Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын – ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез – құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Балабақшада дидактикалық ойындардың маңызы»
Балабақшада дидактикалық ойындардың маңызы
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын – ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез – құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.
Дидактикалық ойында білім беру мен оқыту бір- бірімен тығыз байланыста жүреді.
Қорыта айтқанда, ойын – баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп – оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс – жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Баланың рухани жетілу мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.
Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.
Ойын өткізгенде мен ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды үйретемін. Мен тек ұйымдастырып қана қоймай, ойынға өзім де қатысамын және белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етемін, бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.
Ойынның үлкен басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл – ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін - өзі ұстауға, өздерінің мінез – құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.
Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір- бірімен қарым – қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына , қиындықты ақылмен жеңе білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.