Мектепке дейінгі ұйымда балалар тәрбиеленіп қана қоймай,балабақшада әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру барысында балаларға әлеуметтік,танымдық,шығармашылық,салауатты өмір салтын қалыптастыруға болады.Балабақшада өткізілген әр-бір шараның маңызы ерекше.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мектепке дейінгі ұйымда балалар тәрбиеленіп қана қоймай ,балабақшада әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру барысында балаларға әлеуметтік,танымдық,шығармашылық,салауатты өмір салтын қалыптастыруға болады.Балабақшада өткізілген әр-бір шараның маңызы ерекше.Балабақшада өткізілген мерекелер балаларды әлеуметтендірудің бірден-бір құралы .1-Қыркүйек Білім күні қарсаңында балабақшамызда білім күнімен қатар С.Н.Шапағатов ағамыздың өмір жолымен , еңбектерімен балабақша табалдырығын атаған бүлдіршіндерге таныстырылып, тақырыптық сабақтар ұйымдастырылады.Тақырыптық сабақтың мақсаты: Бүлдіршіндерге балабақшамыздың есімі осы С.Н.Шапағатов ағамыздың есімімен аталатынын,осы ағамыз сияқты ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ балабақшадағы өткізілген мерекелер арқылы балалардың ой-өрісінің дамуы да көрінеді.Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді.
1.Қоғамдық-саяси мерекелер.
2.Тұрмыстық мерекелер.
3.Маусымдық мерекелер.
1.Қоғамдық саяси мерекелерге: «6-Шілде Астана күні, 30-Тамыз Конституция куні,
16-17 Желтоқсан Тәуелсіздік күні,8-Наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесі, 1-Мамыр Достық мерекесі,7-Мамыр Отан қорғаушылар мерекесі мен 9-Мамыр Жеңіс күні мерекесі» Қоғамдық саяси мерекелер ұйымдастырудың мақсаты: балаларға патриоттық тәрбие беру,өз отанына ,жеріне,халқына деген сүйіспеншілігі,әдептілікке,инабаттылыққа ,тәрбиелеу болып табылады.
2.Тұрмыстық мерекелерге: Жаңа жыл,22-Наурыз мерекесі,балалардың балабақшамен қоштасу мерекесі жатады.Тұрмыстық мерекелерді ұйымдастыруды мақсаты: Қөңілділіктің,шаттықтың күйін шертеді, және қазақ халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңірту арқылы балаларды ұлтжанды ,өз қазақ халқының қазынасын сақтап қалуға тәрбиелеуге болады.
3. Маусымдық мерекелерге: «Алтын күз мерекесі», «Көктем келді құлпырып», «Алақай жаз келді» Бұл мерекелерді ұйымдастырудың мақсаты: Балаларды табиғатта болатын өзгерістерді бақылауға, әр жыл мезгілінің берекесін,молшылығын, сұлулығын сезініп білуге тәрбиеленеді. Жаз мезгілінде сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.Сауықтыру шараларды ұйымдастырудың мақсаты: жаз мезгілінде балалардың денсаулығын нығайту,эмоцияналдық, түлғалық,танымдық дағдысын қалыптастыруға пайдасы мол.Жаз мезгілінде балабақшада «Нептун мерекесі» өткізіледі.Мерекені ұйымдастыру мақсаты: балалар әртүрлі эстафеталық жарыстар ұйымдастырып,балалардың денесін шынықтыруда салауатты өмір салтын қалыптастыруға болады.Ашық есік күндері де балабақшада өткізіледі.Ата-аналар балаларының күн тәртібімен танысып,оқу-іс әрекеттеріне қатысып ,балаларының балабақшадағы бір күнін бақылайды.Жалпы ашық есік ұйымдастырудың мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту болып табылады.«Жол ережесі» туралы шаралар да ұйымдастыруда балалар жол белгілерімен,жолда жүру ережелерімен танысып,көшеде ,жолда сақ жүруге тәрбиелеуге болады. Жалпы айтқанда,балабақшада өткізілген әрбір іс-шараның тәрбиелік маңызы зор, балалардың санасының дамуына,өсіп –жетілуіне ,дені сау жеке тұлға болып қалыптасуына әсері мол.