Мухамедова Зухра Димяновна











Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек ауылы 2018 ж.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН ШЕҢБЕРІНДЕ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАУЫНДА

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ТИІМДІЛІГІ



Еліміздің даму деңгейі мектепке дейінгі кезеңнен бастап, балаларымыздың дүниетанымын дұрыс бағыттаудан басталады. Балабақша жағдайы онда түрлі оқыту технологиялары кеңінен қолданылу үстінде. Қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялары тек сипаттама түрінде ғана емес, шынайы проблемалық негізде болуы тиіс. Бүгінгі таңда білім берудің жаңа технологиялар жүйесі өте маңызды, қарқынды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында келесідей негізгі мақсаттар белгіленген:

мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету. Яғни, желі ұлғаюының басты шарты – мектепке дейінгі мекемеде сапалы білім мен тәрбие беретін білікті педагог кадрлары болуы тиіс, ұйымда жаңа педагогикалық технологиялар қарқынды қолданылуы керек. Сонымен қатар, негізгі міндеттер ішінде балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету; білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және педагог мамандығының беделін көтеру ерекшеленген. Бұл бағытта, мектепке дейінгі білім беруде ғылыми-зерттеу жобаларға заманауи педагогикалық технологияларды зерттеуді педагогтерге ұсынып отырмын.

Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдардың басты мәселесі - 1. Педагогтер құзыреттіліктерінің төмендігі, сапалық құрам төтендігі. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамуы, білім сапасының төмендігі.

Осыдан мақсатымыз туындайды: 1. Мектепке дейінгі педагог мамандарының біліктілігін арттыру, жаңартылған мазмұн шеңберінде функционалды сауаттылықтарын көтеру. 2. Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы болашақта функционалды оқушы болатындай тұлға қалыптастыру.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауда қолданатын құрылым

ТАҚЫРЫП- мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.

Тақырыпты таңдау ережесі:

Ғылыми жобаға келесі жұмыстар ұсынылады:

1) Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;

2) Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын

- тәрбиешілердің шығармашылық зертханасын сипаттау (жұмыс тәжірибесіндегі жетістіктерді сипаттау, өз әзірлемелерін дайындау барысындағы қолданылған көздерді айту).

3) Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;

Зерттеу жұмысының жоспарын құру –бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.

Зерттеу жұмыстарын жүргізудің кезеңдері:

1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.

2.Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат

алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Зеттеу жұмыстарын жүргізудің бірқатар талаптары бар:

Ғылыми жобада:

- бет парақ;

- мазмұны;

- кіріспе;

-теориялық бөлімі;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

       Жалпы алғанда, ғылыми жоба ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.

  Тәрбиешілердің шығармашылық зертханасын сипаттау (жұмыс тәжірибесіндегі жетістіктерді сипаттау).

Павлодар облысының, Май ауданының, Кеңтүбек ауылында орналасқан  «Қарлығаш» бөбектер бақшасында келесідей ғылыми-зерттеу жобалары жүргізілуде және де тәрбиешілер мен балалар келесідей жетістіктерге жетті:

  • Мухамедова З. Д. « Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жаңартылған мазмұн шеңберінде нәтижелі жұмыс жасауында ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу тиімділігі» . 2014 ж. «Тәрбиеші болу – бақыт» республикалық эссе сайысында ІІ орын, «Үздік жыл әдіскері» - ІІІ орын, 2015 ж. МЦФР орталығының «Профессиональная компетентность методиста» халықаралық әдіскерлер сайысында І орын, 2016 ж. «Жаңа математика» республикалық сайысында І орын, 2017 ж. «Үздік әдіскер» республикалық сайысында ІІІ орын.


  • Жаябаева Ж. К. «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының мазмұндық, ресурстық негіздерін заманауи технологиялар арқылы (воскобович ойындары негізінде) жаңарту жобасы». Осы жобаны ұсына отырып, 2016 жылы аудандық педоқуларда І орын, облыстық педоқуларды ІІ орын иегері, тәрбиеленушілері халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер.


  • Худабай А. «Театр әрекеті балалардың танымдық құзыреттіліктерін арттыру / «Ертегілер еліне саяхат» авторлық бағдарламасы», 2016 жылы аудандық педоқуларда ІІІ орын, «Тәуелсіздік тұғыры биікте!» тәрбиешілерге арналған республикалық шығармалар сайысында ІІІ орын иегері.



  • Жексенова М. М. «Мария Монтессори технологиясының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы практикалық қолданылуы», 2017 ж. авторлық вариативтік бағдарламалар сайысының облыстық кезеңінің қатысушысы, «Қыс қызығы» мектепке дейінгі ашық сабақтар Республикалық байқауының І орын иегері, «Үркер» зияткерлік орталығынан Мақтау қағызына ие болды, тәрбиеленушілері халықаралық, облыстық деңгейдегі жүлдегерлер.



  • Нургалиева Ж. А. «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту технологиясын қолданудың тиімділігі», 2017 ж. «Үздік жыл тәрбиешісі» республикалық сайыстың қатысушысы, Мадақтау қағазымен марапатталды, «Қыс қызығы» мектепке дейінгі ашық сабақтар Республикалық байқауының ІІІ орын иегері, ашық сабағының жоспары республикалық ғылыми-тәжірибелік жинақта жарық көрді.



  • Бағлан А. Т. «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту», 2017 ж. «Ұшқыр қанат қарлығаш» тәрбиешілердің республикалық олимпиадасында ІҮ орынды иеленді, «Қыс қызығы» мектепке дейінгі ашық сабақтар Республикалық байқауының ІІІ орын иегері, ашық сабақтары республикалық сайтта жарық көрді.



  • Хавалтай К. «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының мазмұндық, ресурстық негіздерін заманауи технологиялар арқылы (лэпбук негізінде) жаңарту жобасы» «Қыс қызығы» мектепке дейінгі ашық сабақтар Республикалық байқауының ІІ орын иегері /Бақшада 3 ай жұмыс істейді/.



  • Зейнолла Ү. А. «Жаңартылған мазмұн шеңберінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда логопедиялық жаттығуларды қолдану тиімділігі» «Қыс қызығы» мектепке дейінгі ашық сабақтар Республикалық байқауының ІІ орын иегері /Жас маман, бақшада 6 ай жұмыс істейді/.


Қорыта келгенде, ғылыми зерттеу жұмыстарын балабақшада жүргізу – заманауи талап. Әр педагог өзінің даму мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу жобасын жазуды үйреніп, ізденсе, балалармен жұмысында қолданса, кәсіби құзыреттілігі, функционалды сауаттылығы артады. Сол жұмысымен түрлі кәсіби сайыстарға емін-еркін қатыса алады. Жүлделі орындар алатыны сөзсіз. Бұны біздің бақшамыз өз тәжірибесінде дәлелдеп отыр.































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Басова Т.Б. О некоторых аспектах совершенствования профессиональной педагогики будущего специалиста / Т. Б. Басова. - Режим доступа:

  2. Андриенко А.В. Приобщение личности к научно-исследовательской деятельности: монография / А.В.Андриенко, В.В.Игнатова, Л.Г. Деянова. - Красноярск, 2002. - 147 с.

  3. Гулидош И.В. Педагогич. основы адаптации будущих учителей к информационным технологиям в образовании: автореф. дис. канд. пед. наук: 13.00.01 /И.В.Гулидош. - Новокузнецк, 2000. -22 с.

  4. Ғаламтор https://www.metod-kopilka.ru/ilimi-zhmisa-oyilatin-talaptar-64722.html



 

 

4



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бақшада ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізудің тиімділігі

Автор: Мухамедова Зухра Димяновна

Дата: 22.05.2018

Номер свидетельства: 470549


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства