"Балабақшада ұлттық ойындармен жұмыс жасау тиімділігі"
"Балабақшада ұлттық ойындармен жұмыс жасау тиімділігі"
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты, халықтық және эпостық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің шешімін табу үшін Ұлы педагок В.И.Сухомлинский:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Балабақшада ұлттық ойындармен жұмыс жасау тиімділігі"»
«Балабақшада ұлттық ойындармен жұмыс жасау тиімділігі»
Елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып ,білім мен білігі жағынан өркениетті елдердің замандастарымен қатар тұра алатын , бойында ұлттық ,отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады , себебі баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі…» деп көрсетілген.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты, халықтық және эпостық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің шешімін табу үшін Ұлы педагок В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл – ойы, парасаты ұлттық салт – сана сіңіру арқылы байи түседі.
Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші, өсе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезеңде үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану қажет. Кейінгі кезде ұлт ойындарында көңіл бөлу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.
Қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тай, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек- көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар,қыз қуу, асық, хан талапай, теңге алу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
Мен ұлттық ойындарды балаларға, серуендерде, ұ.о.қ арасындағы уақыттарда, сондай-ақ қандай да бір оқу тапсырмаларын орындау кезінде ұ.о.қ немесе бой сергіту кезінде ұсынамын. Ұлттық ойындар: Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын өргіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады, әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі сүйікті істер болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет. Тәрбиеші ойын ойнауға жағдай туғызып, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Балалардың өзара ынтымақтық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуы аса маңызды.
Ендеше назарларыңызды менің бағдарламама аударыңыздар. (бағдарламамен таныстыру слайд, көрнекілікпен жұмыс,кітап, электронды орта)
Тәрбиешілермен ойын: «Орамал тастамақ»
Мақсаты: Балалардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйрету.
Сөздерді буындап айтуға,дұрыс табуды жаттық-
тыру.Балаларға ойынның тәрбиелік мәнін түсіндіру.Батылдыққа ептілікке,ұйымшылдыққа үйрету.
Ойынның шарты: «Орамал тастау».
Ол алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушыар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.
Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.
Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.
Тапсырмалар беру.
Сергіту жаттығуымен аяқтау.
Ақтөбе қалалық білім бөлімі
№32 « Қуаныш» мектепке дейінгі ұйымы
Тақырыбы: « Балабақшада ұлттық ойындармен жұмыс жасау тиімділігі»