kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала тəрбиесіндегі балабақша мен отбасының атқаратын рөлі (баяндама)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершіліке тəрбиелеудің маңызы зор.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала тəрбиесіндегі балабақша мен отбасының атқаратын рөлі (баяндама)»

Ақтөбе қаласы МҚҚК №50"Алтын бесік"б/б

тәрбиешісі

Ержан Айгүл Жақсылыққызы

Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының атқаратын ролі

Қазақ халқы қай уақытта болмасын,ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры,ұлттың болашағы деп білген."Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі" деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді.Оқу мен тәрбие - бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс.Жаңа заманның жаңашыл ұстаздары осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүруі олардың шеберлігі мен іскерліктерін көрсетеді.

Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын:"Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай,келешек заманына лайық қылып шығару керек".Бұл бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды.Өйткені елдің ертеңгі тірегі - жастар.Бала тәрбиесі - баршаның ісі.Отбасының да,балабақшаның да,мектептің де мақсат - мүддесі біреу ол - заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол.Айналасындағы үлкендердің ,өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы,көңіл-күй ерекшеліктері,жүріс-тұрысы,еңбек әрекеті - бәрі де балаға үлгі - өнеге.Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді.Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді.Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше.Себебі,бала-бақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді.Сонымен қатар жан - жақты жетіледі.

-"Балалар - біздің болашағымыз",сондықтан балаларды ерекше күтіп,тәрбиелеу керек.Әсіресе,ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет.Және баланың үйде отырмай,балабақшаға барғаны жөн.Өйткені,бала сыртқа шықса,айналадығы ортаға үйренеді,мінезі тұйық болмайды,адамдармен тез араласады.Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке,жауапкершілікке үйретеді.Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Тәрбиенің негізі мақсаты - дені сау,ұлттық сана сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті,парасатты,еңбекқор,іскер,бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

"Бала естігенін айтады,көргенін істейді"-деп қазақ халқы бекер айтпаған.Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор.Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының ,тәрбиешісінің, достарының мінездерінен,жүріс-тұрысынан,сөйлеген сөзінен ,істеген ісінен үлгі алуға тырысады.Бала бойына адамгершілік қасиетерді ойын,салт-дәстүр,мақал-мәтелдер,ертегілер,жұмбақтар,айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата-ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.Ертегінің тәрбиелік мәні зор.Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп,бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды.Мысалы:"Шалқан"ертегісін тыңдап болған соң,балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді."Арыстан мен тышқан" ертегісін тыңдап,екеуінің арасындағы достықты,мейірімділік,қамқорлық қасиеттерін білді.Ал"Сары тауық балапандарымен" ертегісін тыңдап болып,кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық,мейірімділік сезімдерімен танысты.

Ата-бабамыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен басталады,яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады.Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың бірі - бесік жыры,мақал-мәтелдер болып келеді.Сәбилер бесік жырын тыңдай отырып,ананың бесік жырымен,әлдиімен,өзінің туған тілінің әуенінін тұңғыш рет нәр алады.Мақал - мәтелдер арқылы бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық,ілтипат сезімдерін арттырамыз,адамгершілік сезімдерін оятамыз."Үлкенге - құрмет,кішіге - іздет" деген мақал-мәтел арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу,қамқорлық сезімдерін туғызамыз және т.б.Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы,адамгершілік,эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.

-Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп , жуынып,сүртінеді,бір-біріне көмектеседі, "рахмет,кешір,өтінем" сөздерін айтуға баулу.Ұжымға тәрбиелеу,балалардың өзара ұжымда қарым-қатынастарын қалыптастыру.Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлылықтың пайда болуына,құрбыларына,үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

-Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау,оларды кутіп ұстау,топты таза ұстау.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажет ермек саз,тақтайша,қылқалам т.б. дайындауға көмектесу.

-Серуен кезінде гүлдерді қопсыту,шөптерін жұлу,ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету.Егер балалар 2 - 3 жапырақ жинағаннан кейін "жинағым келмейді"деп тарай бастаса ,сол кезде ойын түрінде ұйымдастырып жіберуге болады әкелген жапырақтарынан гүл жасап беріу арқылы.Бұл серуенде балаларды тек қана жапырақ жинауға емес,топпен жұмыс жасауға,үлкендерге көмектесуге,еңбексүйгіштік қасиетінің алғашқы игеріміне баулу.Әр жасалған істен кейін "Жарайсыңдар балалар!тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды,бәрекелді!" деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді.Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық ,аяушылық ,қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетті сіңіру - ата-анамен ұстаздардың басты міндеті.Адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде,тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде ,ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде қамтылады.Тәрбиешінің тәртібі,іс - қимылы,балалармен,үлкендермен қарым-қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып,олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді.

Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.Адамгершіліктің қайнар көзі - халқында ,отбасында ,олардың өнерлерінде,әдет-ғұрпында.Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен,өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Дана,ойшыл Абай атамыз бұл туралы былай деген:"балаға мінез үш алуан адамнан жұғады;біріншісі-ата-анасынан,екінші - ұстазынан,үшінші - құрбысынан".Көрнекті педогог В. Сухомлинский:"Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол бала солай бола алады",-дейді.Демек, шәкіртке жан жақты терең білім беріп,оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсе,ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көз қарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Әрине бұл тәрбиешінің ғана емес,жанұяның да міндеті.Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуда."Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі" дегендей , ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы үлкен сабақ. Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған."Үлкенді сыйла,жолын кеспе" деген ұлағатты,тыйым сөздердің мәні зор.Тәрбиенің алтын бесігі - балабақшамыщдағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге,адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық. Балаларды тәртіптілікке, мінез - құлық мәдениетіне тәрбиелеудің неғұрлым маңызды шарты - тәрбиеші мен ата-аналардың беделі мен мәдениеті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бала тəрбиесіндегі балабақша мен отбасының атқаратын рөлі (баяндама)

Автор: Ержан Айгүл Жақсылыққызы

Дата: 02.10.2017

Номер свидетельства: 430636

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Баяндама «Отбасы мен балаба?ша" "
    ["seo_title"] => string(33) "baiandama-otbasy-mien-balabak-sha"
    ["file_id"] => string(6) "171924"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423741012"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства