kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бала зейінін дамытуда қазақтың ұлттық ойындарының маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала зейінін дамытудың жолдары, бала зейінін дамыту жолдары туралы түсінік беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бала зейінін дамытуда қазақтың ұлттық ойындарының маңызы»

Бала зейінін дамытуда қазақтың ұлттық ойындарының маңызы

         Ұлттық ойындар жөнінде сөз қозғамас бұрын алдымен жалпы « Ойын» дегеніміз не? Деген сұраққа жауап беріп және оны зерттеп,  ол жайында пікір айтып, тұжырым жасаған ғалымдар мен ойшылдардың еңбектеріне тоқталғанды  жөн көріп отырмыз. Өйткені кез – келген  нәрсенің шығу тегі  мен қалыптасу жолдары  болатыны тарихтан белгілі.  Сол сияқты ойын  тарихының да өзіндік құпиялары жетерлік.  Ойлап қарасақ, «ойын» деген сөз айтуға оңай болғанымен  оның түп мағынасы өте күрделі, әрі сан қырлы ұғым.  Ойын – бұл тек көңіл көтеру де, ләззаттану да, ересек өмірге жаттығу  да,  бәс тігудегі құмарлану да тылсым шабыт та емес.  Ол – адамның болмыстық стратегиясы, яғни әмбебап  құбылысқа жатады  және  адамдық қарым – қатынастарды  мүмкін етеді.  Сондықтан оны нақты ережемен түсіндіру  мүмкін емес.

         Ойын  – бала әрекетінің негізгі түрі. Бала ойынында   қоғамдық ұжымдық сипат болады. Ойын арқылы бала бір – бірімен қарым – қатынас жасайды. Баланың түрлі қасиеттері  дамиды. Ойын жайында А. С. Макаренко былай деп көрсетті: «Үлкендер өмірі үшін жұмыс , қызмет істеуге  әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде  ойын да сондай  маңызға ие. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін  жұмыста сондай болады.

         Баланың таным қабілеттері ойын арқылы дамып отыратындықтан мектеп жасына дейінгі кезеңде  ойындарды жиі  қолданудың маңызы ерекше.

         Баланың жасы  өсуімен бірге, ойнайтын ойындарының  мазмұны да өзгеріп, кеңейіп отырады.

         Мектеп жасына дейінгі  кішкентай балалардың  зейін көлемі өте тар деңгейде  болғандықтан, ойын мазмұны да  шағын болып келеді.  Ал, мектеп жасына дейінгі ересек балалардың зейін көлемі  кішкентайларға қарағанда едәуір деңгейде  дамитындықтан,  ойын мазмұны да сан алуан.  Ойын мазмұны түрлене түскен сайын балалардың  ойынға зейінділік танытуы арта түседі.

          Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген  сөзі тегіннен тегін  айтылмаған. Яғни ұлттық ойындар тәрбие құралы ретінде туған. Ұлттық ойындардың басым көпшілігі мазмұны жағынан  ертегі, әңгімеге жақын болып  келетіндіктен, бала зейінін бірден өзіне тарта алады. Осыған орай жасөспірімдер ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары баланың жас ерекшеліктеріне  байланысты әрі қысқа, әрі нұсқа  болып келеді.

         Мысалы, «Даусынан таны», «Кім сені түртті?» т.б.  ойындар бала зейіні сөнбей тұрған кезде  жылдам жауап беруді  талап етеді.

         Қазақтың ұлттық ойындарының ерекшелігі – эмоциялық жағынан алып қарағанда  бала зейінін бірден өзіне аударады. Эмоциялық әсерлерге бала бірден назарын аударатыны белгілі.

         Жүсіпбек Аймауытұлы «Өздігінен қызық емес, ынта тартпайтын нәрсе  ынтаны тартатын нәрсемен байланыстырса, қызық болып келеді» деген.

         Мұны ерте  сезген халқымыз адам бойынан табылатын барлық жақсы қабілеттерді  тартымды етіп өз ойындарында көрсеткен. Ұлттық ойындар барысында зейіннің аударылу қасиетін де  байқауға болады. Мысалы

 « Көкпар тарту» ойынын алсақ, басы кесілген бағылан немесе ешкіні алып қашқан адамды қуып жетіп, екіншіден  оны тартып алып, үшіншіден, оны басып озу арқылы көмбеге бұрын жетуді көздейді.

         Егер ойында зейінді тез аудару  арқылы шапшаңдық танытпаса, яғни  зейінді тез аудара білу  қасиеті жетілмесе, бұл ойынға қатыса алмас еді кез – келген адам.

         Ал, балалар ойнайтын «Ақ сандық, көп сандық» ұлттық ойыны барысында  айтылатын өлеңнің  мәтініне назар аудару,  өлең аяқталысымен орнынан  тез тұрып кету, қарсыласын арқалай жөнелу т.б. әрекеттерге зейінін  неғұрлым тез аудара  білулері керек. Ұлттық ойындардың басым көпшілігі  жан – жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар болып келеді. «Ақ байпақ», «Көк сиыр», «Соқыр теке», «Түйе,түйелер» т.б.

         Әрбір ойын элементтері   ұлттық ойындардың тақырыбына, мазмұнына байланысты  логикалық байланыста  болып келеді. Ұлттық ойындардың  логикалық байланыста болып келуі зейін көлемінің өсуіне септігін тигізеді. Халық арсында көп тараған «Мысық пен тышқан», « Үлек пен тайлақ» ойындарын алсақ, мысықтың тышқанды, үлектің  тайлақты  қуып ұстауымен ерекшелінеді.  Мысық немесе  үлек   рөлінде ойнап жүрген баланың бар назары  тышқанды немесе тайлақты ұстауға ауады.

         Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі  өлең – сөздің араласып келіп отыруы. Егер ойын барысында  тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойын соңында  жеңіліп,  ұпай санын өтеушілер  орындайды. Ұлттық ойындардың  кез – келгенін алсақ та, ойынға қатысушылардан зейінділікті , тапқырлықты, шешендікті, алғырлықты, шапшаңдықты, тез ойлауды талап етумен бірге, алға ұмтылуды, табысқа жетуді көздейді.

 Күш сынаспақ

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.

Тауық күрес.

Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады.

Арқан тарту.

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады
Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді.

Хан «алшы»

Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы.
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.

Көтермек

Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің.
Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.

Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.
Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.


Ақсерек-көксерек.

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам.
1- ші топ. Ойынды бастайды
Ақсрек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз –қуу

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Асау мәстек

Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға
Былай дейді.
Ер екеніңді білейін
Ешкі сойып берейін
Тақия алсаң еңкейіп
Құламасаң теңкейіп
Ерлігіңе сенейін
Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала:
Асау мәстек бұл болса
Үйретейін көріңіз
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.

Түйілген орамал

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді..Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады.ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.

Әуе таяқ

Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады.
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.

Қара құлақ

Ойынға 5-10 бала қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі
Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай жалғасады.

Алақан соқпақ

Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды.

Атқаума

Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды.Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де бір-бірімен қолдарын айқастырады.Үшінші бала көзі таңыулы күйде екінші баланың айқасқан қолына отырады..Қолдасып тұрған балалар:-Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді.Бірінші бала ақ сандық,көк сандық десе,көзі таңулы бала -көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар :

Бақа,бақа балпақ
басың неге жалпақ?
Бұтың неге талтақ
Көзің неге тостақ
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:-
Темір терсек көп киіп
Басым содан жалпақ
Теуіп ,теуіп қашырды
Бұтым содан тостақ!
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады.Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.



Белбеу соқ

Ойывншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.
Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.

Арқан түю.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді.

Допты қуып жет

Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу.
Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек.
к/құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар.

Тышқан мен мысық

Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету.
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді.
К\құралдар: мысық,тышқан бетперделері.





Түлкі мен балапандар

Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс.
К\құралдар: түлкің мен балапандар беп перделері.

Боран

Бұл үлкен кең залда болады.Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі (ақ түсті беп перде,гимнастикалық қабырға болуы тиіс)
Ойын шарты:ойынға 8-10 бала қатыса алады.Бір баланы боран киімін кигізіп,қалған балалар боран алып кетпеуі үшін,Боран у-у-у деп келе қалғанда гимнастикалық қабарғаға өрмелеп шығуы керек.Боран соғып балаларды бір айналып өтеді.Ұсталып қалған баланы,боран алып кетеді.Ойын 2-3 рет қайталанып ойналады. К\Құралдар: Боран киімі ақ матадан тігілген жамылғы бептерде.

Ұйқыдағы аю.

Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады.
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізі\п лорындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді.
К\Құраладар:Аю бетпердесі.

Ат жарыс

Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады.
Ойын шарты: Балалала тәрнбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша,ат үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді.Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.
К\Құралдар: Екі командаға аттың кескін бетпердесі.
Үй артында қол ағаш
Ойынды топ бала болып ойнайды.
Ойын тәртібі: қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады.ойын бастаушы не белбеу,не орамал алады да ,дөңгеленіп тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді.
Үй артында қол ағаш
Желбау тартам , есік аш,-деп бірнеше қайталанады.Дөңгеле тұрған балалар:
Үй артнда қол ағаш
Жел кірмесін ,ескі аш-деп бірігіп жауап қайтады.Тұрған балаларға ұстасқан қолдарын ажыраппайды.Ол-есік ашпағанның белгісі.
Енді: Үй артында қол ағаш
Жел бау тартам есік аш-деп жүгіріп жүрген бала өзі артындағы баланы артына ормалмен бір соғып қалады да ,орамалды сол балаға тастай сала:
Үй артындла қол ағаш
Озам десең ала қаш-деп өзі сол бетімен жүгіре береді. Осының боларын біліп,әзір тұрған бала да «Қол ағашты ала сала,әлгі балаға қарма-қарсы жүгіреді.Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар
Үй артында қол ағаш,
Қол ағаштан ала қаш
Бұрын келген балаға
Тездеп барда есік аш,-деп барлық бала хормен айтады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бала зейінін дамытуда қазақтың ұлттық ойындарының маңызы

Автор: Шадет Алеша

Дата: 12.05.2017

Номер свидетельства: 414725

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТА?Ы БАЛАЛАРДЫ О?ЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ?ОЛДАНУ "
    ["seo_title"] => string(80) "miektiepkie-dieiingi-zhastag-y-balalardy-ok-ytuda-oiyn-tiekhnologiiasyn-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "243470"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445749900"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Баяндама "Музыка сабағы мектептегі тәрбие көзі""
    ["seo_title"] => string(54) "baiandama_muzyka_sabag_y_miektieptieghi_t_rbiie_kozi_1"
    ["file_id"] => string(6) "391986"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487141709"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ БАСТАУЫШ  СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? ТІЛІН, ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ТАРЫН АРТТЫРУ "
    ["seo_title"] => string(104) "oiyn-tiekhnologiiasyn-k-oldanu-ark-yly-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-tilin-k-yzyg-ushylyk-taryn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "202594"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429284106"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ойын арқылы бала тілін дамыту"
    ["seo_title"] => string(30) "oiyn_ark_yly_bala_tilin_damytu"
    ["file_id"] => string(6) "412705"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1493720622"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама "О?ушыларды? с?йлеу тілін ойын ар?ылы дамыту" "
    ["seo_title"] => string(57) "baiandama-ok-ushylardyn-soilieu-tilin-oiyn-ark-yly-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "151439"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420707871"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства