Просмотр содержимого документа
«Балабақша сұлтаны»
"Балабақша сұлтаны"
Мақсаты: Балалардың тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық деңгейін, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүйетін нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.Ата салтын насихаттай отырып, ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді көрсету.
Жүргізуші: Барлығыңыз есен- сау бармысыздар!
Бала деген өмірдің қызығы ғой,
Бала деген өмірдің жалғасы ғой.
Қызығын қызықтауға тоймаңыздар,
Бір- бір үйдің еркесі, інілері,
Мықтысы тез назарға ілінеді.
Бәрі де осал емес, өнерлілер,
Ақан Сері, Біржанның інілері.
7-мамыр Отанқорғаушылар күніне арналған "Балабақша сұлтаны" байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Жиналған мерекеге бүгін халық,
Қарасын біздің жаққа көзін салып
Жігіттің сұлтандары келіп қалды
Өнер мен тапқырлығын қатар алып
Бүгінгі сайысымызға қатысатын сұлтан жігіттеріміз
1. Ата-анасы өз жанына балаған
Жетсін әркез арманына аңсаған
Бар жақсыны жиып жүрген бойына
Алдарыңда алғыр бала Досымжан
2. Білімге құштар Шалқар
Қызыққа бір тоймаған
Бәрін біліп алсам деп
Білгенін айтып қоймаған
3. Ата-анасы өз жанына балаған
Болашаққа мол сеніммен қараған
Бар өнерін алып келген ортаға
Арамызда Олжасұлы Аян
4. Батыр жігіт Жансерік
Болсын деген балапаным саялы,
Алақаны ата-ананың аялы
Өнерімнің көпке таныс
Әлпештейді құшағында саялы.
5. Ержүрек жігітіміз Маханбет
Әділдікті жақтаймыз
Ізеттілік сақтаймыз
Осындай зор мақсатпен
Табалдырық аттаймыз.
6. Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол Азамат
Ал енді сіздерді бес кезеңнен тұратын сайыстың міндеттерімен таныстырып өтейін:
2. "Өнерлінің өрісі кең" (сұлтандарымыз өз өнерін көрсетеді.)
3. "Күш атасын танымас" (ойындар)
4. "Үй тапсырмасы..."(Балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді.)
5. “Ерден атайдың ұрпақтарымыз” (ертегі)
Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып
1. төрайым: Демеева Ақтоты
2. мүше: Сансызбаева Ақсәуле
3. мүше: Бердикулова Гүлшат
Сайыс бес балдық жүйеде өтеді.
Жүргізуші: Ақыл, көркі бойларында жетеді.
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға,
Сұлтандар өздерін таныстырып өтеді.
1 бөлім: "Тегін білу, тектілік"
1.Атым менің - Жансерік Серманұлы
Руы жырау Роман ата немересі
"5"деген жасқа толып биыл міне
Бұл сынға алғашқы рет келіп тұрмын.
Отбасым бар 4 адамнан құралған
Тұңғышымын ата-анадан нәр алған
Шекараның тыныштығын қорғайтын
Ата-анамды үлгі тұтам әр қашан
Балауса балабақшасында тәрбие алып
Үлгілі бала болып өсіп келелі
Болсам деймін болашақта ел баласы
Ата-ананың жолын қуар ер дарасы
Мен де келдім үмітпен бұл сайысқа
Мен ән салсам, айналам нұрланатын
Бақсынаймын "жігіт сұлтан" байқауында
Өнерім бар баршаға ақтаратын
2.Армысыңдар, жиналған көрермен ел
Бәйге түссе бақ қонар,
алқа билер
Сәйгүліктей топ сана, сынға түссе
Нұралхан немересі басты үміткер
Ойымды өрнек баудай кестелейін
Тұлпарсыз тыңдағанға болар биің
Атым- Азамат Есеннің ұлы болам
Туылдым құт мекендей Бейнеу деген
Мұңалдың Әлиінің шырынымын,
Нағашым қырықмылтық шырынымын
Алияштай анашымның осы күнге
Кішкентай ойнақтаған құлынымын
Бесте менің жасым сұрасаңыз
"Балауса" бақшасына мен барамын
Өзімді таныстырдым алдарыңда
"Жігіттің сұлтаны" атануға тырысамын.
3.Жігіт бол, шықтым міне жолға бүгін
Бекет ата, ағайын қолда бүгін!
Жасымыз беске енді шықса дағы,
Көтердім бесті нардың зорға жүгін
Тағдырым ұшында тұр таяғыңның,
Олжас пен Гаухар қыздың Аянымын
Атам мен әжемді көрмесем де...
Әңгімесін естіп өстім баяғының
Руым Мұңал Жары, Құрым Мұрат
Қай істе де қасқайып, келіп тұрады.
Ақша Кедей нағашым Жеменейде,
Естігендер міндетті мойнын бұрады!!!
4. Армысыз, асыл көрермен
Сайысты бүгін көретін
Армысыз, әділ қазылар
Саралап баға беретін
Таныстырсам өзімді Балаусаның түйегі
Досымжан деген баламын
Сескенбейтін жүрегі
Батыр Ұлан боламын
Тегімді менің сұрасаң: Адай, Тобыш, Әлменбет
Баласы оның Ер Бәубек
Рухымен қолдайтын атам қапсы Алқабай
Даналықты үйреткен Несібелі- өз әжем
Мұнайшы әкем - Мереке,
Имандылықты ту еткен
Дәрігер анам - Әсия,
Әлдилеп бесік тербеткен
Сеземін дәмін еңбектің
Қиындық болса жеңбекпін
Ізімнен ерген ініме,
Үлгі боп мәңгі жүрмекпін
Тәрбиеші апайлар!!!
Мың алғыс Сізге демекпін
Сынға түсер үміткер,
Сәттілік болсын демекпін!
2 бөлім: Би билеймін тынышыңды алатын
Ән саламын жанның шөлін басатын
Әсем әннің әуенімен өткізген
Шіркін, шіркін, бұл өмірдің әр сәтін, -демекші келесі кезекті "Өнерлінің өрісі кең" сайысына берейік.
1. Досымжан "Тұлпарым"
2.Шалқар Флешмок
3.Аян "Жас дәуірдің түлегіміз"
4.Жансерік "Айдидарлы анашым"
5.Маханбет "Бөбектер"
6.Азамат Көркем сөз
3 бөлім: Бес саусағым- бес өнер
Он саусағым- он өнер
Досым болсаң- сен егер
Өнерімді көре бер
Келесі бөлім "Күш атасын танымас"
"Қол күрес"
"Асық ату"
4 бөлім
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба салтынан
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
Келесі бөлім "Үй тапсырмасы..."(Балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді.)
5 бөлім Үй тапсырма
6 бөлім Ертегі
Батыр болған бабамнан,
Ел қорғауды үйренген
Ару болған анамнан,
Ар қорғауды үйренген- сұлтандарымызды ортаға шақырамыз (Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.)
Бүгін біздің өрендеріміз нағыз қазақ жігітіне тән өр мінездері мен тамаша өнерлерін көрсетті. Бұл олардың ертеңгі болашаққа деген нық қадамдарының бастамасы ғана. Әрқашанда сыннан сүрінбей өтіп, биіктерге жете беріңдер. Қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Өркендерің өсіп, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
Жеңіс күні- 70жыл
Жүргізуші: Құрметті отанқорғаушылар және женістің 70жылдығымен тобымыздың ұлдарын және ата-аналарды, балабақшамыздағы ағайлар мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз
9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!!!
Әрқашан мамыржай, бейбіт күн тусын
Сол күні маз болып ащы сусын ұрттағанша
Батырларды күнде жырлайтұғын күн болсын....
Еркеназ: Батырларға әр қалада
Ескерткіштер орнады.
Орнады ел жаңара
Ардагерлер арманы
Бекмұханбет: Болдырмауға соғысты
Тойлаймыз біз жеңісті.
Қалалар келіп қалпына,
Құлпыра түсті жер үсті
Маханбет: Көрінбейді медальдан,
Батырлардың кеудесі,
Жолықсын тек енді алдан,
Соғыстың тарих көрмесі.
"Солдаттар" би
Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Ия, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанына елін қорғаған еді. Момышұлы Бауыржан (1910-1982) екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Дүниежүзі халқы бостандық алды. Халық отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Ерлік, Бірлік, халықтар достығы нығая түсті.
Әдина: Бұл соғыстан аталар,
Ерекше ер боп келген күн
Тарихқа талай ғажаптар,
Аңыз болып енген күн.
Гаухар: Гүлмен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні елімнің!
Шалқар: Біз балдырған тең басқан
Дос қушағын кең ашқан
Тілегіміз бей біткүн
Ашық болсын кең аспан.
Видеоролик
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдулин, Талғат Бигелдинов т.б.Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, балабақша мен мектепкеде алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз жайраңдап күлгеніміз- бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.
Алтын: Мың құбылып тұрса-дағы бар мұңы
Адамзатты алға бастар Ар заңы
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан
Туа біткен туралықтың тарланы
Фатима: Аты аңыз, жыр қылып
Елдің батыр түлегі
Әр жүректе тұр күліп
Әлия атты батыр қыз
Бота: Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз.
"Жас дәуірдің түлегімі"
Жүргізуші: Отан туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Данияр: Туған күнің құтты болсын,
Құтты болсын Отаным.
Құт береке, той мереке,
Бола берсін әр дайым.
Аян: Барша халық жеңіс күнін тойлайды.
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Інжу: Отан-тарих, отан-тіл,
Жасаған елін, ер халқын
Отан- өлкең, отан жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
"Ел қорғауға әзірміз"
Марғұлан: Егемен елдің ұлымын
Ертеңгі күннің нұрымын
Отанын сүйген азамат
Болатындардың бірімін
Әділет: Отан дейміз от жаққан жерімізді.
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
"Катюша" биі
9 мамыр - Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО - ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана жарынан айырылды,қаншама бала әкесіз қалды.Соғыс даласынан 20 миллоннан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350мыңы қазақ болатын.