kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балабақшада халық педагогикасын пайдалану"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама                   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балабақшада халық педагогикасын пайдалану"»

ШҚО Күршім ауылы Кұршім ауылының балалар бақшасы

Тәрбиеші:Тукушова Ляйля Кумаргазыновна











БАЛАБАҚШАДА ХАЛЫҚ

ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ.



































Қазақ халқының тұла бойы,

жүріс-тұрысы мінез-құлқы,

істеген-ісі – тұнып тұрған тәрбие.

Сондықтан біздің алға қойған міндетіміз-

мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие

жұмысындағы жақсы салт-дәстүр,

әдет-ғұрыптарды жинақтап,

саралап пайдалану арқылы болашақ

ұрпақті адамгершілік қасиеттерге баулу».

С.Дорженов





Халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұраларын біліп, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің құнарлы топырақ нәрлі қайнарына айландыру - өмір қажеттілігі, адамзаттық, перзенттік парызымыз. Халық педагогикасын оқу - тәрбие процесіне енгізіп, соның негізінде ізгілікті тәрбие беру - ол маңызды міндетіміз. Ол - даналыққа толы мақал-мәтелдер, ол - түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махаббатқа толы әлдиі, бесік жырлары, балдырғанның балдай тәтті тіліне оралған тақпағы, жұмбағы мен жаңылпаштары, қиялғажайып ертегілері мен жырлары, думаны мол балалық шақтын қызығы - ұлттық ойындар, мерекелер мен тойлар. Өскелен жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балаларды мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, жұмысты ұтымды ұйымдастыру кезінде ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.

Ұлтымыздың мақтанышы болған, ғулама жазушы Мұхтар Әуезов «Ел болам десең, бесігінді түзе»деген екен, тәуелсіз ел екенімізді әр сәби, әр бала жанымен, жүрегімен сезінуі керек.

Біз балабақшада «Қайнар» «Қарлығаш» «Өзін-өзі тану» бағдарламаларына сүйене отырып халық педагогикасы негізінде жұмыстар жүргіземіз.

Мысалы айналамен таныстыруда жануарлармен таныстырғанда, 2-3 сөзден құралған қарапайым сөйлемдерден бастап үйретеміз осындайда тақпақ ойындарын қолдануға болады «Қуырмаш», «Бақа-бақа», «Ақ қоян», т.б. Күн өткен сайын үйретілген сөздер мен ұғым-түсініктер күрделене түседі: «сиыр мөнірейді», «ит үриді», «мысық мияулайды» т.б.

Төрт түлікті қалай шақыруды үйретеміз (шөре-шөре, құрау-құрау, ауһау-ауһау, кәуіс-кәуіс).Үй жануарлары туралы білімдерін көтеру үшін әр түрлі жұмбақтар қолданылады:

Басында 2 таяғы бар

Төрт аяғы бар

(сиыр)

Адам деуге болмайды

Үстінде 2 тауы бар

(түйе)

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Адам деуге болмайды,

Бірақ сақалы тағы бар

(ешкі), т.б.

«Ненің төлі?» - деп аталатын дидактикалық ойын балаларға өте ұнайды, бұл ойынды суреттер, ойыншықтар қолдана отырып, өткіземіз:

Сиыр төлі - бұзау, жылқы төлі - құлыншақ, түйе төлі - бота, т.б.

Халықтың салт-дәстүрлерін күнделікті ойын, сабақ, серуен, ертеңгілік бақылау кезеңінде кеңінен өткізген жөн.

Балалар «Бесік жырын» өте жақсы көреді, қуыршақты бесікке жатқызып, осы өленді айтады. Ал сәбилер тобында ұйықтатар кезінде тәрбиеші осы өлеңді айтса, балалар шаттанып қалады.

Бұл балалармен «бесікке бөлеу», «тұсау кесу» ресімін өткізуге болады, үлкен әжелерді қонаққа шақырып.

Әрине, қазіргі кезде барлық адамдар бесікті қолданбайды, сондықтан осы күнге дейін жеткен салт-дәстүрлермен таныстырған жөн. Үлкен әжелеріміз алғашқы рет баланы төсекке жатқызғанда, төсекті жуып, аластайды:

Алас, алас

Пәле-жәледен қалас

Тілдінің-тілінен

Көздінің көзінен сақта!

Егер бүрын шырақ пайдаланса, қазіргі уақытта шырша, ал шырша жоқта, сіріңкені қолдананды.

Балаға арналған әлди өлеңдер өте көп, қолданатынымыз «Бесік жыры», «Бала, бала, баладан», «Біздің бала қайда екен», т.б.

  1. Бала, бала, баладан

Тауып алдық даладан

Далада бала жатама?

Түсіп қалыпты шанадан.

  1. Әлди, әлди ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем

Құлан қойды сой бөпем

Құйрығына той бөпем.

  1. Біздің бала қайда екен?

Асқар-асқар тауда екен.

Тауда не ғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен. –

Алмасынан кәне ки!

-Жәңә теріп жүр екен.

  1. Біздің бала қайда екен?

Қыздарменен тойда екен

Тойда болса отырсын

Қолына жүзік толтырсын!

«Бесік жыры» өлеңдері балаларға өте ұнайды, оны үйрету үшін «Қуыршақты уату» дидактикалық ойынды ойнатқан жөн, ол арқылы балаға бесікті қалай жабдықтауға болатыны айтылып, көрсетіледі. Бұдан балалардың сөздік қоры көбейеді. Балалар төрлік,таңым, түбек, шүмек, қол бау, жөргек сияқты сөздердің мағынасын түсінеді, айтады. Сонымен қатар балаларға туыстық қатынас жөнінде түсініктер беріледі: әже, ата, нағашы, апа-жезде, аға-жеңге, бөле, жиен, т.б.

Айналамен таныстыру, сурет жапсыру сабақтарында әр түрлі ою-өрнектермен таныстыру жұмыстарын өткізген жөн.

Бұл сабақтарда балалар қошқар мүйіз, құс тұмсық, құс қанаты өрнектерімен танысып, көріп, суретін салып, қағаздан қиып, жапсырады, оюларды атайды. Ою-өрнектермен таныстырған соң қазақтың, ұлттық

киімдерінің түрлерімен таныстыру керек: шапан, тақия, сәукеле, камзол, мәсі. Топта «әсемдік» бұрышын ұйымдастырып, киім түрлері жөнінде альбом жасап, ұлттық балалар киімдерін тіккізіп, ертеңгілік мейрамдарда кигізіп отыру керек. Осы жұмыстар арқылы біз балаларды әсемдікке, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелейміз.

Мысалы, мәсі туралы түсінік беру сабағында, мәсіні неден тігетінін, оны кім тігеді, кім киеді екенін сурет арқылы әңгімелеп, мәсіні көрсетіп, өткізу керек.

Бұл сабақта балаларға мәсінің суреті көрсетіліп, мәсінің ою-өрнектері пайдалынады. Балаларды мәсіні былғарыдан, құрымнан жасалынатынымен таныстырып, көрсетіп, балалар оның жұмсақ, жеңіл екенің көріп, қонышымен, ұлтанымен танысады.

Ал жапсыру сабағында әр балаға мәсінін пішіні беріліп, олар өздері қалаған оюлармен өрнектейді. Ал сабақ қорытындысында тағыда балалардың білімдері сұрақ-жауап арқылы толықтырылады:

  • Аяққа киетін үлттық киім қалай аталады?

  • Мәсі

  • Мәсі неден жасалады?

  • Мәсінің ұлтаны мен қонышын кім көрсетеді?

  • Мәсі қандай болады?

  • Мәсіні кімдер киеді?

Дәл осылай балаларды камзолмен, тақиямен таныстыруға болады.

Бұл киімдермен таныстырып, сурет сабағында әдемі оюларды салып, ал жапсыру сабақтарында әдемі оюларды жапсыртуға болады. Ал, тіл дамыту сабақтарында әр түрлі тақпақтар жаттап, оқуға болады.

Балабақшадағы бүлдіршіндерді ұлттық қасиетке баулуда кезінде ата-бабаларымыздың күнделікті тірлігінде пайдаланған тұрмыстық ерекшелігі мол дүниелермен таныстырудың тәрбиелік мәні зор.

Балалар үй мүліктеріне жиһаздар, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ т.б. жатады екенімен танысады.

Балаларды кебеже, сандық, адалбақан, ағаштөсек суреттерін көрсетіп таныстырады. Жүннен, киізден жасалған кілем, түскиіз, алашамен таныстырамыз. «Бұл қандай зат?» ойыны қорытынды ретінде өткізіледі. (Сурет бойынша үй мүліктері туралы әңгімелеп беру).

Киіз үймен таныстыру сабағында (айналамен таныстыру) киіз үй туралы өлең оқылып, ол неге олай аталғаны (киізбен жапқан), қандай бөліктері барымен таныстырамыз (шанырақ, кереге, уық), киіз үйдің есігі «сықырлауық» деп аталатынымен.

Сурет сабағында естиярлар тобының балалары киіз үй, есігін салады, ал жапсыру сабағында киіз үйдің босағаларын, маңдайшасын өрнектермен әшекелейді. Айналамен таныстыру сабағында үй шаруасында қолданылатын «ұршық» құралымен таныстыруға болады.

Жұмбақ жасырамыз: Шыр көбелек айналар

Беліне жіп байланар.

¥ршықты кім көрді? Ол не үшін пайдаланылады? (жүннен жіп иіру үшін). Балаларға сабы, басы, мұрындығы көрсетіледі. Тәрбиеші балаларға жүнді қалай иіретінін, түтуін көрсетеді. Түтілген азғантай жүнді шүйке деп аталатынымен таныстырады.

Халқымыздың ұлттық тағамдарымен таныстыруда (шелпек, бауырсақ, бесбармақ, айран, шүбат) айналамен таныстыру, тіл дамыту, сурет, жапсыру сабақтарында өткіземіз.

«Нан дастарқанға қалай келеді?»- адам еңбегімен келетінін, көп күні кететінін түсіндіріп, ертегілер, өлеңдер оқылып, диірменші, қырманшы, наубайшы, диханшы еңбектерімен таныстырамыз.

«Көктемгі егіс алқабы» суреті бойынша көктем, тұқым себу туралы әңгіме өткізіледі.

Адам, жер, еңбек туралы мақалдар айтылып, мәнін түсіндіреміз:

Адам жерге нәр береді. Еңбек етсен ерінбей

Жер адамға нан береді Тояды қарның тіленбей.

Нан дастарқанға келу үшін, көп адамдар еңбек етеді, нанды қадірлеуіміз керек.

Нан қоқымын шашпандар,

Жерде жатса, баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Сурет сабағында балалар әр түрлі тоқаш, қалаш салады, ал мүсіндеу сабағында шелпек, бауырсақтар, тоқаштар жасайды.

Бейнелеу сабақтарында айналамызда кездесетің тоғай, гүлдерді мүсіндеп, суретін салып, жапсыруды жүргіземіз.

Топтағы гүлдерді неше бөліктен тұратынын - сабағы, жапырағы, гүл шоғынан жаттықтырып, гүлді қалай өсіріп, күту туралы айналамен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында әр түрлі жұмыстарды жүргіземіз.

«Гүлдер» биін билетіп, әр түрлі гүлдер суреттерің көрсетіп, гүлдер не үшін керек екенің жаттықтырамыз.

Үлкен бір ғалым адам тәжіребе жасаған: өсіп тұрған гүлдің қасынан үш ер адам өткен 1-сі қайырымды жақсы адам, 2-сі қатыгез, дөрекі адам, 3-сі қылмыскер екен.

1-ші адам өткенде гүл сол қалпында өсіп тұрған, 2-ші өткенде гүл солған, 3-ші адам өткенде гүл сабағынан үзіліп түскен.

Гүлдер де адам сияқты сезімтал екен, оны аялап өсіру керек екенін түсіндіреміз.

Халқымыздың ұлттық аспаптары - домбыра, қобызбен таныстыру керек. Әр топта домбыра болу керек, балаларды Құрманғазы, Дина Нұрпейісова мұраларымен таныстырып, домбыраға насихаттау керек.

Айналамен таныстыру сабақтарында өз республикамызбен, Астанамызбен, өзіміздін өлкемізбен таныстыру керек.

Балаларға астана туралы әңгімелер, суреттер өте ұнайды. «Бәйтерек» туралы аңыз өте ұнады. Көктөбе деген тауда «Бәйтерек» деген ғажайып

тоғай өсіпті. Ол тоғайдың төбесіңде жылда Самұрық деген құс алтын жұмыртқа әкелген - Күннің символы. Бірақ жылда ол жұмыртқаны айдаһар жеп қойған. Бұл күн мен түннің, қыс пен жаздың, жарық пен қаранғының ауысуының символы. Ал, Бәйтерек – Астананың өте әдемі монументі. Сурет сабағында естиярлар тобында осы Бәйтеректің суретін салғызуға болады.

Халқымыздың халық педагогикасындағы асыл мұраларының бірі табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілікпен қарауы және оны қорғау туралы өнеге болатындай мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер арқылы жетуінде. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие бұлақ», «әулие ағаш» деп атап, көздің қарашығындай қорғап отырған.

Қарлығаш, аққу сияқты құстарды қасиетті санап, ұясын бұздырмай қорғаған, балапанын алуға, өлтіруге рұқсат етпеген.

Төле би туралы аңыз бар. Жоңғар шапқанда, елі қашқанда, би үйін жықпаған. Қалмақ себебін сұрағанда–данышпан шаңырағына қарлығаштың ұя салғанын, балапандарының қырылып қалмауы үшін үйін жықпай отырғанын айтқанда, әскер басы риза болып, бигеде, қарлығаш балаларына да тимеген.

Сондықтан халық Төле би атаны «Қарлыған әулие», «Қарлығаш би» деп құрметтеген.


Балалармен аулаға саяхат жасап, ағаштарды сындырмау керек, құстарды таспен атуға, суды ластауға болмайтын екенімен үнемі таныстыру керек.

«Су болмаса не істейміз?» деген тақырыпта экологиялық сабақ өткізген жөн - су болмаса тіршіліктің болмайтынын әңгімелеп беру қажет, жұмбақ, мақалдар пайдаланып: «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Гүлді үзбе», «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», т.б.

Айналамыздағы құстарға қамқорлық жасауды түсіндіріп, құстарды аялауды серуенде, әр түрлі сабақтарда жаттықтырамыз, осы сабақтарда әр түрлі сұрақ-жауап, ойын, салыстыру, тақпақ оқып беру әдіс-тәсілдері қолданылады. Серуенде торғайларды бақылап, олардың ұшатынын, қонатынын бақылаймыз. Суреттер, ойыншықтар бойынша торғайдың көзі, тұмсығы, аяғы, қанаты барын, жүні жұмсақ екенін бақылап, әр түрлі өлеңдер оқып, қалай дыбыстайтынын, жем жейтінін, қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеміз, ал сурет сабағында торғайдың суретін саламыз.

Әдемі торғайлардың үнін музыка арқылы тыңдап, әр түрлі әндер үйренеміз.

«Құстар - біздің досымыз, ұяларын бұзбайық!»

Әр түрлі жақсы және жаман істер бейнеленген суреттер қолдана отырып, құстарды атуға болмайтынын, құстың ұясын бұзбау туралы, көк шөпті жұлмау туралы түйіндейміз.

Ұрпақ тәрбиесінде тереңірек үңіліп, отбасы, қоғамдық мекемелер, бүкіл

жұртшылық болып, тәлім-тәрбиені халықтық педагогикаға үлесімді, жаңаша жүргізі, осы ретте тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау, жас ұрпақ зердесінде ата-

бабаның асыл мұраттарын орнықтыру баланың нәрестелік шағынан басталып, әрі қарай жалғасса, бұл үнемі жетіле беретін толассыз тәрбие көзіне айналмақ.

Қәзіргі жас ата-аналардың көпшіліғі өкінішке орай өз ана тіліне шорқақ болғандықтан салт-дәстүрлерді де толық білмейді. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрімізді қызықты ойын-сауықтар,ертеңгіліктер,ойындар арқылы баланың сәби кезінен бастап бойына сіңіру керек. Балалар өз ұлтымыздің, ата-бабамыздың салт-дәстүрін, әдеп ғұрпын уйреніп, асыл қазынасымен, бабалар мұрасымен танысса, олардың ата-аналары біздің жұмысымызға ризалығын білдіреді.

Халықтық педагогика-ұлттық қазына, сондықтан да оқу тәрбие

жұмыстарына оны кеңінен қолданып, бала бойына ата-баба өсиеттерін салт

-дәстүрін сіңіріп, халық қамын ойлайтын тілін,дінін терең білетін,

ұлтжанды, білімды жас ұрпақ тәрбиелеу баршамызға ортақ міндет. Олай болса, тәрбие саласындағы еңбегіміз қашанда жемісті болсын.





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Балабақшада халық педагогикасын пайдалану"

Автор: Тукушова Ляйля Кумаргазиновна

Дата: 01.11.2018

Номер свидетельства: 483059

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "«Рухани – адамгершілік тәрбие беру бағытындағы тәрбиешінің рөлі»"
    ["seo_title"] => string(70) "rukhani_adamghiershilik_t_rbiie_bieru_bag_ytyndag_y_t_rbiieshinin_roli"
    ["file_id"] => string(6) "463626"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522083407"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Бейнелеу ?нері ар?ылы балаларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту "
    ["seo_title"] => string(72) "bieinielieu-onieri-ark-yly-balalardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "150329"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420466140"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "" Ойын-ой өсіреді" Баяндама"
    ["seo_title"] => string(26) "oiyn_oi_osiriedi_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "403152"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1490438041"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "БАЯНДАМА «Ойын-ой өсіреді»."
    ["seo_title"] => string(26) "baiandama_oiyn_oi_osiriedi"
    ["file_id"] => string(6) "412342"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1493462796"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства