kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балабақшаның визиттік карточкасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

балабақшаның құрылысы,жалпы жұмыс жасап жатқан бағыты,және жеткен жетістіктері туралы жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балабақшаның визиттік карточкасы»

Білім қазынасын балабақшадығы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп,олардың болашақтарына игі ықпал ету негізгі міндетіміз.Еліміздің болашағы-ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз.Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру баршаға ортақ іс,әрі міндет.Бүгінгі жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы –балабақша

Ертіс ауданы әкімдігінің, Ертіс ауылының №2 балабақшасы ғимараты бiр үлгiдегi, екi қабатты, ауылдың ортасында, өнеркәсiптiк кәсiпорындар және трассадан алыста орналастырған. Біздің балабақша 100 орынға арналған. Қазір балабақшамыз жаңа заман талабына сай жабдықталған, ауламызда шырша мен арша, жұпар иісі отырғызылған раушан гүлзарлар мен аққайын ағаштары, жан-жануарлар мүсіні балабақшамызға сән беріп қана қоймай, балаларды туған табиғатын сүюге тәрбиелейді.

Балабақшада денсаулық бағдарламасы бар, онда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша мақсаттар мен міндеттер белгіленген.

Бағдарламаның басты бағыттары бар:

1. Алдын - алу.

2. Ұйымдастырушылық. .

3. Емдік.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын ңығайту әдістері мен нысандары белгіленді.

Білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес, №2 балабақша ауыспалы әлемдегі өмірге даяр тұлға ретінде баланы қалыптастыру мақсаты болып табылатын мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіруге бағыт алды:

Осыған сәйкес, біздің балабақшаның даму мақсаты:

. Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қарқынды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз етіп және алғышарттар жасау.

Міндеттері:

  • Мектепке дейінгі мекемеде білім беруді жоғары сапамен қамтамасыз ету, балалардың жеке жетістіктері жоғары болуы үшін жағдай жасау;

  • Білім беру және әкімшілік процесінде инновациялық технологияларды енгізу;

  • Балабақшаның материалдық – техникалық базасын нығайту;

▪ Педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілігін және мәдени деңгейлерін жетілдіру;

  • ▪ Білім беру процесінің негізгі мәселелерін шешу кезінде ата – аналардың рөлін және олардың құқығын жүзеге асыруды нығайту үшін жағдай жасау.

Балабақшада бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға жағдай жасалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты мынадай бағдарлама пайдаланылды:

  • Жаңа типтік бағдарлама -2016 жыл жұмыс жасайды

Сонымен қатар тәрбиешілердің авторлық бағдарламалары бар:

  • «Компьютер әлемі» балабақшада информатика пәнін оқытуға арналған бағдарлама (ортаңғы және ересек топтарына арналған оқу бағдарламасы);

  • « Театр әрекеті» балабақшада қосымша вариатив сабақтарын оқытуға арналған бағдарлама (ІІ кіші,ортаңғы және ересек топтарына арналған оқу бағдарламасы);

  • «Дойбы ойынының бастапқы жүрістері» балабақшада қосымша вариатив сабақтарын оқытуға арналған бағдарлама (ортаңғы және ересек топтарына арналған оқу бағдарламасы);

  • « Тәрбие тал бесіктен» балабақшада қосымша вариатив сабақтарын оқытуға арналған бағдарлама ( ересек топтарына арналған оқу бағдарламасы);

  • « Таңғажайып табиғат» балабақшада қосымша вариатив сабақтарын оқытуға арналған бағдарлама ( ересек топтарына арналған оқу бағдарламасы);

  • «Happy English» балабақшада ағылшын тілін оқытуға арналған бағдарлама (ІІ кіші,ортаңғы және ересек топтарына арналған оқу бағдарламасы);

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі - мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.

Біздің балабақшада басты білім беру қызметінің шеңберінде, балаға қосымша білім беру қызметтері ұсынылады, олар үйірме жұмысында беріледі.

Үйірменің атауы

Жауаптылар

1. « Жас зерттеуші »

Усаханова С.А

Кулмагамбетова С.А

2. «Ертегі әлемі» театралдік үйіріме/ ертегілерді драмалау және қуыршақтар театры/

Баязова Р.С

Нургаламова А.С


3. « Қимылды ойындар» спорттық үйірме

Бекпауов Н.Е

4. « Хеппи беби» / ағылшың тілінің үйірмесі/

Бекпауова Г.Р.

5. « Компьютер әлемі» үйірмесі

Ташибаева К.Е

6. «Сиқырлы өнер әлемі» сурет іс-әрекетіне бейімдеу үйірмесі

Оспанова Ж.Ж

7. «Би» үйірмесі

Қонырбаева Ж.Қ

8. «Әнші балапан» үйірмесі

Иманберлинова Г.А

9. «Епті алақандар» үйірмесі

Кусаинова А.Е

Егимбаева А.Қ

Үйірмелік жұмыс жүргізу үшін жұмыстың болашақ жоспары мен кестесі құрастырылады. Қосымша білім беру тегін негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік тілді білу - парыз, өзге тілдерді үйрену-құқық. Мемлекеттік тіл мен шет тілдерінде меңгеру, балабақша ашылған күнінен бастап қолға алынған. Балабақшада үш тілдік еңгізілді, ағылшын тілі кабинетінде ұсынатын заттық-кеңістік орта жасалынған. Ол тілді меңгеру барысын жетілдіруге жәрдемдесетін бай дидактикалық материал, оқу-көрнеліктер, қазіргі заманғы техникалық құралдар жинақталған. Ағылшын тілі маманы Бекпауова Ғалия Рашидқызы «Қызықты ағылшын тілі» авторлық бағдарлама бойынша балабақша бүлдіршіндерімен тиянақты және нәтижеле жұмыстар жүргізіп келеді. Балалардың тілге қызығушылығы өте жоғары.

КМҚК №2-шi балабақшасының материалдық-техникалық базасын күйі педагогикалық талаптар, бiлiмнiң қазiргi деңгейi және санитарлық нормаларға сәйкес келедi.
4 топтық бөлмелер, 4 ұйықтайтын бөлме, 2 зал.

Балабақшада мынадай кабинеттер жұмыс істейді:

*дене шынықтыру сабағы және спорт сайысы өткізілетін –спорттық кең залы;

*музыка сабағы өткізілетін эстетикалық құрылымдағы музыка залы;

*шет тілді үйренуге ағылшын сабағы және де компьютерді меңгеруге информатика сабағы арнайы өз кабинеттерінде жүргізіледі;

*медициналық топтамасы: медбике кабинеті, изолятор, емдеу шараларын жүргізетін кабинеті;

*заманауи техникамен жабдықталған –асхана;

*театр әрекетін дамытуға арналған –театр сахнасы;

* үйірмелер «Жас зерттеуші», «Сиқырлы өнер әлемі», «Монтессори» кабинеттері;

*психолог кабинеті;

*еліміздің тарихымен таныстыруға арналған мұражай бөлмесі;

*балалардың құрастыру әрекетіне арналған модулдік кабинеті;

*жолда жүру ережелер бұрышы;

Балабақшаның әрбiр қызметкері үшiн олардың құқығы және қызметтiк мiндетi анықталған лауазымды нұсқау жасалған.


Балабақшаның ұстаздары қарым-қатынастағы талаптылық, тiлектестiк, демократияшылдық, ашықтық айырады. Ұстаздардың көпшiлiгi iскерлiк сараптауды өттi және өз дәрежесiн арттырды.

Педагогикалық ұжымда 15 педагог тұрақты жұмыс істеуде,оның ішінде жоғары білімді 9 маман,арнайы орта 6 маман,санаты бойынша І санатты 3 адам, ІІ санатты 10,санатсыз 2 педагог жұмыс жасайды. Ұстаздардың жалпы санынан үш жылда курстық әзiрлеудi өттi және өз педагогикалық ұсталарын 80% жоғарылатты. Ұстаздардың жетiлдiруi облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мамандығын жетiлдiруi жолымен жоғарылатады

Балабақша ашылғаннан бері осында жұмыс жасайтын мамандардың арқасында біршама жетістіктерге қол жеткіздік,оны атап өтетін болсақ:

2011 жыл Джунусова Гүлстан Қайыржанқызы «Жыл тәрбиешісі -2011» байқауының аудандық,облыстық І дәрежелі дипломының жеңімпазы.

2011 жылы меңгеруші Сыздыкова Гүлжан Сағадатовқызы аудандық құрмет грамотасына ие болды.

2012 жылы Мамабетова Камила Амангельдиновна «Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің» облыстық кезеңінде физика-математикалық бағыты бойынша ІІІ орынға, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды .

2012 жылы Ертіс аудан бойынша мектепке деінгі мекемелердің ішінде «Ең жақсы балабақша» дипломына ие болдық.

2013жылы жас мамандар арасында Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Сарсембаева Бұлбұл Ғосманқызы алғыс хатпен марапатталды.

2015,2017 жылы аудандық «Жыл балабақшасы» конкурсының І орын иегері

2015 жылы Сыздыкова Гүлжан Сағадатқызы облыстық Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Құрмет грамотасына» ие болды.

2012,2013,2015 жылдары балалар аудандық велосипед жарысынан І-орынға ие болды

2011,2013,2014,2015,2016,2017 жылдары балаларымыз аудандық «Бүлдіршін» фестивалінде I орындарға ие болды.

Тәрбиешілер жыл бойы түрлі қашықтық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Биыл 2016 жылы облыстық бүлдіршін байқауының лауреаты атанды.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.Олар адамдардың іс-қылықтарынан,мінез-құлықтарынан көрінеді,моральдік игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ өзара қарым-қатынастардан байқалады.Отанға сүйіспеншілік,қоғам қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары,бұл сезімдердің,мінез-құлық пен өзара қарым-қатыстаның бөлінбес элементтері.

Бала тәрбиесі,оны мәпелеп өсіру бүгінгі танның үлесіндегі күрделі міндет.Осы міндетті балабақша ұжымы өздерінің ауызбіршілігімен,ізденімпаздылығымен,шығармашылық еңбектерімен орындауда.











3



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Балабақшаның визиттік карточкасы

Автор: Сарсембаева Булбул Госмановна

Дата: 27.06.2017

Номер свидетельства: 423279


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства