Просмотр содержимого документа
«Балабақшада түрлі жас топтарында ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.»
Балабақшада түрлі жас топтарында ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.
Кypмaшева Г.К.,
Сәтбаев қаласы
№31 «Бaлaпaн» бөбекжай б/б КМҚК тәрбиешісі.
Балабақшадағы тәрбие мен білім беру үдерісінің нәтижелілігі үшін тәрбиеленушілердің отбасыларымен қарым-қатынас өте маңызды деп есептеймін. Балабақша тәрбиешілері мен ата-аналардың күш-жігерін біріктіру – бұл психология-педагогикалық тұрғыдан алғанда да оңай міндет емес.
Менің міндетім – мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасқа жағдай жасау; отбасы мүшелерін оқу-тәрбие жұмысына белсене қатысуларына тарту; ата-аналарға тәрбие беру үдерісіне көмек көрсету.
Баланың мүддесі үшін ата-анамен ынтымақтасу барысында көптеген заманауи әдіс-тәсілдерді қолданамын. Алғашқы кездесулер аясында сұхбаттасу әдісін қолданамын. Ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымнан не күтетіндігін айқындаймын және олармен келесі түрдегі сұрақтарды талқылаймын: «Ата-аналар бөбекжай-бақшадан не күтеді?» және т.б. Ата-аналар бұрышында сәбиді таңертең топқа күйзелмей қалдыруға көмектесететін «Балабақшаға барғысы келмесе» секілді кеңестерімді орналастырамын. Әр балаға арналған «Портфолио» жақсы нәтиже береді. «Портфолио» барлық түзету субьектілерінің өзара әрекеттестігін үйлестіруге мүмкіндік береді (сәби, дәрігер-педиатр, педагог-психолог). Әр баланың портфолиосы көрмедегі сияқты қойылмайды. Оны өзім сақтаймын, мазмұнын ата-анасымен ғана құпия талқылаймын. Жалпы, менімен, жаңашыл деп саналатын түрлі әдістер қолданылуда:
- көрнекі насихаттау
- отбасына қатынау
- сауалнамалау
- ата-аналар жиналысы
- ашық есіктер күні
- дөңгелек үстелдер
- біріккен бос уақыттар
- ата-аналар бұрышы мен ақпараттық стендтерді жобалау
- «Жас ата-ана мектебі» атты ата-аналар клубы
- педпроцестерге (сабақтар, ертеңгіліктер, экскурсиялар) және еңбек әрекеттеріне қатыстыру.
Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқының қалыптасуында үлкендерге, ата-әжесі, әке-шешесіне еліктеушілік басым болады. Сол себепті ата-аналарға рөлдік ойындар, әдеби шығармаларды пайдалануға ұсыныс жасаймын. Оларға балаларды ынталандыратын нақты тәсілдерді ұсынған жөн: арнайы жаттығулар – ертегілердің соңын ойлап табу, фигуралар мен бөлшектердің суретін салуды аяқтау және т.б. Сәбидің елеусіз жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау, оның жетістіктеріне мән беру арқылы тәрбиеші ата-аналардың өз сәбиіне деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді, сәбидің қол жеткен табыстарын қадағалауға, оларды дұрыс реттеп отыруына үйретеді. Сонымен қатар, отбасында тәрбие беруді сараптаушы жаднама қолданамын. Жаднамада келесідей сараптау бағыттары ұсынылған:
- салауатты өмір үлгісін көрсету
- мәдени-гигиеналық және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру
- баланың денсаулығын есепке алып сауықтыру, шынықтыру шараларын ұйымдастыру
- қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру
- дұрыс сөйлеу үлгілерін беру
- халық ауыз әдебиетімен таныстыру
- балаға «үй шаруашылығын жүргізу дағдыларын» қалыптастырушы жағдайлар құру
- табиғат пен адамның біртұтастығын түсіндіру
- тұрмыстық техниканы қолдануды үйрету
- қазақ және басқада халықтырдың музыкалық шығармаларын тыңдау
- рухани-адамгершілік мінез-құлық негіздерін игеруін қамтамасыз ету
- еңбек әрекеттеріне жағдай жасау
- табандылық, мақсатқа талпынушылық және басқа ерік-жігер қасиеттерін дамыту.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай «Қазақстан балалар көзімен» атты суреттер байқауын ұйымдастырдық. Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеу мақсатында өткізілген байқауға, көптеген ата-аналар мен балалардың шығармашылық жұмыстары көрсетілді. Ата-аналардың қатысуымен, педагог-психологпен «Адамгершілік «айналайыннан» басталады» атты тренинг жүргізілді.
Баланы қоғамға лайық азамат етіп тәрбиелеу, бойына адами қымбат қасиет дәнін егу, жемқорлық сияқты жағымсыз қылыққа өзіндік көзқарасын қалыптастыру балабақша қабырғасынан басталады.
Осыған орай, ересек топтарда оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Балабақша әдіскері ата-аналармен, педагогтармен тығыз байланыста әртүрлі іс-шара мен байқау, дөңгелек үстел, отырыс, семинар, жиналыс ұйымдастыруға ұйтқы болып жүр. «Мемлекетке құрмет» және «Шыншылдық» тақырыптарына арналған тақпақтар байқауы, «Шыншыл бол!», «Будь честным!» шығармашылық жұмыстар көрмесі – соған дәлел. Мұндай шараларға ата-ана көрермен ретінде ғана шақырылып қоймай, балалар өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамына да енгізіледі.
Жемқорлық секілді жолсыздыққа жол бермеу мақсатында қолжетімді жерге «Сенім жәшігі» қойылған. Оған түскен ақпаратты балабақша директоры сараптан өткізіп, тиісті шара қолданып отырады.
Ата-аналармен жұмыс түрлерін тереңдету және кеңейту, отбасы мүшелерін тәрбие-білімдік жұмысқа белсене қатысуларына тарту үшін, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қорыта келгенде балалардың ата-аналары мен мектепке дейінгі ұйым, балаға тәрбие және білім беруде бірлесе қызмет етеді. Осылай балабақша ұжымы мен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаларға тиісті көңіл бөлсе, сана-сезімін оятуға септігін тигізсе елдің келешектегі арқасүйер адал, жанашыр азаматын тәрбиелейміз.