Бақшадағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыру
Бақшадағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыру
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыру, соның ішінде Мария Монтессори технологиясының практикалық мәні
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бақшадағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыру»
Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш» бөбектер бақшасы» МҚКК
Баяндама
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыру, соның ішінде Мария Монтессори технологиясының практикалық мәні»
Орындаған: Жексенова Майгул Матаевна
Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек ауылы 2018ж
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыру, соның ішінде Мария Монтессори технологиясының практикалық мәні
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе - балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Мектепке дейінгі балалық - бала дамуының ерекше кезеңі. А. Н. Леонтьев мектепке дейінгі балалықтың жалпы сиппаттамасын былайша береді: «Бұл жеке тұлғаның алғашқы нақты пайда болу кезеңі. Бала дамуының мектепке дейінгі жылдарында бірінші түйіндер байланады, алғашқы қарым-қатынастар бекітіліп, олар іс-әрекеттің жаңа, жоғарғы бірлігін түзетеді, осымен бірге жаңа, жоғарғы субьект-жеке тұлғаның бірлігі пайда болады» (Леонтьев А. Н. 1959 ж.)
Мария Монтессори Империялизм дәуірінде қоғамдық тәрбие саласында көрнекті итальян психиатр және педагогы бала тәрбиесін, бала өмірінің шарттарын зерттеу қызықтырған. Мария Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мақсаты «негізгі құзіреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» болып табылады және мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отандық және шетелдік ғылымның инновациялық тәжірбиесін қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік» деп аталатын бес білім беру салалары бойынша ортаны ұйымдастыру қарастырылған. Бұл білім беру салалары М. Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастыруымен үндес болып келеді. Стандартында бір жас пен алты жас арасындағы балалардың дамуындағы сенситивті кезеңдерінің өзара байланысын қамтамасыз ету қарастырылады. Бұл кезеңдер М. Монтессоридың педагогикалық жүйесінде де егжей-тегжейлі жазылған.
Осыған байланысты М. Монтессори педагогикасын жан-жақты талдау қазақстандық мектепке дейінгі білім беруде ерекше өзектілікке ие болып отыр. М. Монтессори адам ерекше өмірдің қозғалғыш күштерінің көмегімен және де баланы қоршаған ортаның ықпалымен ақылды сіңіре алатын ұйымдастырылған құрылыммен туылады деген ой тастады. Бала өзінің даму барысында «сезімтал» және «сензитивті» деп аталатын кезеңдерден өтеді. Бұл кезеңдерде бала қоршаған орта тарапынан болатын белгілі бір қозуларға айрықша сезімтал болады, мысалы, қимылдың дамуына, сөйлеуге және әлеуметтік аспектілерге қатысты. Егер сезімтал кезеңнің барысында ол өзінің қажеттілігіне қарай белгілі бір айналысатын іс тауып алса, ол терең шоғырлануға қабілетті болады. Сензитивті кезең кезінде бала өзін басқа тітіркендіргіштерден аулай алмаса, Монтессоридің пікірінше баланың интеллектуалды, тіпті, барлық тұлғалық жақтарын жаулап алатын ұяңдық пайда болады. Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Кеңтүбек ауылының «Қарлығаш» бөбектер бақшасында біз күнделікті оқу іс-әрекеттерін Тәй-тәй технологиясының элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды. Сонымен қатар, түрлендіріп, қойылым ойындарын көптеп қолданамыз, бұл ойынның мақсаты бала белгілі –бір бейнені орындай отырып, өзіне деген сенімділік пайда болады. Баланың жан-жақты дамуында дамытушы ортаның маңызы зор. Қазіргі таңда балабақшалардың көбінде, Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп, арнайы бөлме дайындалып жасақталуда. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала дүниетанымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да, талапқа сай болу қажет. Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне, сол себепті М. Монтессори технологиясының тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ерекше орын алады. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білімқұмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру. Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.
Монтессоридің ұраны: «Мұны маған өзіме істеуіме көмектес». «Маған жағдай жаса, мен өзім істеп-үйренемін». Дәл осы себепті сабақтың негізгі уақыты (75%) емін еркін жұмыс істеуге бөлінеді. Әрбір бала өз таңдауға құқылы.
М. Монтессори әдісі ұлттық, діни, мәдениеттік дәстүрлерін жалпы философиялық тұжырымдамалық «космостық тәрбиемен» жарастыра біріктіретін, сондай-ақ, баланың субьективті позициясын мойындауға және бала табиғатының ересек адам табиғатынан ерекше екенін жариялауға негізделген әдістемелік базасы бар, мәні бойынша тұтас, ұтқыр эволюцияландырушы авторлық жүйе болып табылады. Монтессори педагогикасының негізгі ерекшеліктерінің бірі - оқу үдерісінде белсенділік орталықтарының педагогтан балаға қарай ауысуы. Бала мұғалімінің түсіндіргенін енжар қабылдап отыратын тыңдаушы болмайды, керісінше, өз бетімен «эксперименталды» іс-әрекеті барысында жекеқызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес оқып үйренеді. Бірінші қарағанда, оқу үдерісінде мұғалімнің рөлі төмендеген секілді көрінеді. Бірақ іс жүзінде отандық педагогика ұғымдарына қайшы, «мұғалім көрсететін көмек-балаға материалмен қалай жұмыс істеуге болатыны, қалай қолданатынын көрсету болып табылады». Педагог әрқашан балаға материалдармен жұмыс істеудің рационалды әдісін көрсетеді, іс-әрекеттің үлгісін береді, осылайша материалда «жасырынған» қасиеттер мен қатынастарды ашыпбереді.
Монтессори тәрбие мен оқыту үдерісін балаға өмірге келгеннен бастап психикалық дамуына берілетін көмек деп түсінді, ал кейін бұл көмек өміріне беріледі. «Көмек» деген ұғым бұл жерде негізгі болып саналады. Дәл осы нәрсе көбіне балаға деген педагог ұстанымының рөлін анықтап береді.
«Монтессори-педагогиканың» әлемдегі көптеген елдердің білім беру саласында бейімделуінің жалпы және жеке заңдылықтары М. Монтессоридің өзінің жүйесінің негізін сақталуды анықтауға мүмкіндік береді, бұл заманауи қазақстандық педагогиканың дамуы мен байытылуының перспективаларын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда елімізде Монтессори технологиясының элементтері бала дамуына, сабақ беру барысына қысқаша түрде енгізілген, айтып кететін жағдай М. Монтессори жүйесінің толық, дайын нұсқасы дайындалып сатылуда, шамамен алғанда алты жүз мың аралығында тұратыны белгілі болып отыр. Көптеген балабақшалар қаражатқа байланысты толық жүйені сатып ала алмайды, сондықтан балабақшамыздың тәрбиешілері өз қолдарынан, ұсақ қол моторикасын дамытуға, ойлауға арналған бұйымдар жасап, Монтессори технологиясын өз жұмыстарымызға енгізіп отырмыз. Ол құралдарды дайындау үдерісіне ата-аналарымызды, ортаңғы топтың балаларын да белсенді қатыстырамыз.
Монтессори әдісіне, әртүрлі елдердің білім беру саласында таралуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ педагогикалық жаңалықтардың енгізілуіне жалпы көзқарастар М. Монтессоридің авторлық теориясының Қазақстан Республикасында да бейімделуінің тұжырымды негіздерін анықтауға енгізіп отыр.
Осы сәттен бастап ҚР-да денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды толыққанды өмір сүруге сапалы білім алуға қолжеткізу арқылы дайындау міндеті негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекетімізде барлық балаларға келешекте қалыпты деңгейдегі адамдар мен олардың ортасында өзіндік және толыққанды өмір сүруге, еңбекте, шығармашылықта және жеке өмірде максималды жетістіктерге жетуге негіз болатын бірдей мүмкіндіктер жасау басты бағыттардың бірі. Осындай бағыттардың бірі болып инклюзивті білім беру табылады: даму бұзылыстары бар балаларға білім алуда басқалармен тең құқылы болып, кез-келген шеттетудің алдын алып, ерекше жағдайларды (материалды-техникалық, кадрлық, психологиялық-педагогикалық, сауықтыру және т.б.) қарастыратын жалпыға білім беруді дамыту үрдісі.
Қазіргі таңда инклюзивті тәсілдерді қолдану біздің де балабақшада ерекше орын алады, айта кетсек, бірнеше тәрбиеленушілерімізде дамуының тежелуі бойынша түрлі диагноздары бар. /Мысалға: Резидуально-органическое поражение ЦНС, моторное алалия, общее недоразвитие речи разных уровней, тугоухость және т. б./ Балаларымыз үшін Монтессори педагогикасын қолданып, бейімдеп, соған ұқсас өзіміздің дидактикалық ойындарымызды жасап, жоғарыда баяндалған тәсілдерді қолдануды бақылай келе, осы бір-екі жыл ішінде оң нәтижеге қол жекіздік. Басында сөйлемейтін, жылай беретін балаларымыз өз ойын анық жеткізе алатын болды, балалармен бірге сабақ барысына белсене қатысады. Басқа балалармен достасып, ұжымда толыққанды өмір сүруге бейімделді. Инклюзивті тәсілді мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдану өте тиімді, әрі қарай осы тәсілді мектепке дейінгі балалық шағы кезінде қолдану сана-сезімінің дамуына жақсы әсер етеді, деп қорытындылар едім. Сонымен қоса, дамуындағы тежелістері бар балаларды басқа балалардан бөлектемей, барлықтарына бірдей дәрежеде тәрбие мен білім бере отырып, дамыту мүмкіндігін береді.
Ойымды түйіндей келе, талапты да, өз ойын еркін жеткізе алатын, жан-жақты дамыған, болашаққа деген сенімділігі мол, белсенді ұрпақ тәрбиелеу М. Монтессоридың педагогикалық жүйесінің алатын орны, оның ішінде инклюзивті тәсілдерді енгізу орны ерекше және жақсы бастама деп білеміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
13.05.16 ж. № 292 өзгертулері мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандарты.
2016 жылдың Мектепке дейінгі тәрбие оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық.
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісіне енгізуге әдістемелік нұсқаулық- Астана : 2016
ҚР МДББҰ оқу-тәрбие үдерісіне М. Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық. «Өрлеу» БАҰО, Алматы, 2013 ж.