kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бақытты тәрбиешімін!

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Менің мамандығым" тақырыбына эссе.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бақытты тәрбиешімін!»

Тәрбиеші болу бақыт!


Дүниені танып білуге ұмтылу- әр жан баласына тән қасиет. Білімге, ғылымға талпыныс- адамның көкірек көзін ашып, көңіліне нұр шашады. Дегенмен, ештеңеден хабары жоқ балғын балаларға бағыт-бағдар беретін, тылсым дүниенің тұңғиық сырларын ашып, санасына құятын ұлағатты іс-тәрбиешілік. Ішіне сан қырлы сыр бүккен, осынау ғаламның жұмбағын шешуге талпынған, талаптыға талмайтын қанат байлап, өмірдің көгіне самғататын да-тәрбиеші. Әр жастың өмір айдынында еркін жүзуі үшін саналы ғұмырын сарп еткен тәлімді тәрбиеші еңбегі қашан да ерен.

Дүниедегі мамандық атаулының барлығының ұлысы- тәрбиеші болу деп білемін. Себебі, қандай ғұлама болмасын, оның да бастау алған бұлағы, қайнар көзі, ғылымды үйреткен тәлімгері болады. Тәрбиеші болу- қараңғы түнекте жарқыраған мәңгі сөнбейтін шырақ сияқты. Адасқанға бағыт көрсетіп, жол тапқанның алға ұмтылуына, білім сәулесімен нұр шашатын дүниедегі ең сауапты іс-ұстаздық. Ғұлама ғалым, ұстаз, ойшыл – философ Ахмет Байтұрсынов: «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер – білім, сол өнер – білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білер едік», - деп армандаған егемендікке жеттік. Ұмытылуға айналған салт-дәстүріміз жарыққа шығып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алды, ата заңымыз қабылданды. Әкенің құтымен, ананың сүтімен бойымызға сіңген қаиеттер: үлкенді сыйлау, құрметтеу, адамгершілік, ізгілік, ұяңдық, пәктік. Ұрпақ тәрбиесі балалардың тәрбиесін жүйелі түрде өз ұлтымыздың әдебиетімен, мәдениетімен байланыстыру да тәрбиеші еншісінде. Осындай үлкен міндеттерді алдыма қойып, өз шәкірттерімнің ой-санасына білім мен тәрбие нәрін құйып, қиын да қызықты тәрбиешілік жолды таңдауым кездейсоқтық емес. Күнделікті жұмыс олардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күнімізді алуан түрлі әдістермен өткізуді талап етеді. Оларды шығармашылық жұмыстарға, көркем әдебиетті сүйіп оқуға бағыттау жұмыстарында ерекше назар керек. Өйткені, тәрбие дегеніміз – халықтың жоғары мәдениеті, жоғары еңбек тиімділігі, ұтымды экономика, ғылыми-техникалық және әлеуметтік үрдіс. Осы орайда әр тәрбиеші де өз білімі мен мәдени деңгейін үздіксіз арттырып отыруы керек, сондықтан адамды тәрбиелеу және білім берумен байланысты мәселелерге үлесіңді қосу тәрбиеші үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын! Болашақ ұрпақты заман ағымына сай тәрбиелеп, оны жаңа ғылыми технология түрлерімен жасақтандырып, барлық елдің әдебиеті мәдениетінен, тарихынан сусындату үшін тәрбиеші мөлдір де, терең қайнар бұлақ, биік бастау болуы шарт. Тәрбиеші алдына келген ақ бүлдіршіндер оның қолтаңбасын өздерінде мәңгі қалдырады. Кез келген тәрбиешінің мақсаты ақыл-ой, дене, көркемдік, рухани адамгершілік қасиеттерін ұлттық және жалпы адамзаттық қазына, құндылықтар мен мүдделер негізінде үйлесімді қалыптастыру. Бірақ тәрбиелеу оқыту мен білім беру негізінде жүзеге асатынын ұмытпауымыз қажет. Сырттай алғанда мағынасы бірдей болғанымен бұл педагогикалық үрдісті құрайтын екі тармақтың мақсат-міндеттері екі басқа. Бірі оқушыларға білімді, іскерлікті және дағдыны меңгерту болса, екіншісі жалпы қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру мен меңгеру болып табылады.

Мен тәрбиешімін.... Адам баласы өзі сүрген саналы ғұмырында кейінгілерге үлгі болатындай із қалдыруы тиіс. Тәрбиешілік жолды таңдаған себебім, өскелең ұрпаққа өнегелі білім беріп, қанаттарын қатайтып, өмірге баулу. Қанында қасиеті бар қазағымның тілін көркейту арқылы, егеменді еліме өз үлесімді қосу мақсатында бүгінгі таңда тәрбиеші болып қызмет атқарамын.

Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын. Себебі, қазақтың Абайы «Өнегелі ұстаз өзім бол демейді, өзің бол» - деп қанатты, қағидалы, мәнді де мағыналы сөз қалдырған. Міне, мен арқа тұтар, мені арманға, адамдық пен адалдық жолға жетелейтін осы сөз. Осы сөз менің өмірлік мамандық таңдауға өз септігін тигізді. Мамандығымның арқасында қазақ тілін, дінін, ұлттық құндылығын, салт – дәстүрі мен жөн – жоралғысын жан – жақты насихаттай аламын.

Халқымызды «Жас келсе - ісек» деген керемет сөз бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды,жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші ұстаз, бақытты жан деп білемін.

Әр тәрбиешінің басты мақсаты шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда даму үрдісі жүреді. Салауатты да сауатты адамдар халықтың бетке ұстар қаймағын-элитасын құрайды. Элитасы азайған ел – ел болудан қалады, сондықтан да білімді ұрпақты тәрбиелеп жатқан біздерге үлкен сын. Қорытындылай келе айтарым, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап өткендей Еуразияның жүрегі – Қазақстанды әлемге танымал ететін болашақ интеллегенция өкілдерін дайындау – менің өмірлік мақсатым. Солар арқылы біздің еліміз – тек қақпа емес, төрткүл дүниенің төрінен орын алған алдыңғы қатарлы мемлекет болатынына сенімім мол.   














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бақытты тәрбиешімін!

Автор: Нуралина Алтын Халиолловна

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 404984

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Мен ба?ытты баламын "
    ["seo_title"] => string(23) "mien-bak-ytty-balamyn-1"
    ["file_id"] => string(6) "209419"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431139158"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Мен бақытты баламын"
    ["seo_title"] => string(23) "mien_bak_ytty_balamyn_3"
    ["file_id"] => string(6) "449579"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515763065"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Конспект на тему "Тәрбиеші болу-бір бақыт!" Эссе"
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekt_na_tiemu_t_rbiieshi_bolu_bir_bak_yt_essie"
    ["file_id"] => string(6) "369399"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481657024"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты"
    ["seo_title"] => string(46) "balanyn_pierishtie_liemi_t_rbiieshinin_bak_yty"
    ["file_id"] => string(6) "417948"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495537281"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Мен бақытты баламын"
    ["seo_title"] => string(23) "mien_bak_ytty_balamyn_4"
    ["file_id"] => string(6) "453450"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517245518"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства