kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала тәрбиесі — үлкен бір ғылым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала тәрбиесі — үлкен бір ғылым

Джиенгалиева Шаттық Жомартқызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Балқұдық ауылы

«Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала тәрбиесі — үлкен бір ғылым»

Бала тәрбиесі — үлкен бір ғылым


Джиенгалиева Шаттық Жомартқызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Балқұдық ауылы

«Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі



Бір жылдығын ойлаған егін егеді, он жылдығын ойлаған ағаш егеді, жүз жылдығын ойлаған бала тәрбиелейді деген дана халқымыз бала тәрбиесіне аса зор мән берген. Балабақшада өсіп келе жатқан жас жеткіншекке білім мен тәрбие берумен қатар, ел болашағы балғындар тәрбиесінде үлкен маңызды рөл атқаратын ұлттық тәлім – тәрбие орталығы. Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратыны белгілі. Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Осы балабақшада тәлім-тәрбие беру, тілін дамытумен қатар балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастырудың алатын орны ерекше.

Ол жұмыс белгілі бір формада өткізілу барысында әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4—5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсырылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тапқырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді. Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі — оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір әрекетті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі — мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі. Сондықтан тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, «Трамвай» ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды. «Пароход» ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды. Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (керу, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді. Балабақша баласының еңбекке деген талпынысын ояту, сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу барысында жасаралық ерекшеліктеріне байланысты баланың мінез-құлқы қалыптасады. Балабақшада тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыруда балаларда қарапайым еңбек дағдылары қалыптасумен қатар, олар үлкендердің еңбегімен танысады және оған құрметпен қарау сезімін оянады,еңбекке қызығушылығы оянып, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйренеді.

Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» - деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.  Балабақшада тәрбиеленуші балалардың денсаулығын нығайтуда және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуде дене тәрбиесі де маңызды орын алады. Атап айтқанда,   балалардың негізгі қимыл әрекеттерін жетілдіріп, спорттық қозғалыс жаттығулары мен ұлттық ойындарын үйрету және сол үйренгендерін өз еріктерімен орындауға әрекеттендіру. 
Өйткені, ата  - бабаларымыз балаларын ат құлағында ойнатып, қырда жарыстырып, шабандоздыққа үйреткен. Осындай мәнді де мағыналы тіршілік пен еңбек түрлерін игеру әрекеттері арқылы балалардың денесі шынығып, шымыр да тұлғалы бітім қалыптасқан, алып күштің иесі де шыққан. Осы ұлттық дәстүрді ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру мақсатында әрбір балабақшада қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық нақыштағы қимыл – қозғалысына арналған жаттығуларды әр топтағы балаларға жасатып үйрету жұмыстары жүйелі жүргізілуі қажет. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене  тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды. Ал дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық  - тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Дене тәрбиесі мәдениеті – дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.

Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.

Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.

Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.

Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.

Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.

Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.

  Адам баласының ақыл иесі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне тікелей байланысты. Балабақшада баланы бағып қана қоймайды, баланы саналы болып өсуге тәрбиелейді. Сонымен қатар балабақшадағы осындай маңызды зор шаралар баланың болашақта алғыр, тәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал етеді.         

Қорыта айтқанда, баланың туған елге, жерге, халқына сүйіспеншілігі зор, патриоттық сезімді, жан-жақты тұлға ретінде жетілген азамат болып шығуына керекті ұзақ жолда ата-аналар мен тәрбиеші-ұстаздарға мейірімділік, шыдамдылық, ал балаларымызға еңбекқорлық қабілетін тілейік.







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ә.Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы «Рауан» 1992 [179-190 б] .
2. Трудовое обучение в начальных классах. Москва 1928.
3. ҚиясовИ. « Баланы адамгершілікке тәрбиелеу». Тәрбие құралы-2006.
4. Козлова С. «Нравственное воспитание в труде» Дошкольное воспитание1986.
5. Кишик Т. «Нравственное воспитание детей в труде» дошкольное воспитание 1983.
6. «Отбасы және балабақша» №9 15-16 бет.
7. «Тәрбие құралы» №11 9-10 бет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бала тәрбиесі — үлкен бір ғылым

Автор: Джиенгалиева Шаттық Жомартқызы

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406339

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "БАЛА Т?РБИЕСІНДЕГІ АТА – АНАНЫ? РОЛІ."
    ["seo_title"] => string(36) "bala-t-rbiiesindiegi-ata-ananyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "295467"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455814688"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?ке мен бала т?рбиесі" "
    ["seo_title"] => string(23) "kie-mien-bala-t-rbiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "205118"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429799171"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Бала т?рбиесіндегі ата ананаы? ?ызметі"
    ["seo_title"] => string(37) "balatrbiiesindieghiataananaynkyzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "289535"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454835344"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Бала тірбиесі -бесіктен"
    ["seo_title"] => string(23) "balatirbiiesibiesiktien"
    ["file_id"] => string(6) "279914"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453302441"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Бала т?рбиесі-жауапты іс"
    ["seo_title"] => string(22) "balatrbiiesizhauaptyis"
    ["file_id"] => string(6) "279916"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453302645"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства