Просмотр содержимого документа
««Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері»»
Балаларды есепке алу, қабылдау және олардың қозғалысы бойынша құжаттарды жүргізу
Мектепке дейінгі ұйымда құжаттама жүргізудің және оларды реттеудің бірыңғай талаптарын белгілеу мақсатында.
Мектепке дейінгі ұйымда (бұдан әрі – МДҰ) құжаттама жүргізудің және оларды реттеудің бірыңғай талаптарын белгілеу мақсатында:
ҚР Конституциясын;
«Білім туралы» ҚР Заңын;
ҚР Үкіметінің 17.05.2013 ж. № 499 Қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын;
________________ әкімінің «Балаларды МДҰ-ға қабылдау ережелері» қаулысын;
ҚР Үкіметінің 21.12.2011 ж. № 1570 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – № 1570 ҮҚ);
Білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алу қажет.
Бұл Тізбе МДҰ-да балаларды есепке алуға, қабылдауға және олардың қозғалысына байланысты құжаттарға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.
№ 1570 ҮҚ сәйкес, істер номенклатурасы әр жылдың соңында нақтыланады, оны МДҰ-ның басшысы бекітеді және келесі іс жүргізу жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұсыным: МДҰ басшыларының «Балаларға демалыс беру туралы» бұйрықпен бекітілген 1-нысанды енгізуі (1-қосымша).
Бұл материалды Ақтау қ. МДҰ директорларының шығармашылық тобы, құжаттамаларды бірыңғай талаптарға келтіру қажеттілігінен туындаған жұмыс тәжірибесі ретінде ұсынды. Басқа облыстағы басшылар осы мәселеге өз пікірлерін білдіреді деген үміттеміз.
Қосымша
МДҰ-ға баратын балаларға ұсынылатын құжаттар тізбесі
№
Құжаттың атауы
Негіздеме
1
Денсаулық төлқұжаты
– 063 нысан;
– баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама;
– баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
– баланың суреті (3×4)
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 23.11.2010 ж. № 907 Бұйрығы
2
Баланың жеке ісі
– суреті (3×4) бар жеке парағы (2-қосымша);
– ____________ білім беру бөлімінің жолдамасы;
– ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен жасалған шарт (3-қосымша);
– туу туралы куәлігінің көшірмесі
___________ әкімінің қаулысы.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының 2-тарауы 28-тармағының 7) тармақшасы (ҚР Үкіметінің 17.05.2013 ж. № 499 Қаулысымен бекітілген).
Ұлттық білім беру мәліметтер базасының нысаны (бұдан әрі – ҰБМБ)
3
Ата-аналармен жасалған шарттарды тіркеу журналы (4-қосымша)
№ 1570 ҮҚ
4
____________ білім беру бөлімінің жолдамаларын тіркеу журналы (5-қосымша)
№ 1570 ҮҚ
5
Ата-аналардың өтініштерін (6-қосымша)
– балалардың демалысын (7-қосымша);
– балаларды қабылдауды;
– балалардың кетуін;
– кезекші топқа алынуын тіркеу журналдары
№ 1570 ҮҚ
6
Балалардың қозғалысы бойынша бұйрықтар
– «Балаларды МДҰ-ға қабылдау туралы» (8-қосымша);
– «Балаларды МДҰ-дан шығару туралы» (9-қосымша);
– «МДҰ-ға келмеген балалардың жолдамаларын қайтару туралы» (10-қосымша)
ҰБМБ нысаны
7
Балалардың қозғалысы туралы бұйрықтарды тіркеу журналы (11-қосымша)
№ 1570 ҮҚ
1-қосымша
Бұйрық күші бар
Балаға демалыс беру туралы № __________ жазба
20__ ж. «___» _________
Ата-анасының Т. А. Ә. ______________________________________________________
Баланың Т. А. Ә. ____________________________ топ № _________________________
Демалыс 20__ ж. «___» _____ бастап 20__ ж. «___» _____ дейін _____ күнге беріледі.
Директор __________ / ______________
Бухгалтер __________ / ______________
Медбике __________ / ______________
2-қосымша
Баланың суреті
___________________________________
(ұйымның атауы)
ТӘРБИЕЛЕНУШІНІҢ ЖЕКЕ ПАРАҒЫ
Баланың Т. А. Ә. _______________________________________________________________
Туған күні _____________________________________________________________________
Тұратын жері ___________________________________________________________________
Үй телефоны _________________________________________________________________
МДҰ-ға келген күні ____________________________________________________________
МДҰ-дан кеткен күні ___________________________________________________________
АТА-АНАСЫ
Әкесі
Тегі _________________________________
Аты _________________________________
Әкесінің аты __________________________
Білімі ________________________________
Жұмыс орны __________________________
Лауазымы ____________________________
Жұмыс телефоны ______________________
Ұялы телефоны ________________________
Анасы
Тегі ___________________________________
Аты __________________________________
Әкесінің аты ___________________________
Білімі _________________________________
Жұмыс орны ___________________________
Лауазымы _____________________________
Жұмыс телефоны _______________________
Ұялы телефоны _________________________
ОТБАСЫ
Отбасы:
– көп балалы __________________________________________________________________
– аз қамтылған ________________________________________________________________
– толық ______________________________________________________________________
– толық емес __________________________________________________________________
3-қосымша
№ _________ ШАРТ
Актау қ. 20___ ж. «___» _________
Осы шарт мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын «_____________________» (бұдан әрі – МДҰ) атынан директор _______________________________ және № ___________ топқа баратын баланың ата-анасы _________________________ арасында жасалды.
Аталған шарттың мақсаты баланы оқыту, тәрбиелеу, қарау, күту және сауықтыру кезінде туындайтын өзара қарым-қатынасты айқындау және реттеу болып табылады.
МДҰ баланы топқа денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, ата-аналармен жасалған шарттың негізінде қабылдайды және баланы қорғауды және оның дене және психикалық денсаулығын нығайтуды, тәрбиелеуді және оқытуды, күтуді, қарауды, зияткерлік және жеке дамуын, эмоциялық қолайлылықты қамтамасыз етуді міндетіне алады.
2. МДҰ баланың эмоциялық жеке қарым-қатынасқа деген қажеттілігін, шығармашылық, қызығушылық қабілеттерін дамыту мен оқытуды қамтамасыз етеді.
3. МДҰ өз қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен МДҰ-ның қызметін реттейтін құжаттарды, қосымша білім берудің ақылы қызметі туралы ережені, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша өзге де нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
4. Төлем тәртібі:
Тамақтану үшін – баланың МДҰ-да болған күндерінің санына тең.
Баланы күтіп-ұстау құны ҚР заңнамалық құжаттарындағы, «_________________ білім бөлімі» ММ бұйрықтарындағы өзгерістерге байланысты ұлғаю немесе азаю жағына қарай өзгеруі мүмкін.
Төлем қолма-қол негізде жүргізіледі.
5. Бала ауырған жағдайда, санаториялық-курорттық емдеуден өткен кезде, жазғы сауықтыру кезеңінде күнтізбелік 60 күндік мерзімге ата-аналарының демалысы кезінде баланың МДҰ-дағы орны сақталады.
6. Ата-аналар
– балалармен жұмыс істеуді, МДҰ-да білім беру қызметін ұйымдастыруды жақсарту туралы ұсыныстар енгізуге;
– осы шартта белгіленген жағдайларда баланы қарауды, ұйымда ұстауды, тәрбиелеу мен оқытуды талап етуге;
– түрлі ата-аналар қауымдастығын, клубтар, ассоциациялар құруға;
– педагогтардың топтағы жұмыстары туралы есептерді тыңдауға құқылы.
7. Ата-аналар
– этикалық нормалардың бұзылуына жол бермеуге, МДҰ қызметкерлеріне сыйлы қарым-қатынас көрсетуге;
– баланы ұйымда ұстау төлемін ағымдағы айдың 10-на дейін уақтылы төлеуге міндетті. Төлемақыны белгіленген мерзімнен күнтізбелік 15 күннен астам кешіктірген жағдайда, (ҚР Үкіметінің 17.05.2013 ж. № 499 Қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының «Басшы баланы мектепке дейінгі ұйымдардан баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақыны белгіленген мерзімнен күнтізбелік 15 күннен астам кешіктіру жағдайларында шығарады» – делінген 13 тармағының 1) тармақшасының негізінде) бала МДҰ-дан шығарылады;
– бала келмеген бірінші күні таңғы сағат 09.00-ге дейін баланың МДҰ-ға келмеу себебі туралы тәрбиешілерді хабардар етуге;
– баланың МДҰ-да болмаған күндері аяқталардан бір күн бұрын оны тамақтандыру тізіміне қосуға міндетті;
– баланың белгісіз себептермен болмаған барлық күндері ұйымда ұстаудың толық мөлшерінде төленеді;
– баланы күнделікті сағат 08.30-ға дейін тәрбиешіге тікелей тапсыруы тиіс. Баланы тек тәрбиешіден ғана алу керек, оларды 16 жасқа толмаған тұлғаларға беруге болмайды;
– 2-тармақта көрсетілген пәндер бойынша үйде дайындалуға жағдай жасауды қамтамасыз етуге;
– тәрбиешілер мен медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауға;
– баланың бойында үлкендермен және құрдастарымен әлеуметтік адамгершілік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға міндетті.
8. Ата-аналар шартта жүктелген талаптар мен міндеттер үшін толық жауапкершілікте болады.
9. Осы шарт келесі тараптың жазбаша ескертуінен кейінгі кемінде 10 күнгі мерзімде біржақты тәртіпте бұзылуы мүмкін.
10. Осы шарт әр тарапқа бір бірден арналған, бірдей күші бар екі данада жасалды, қол қойылған кезден бастап барлық оқыту кезеңінде қолданыста болады және тараптардың жазбаша келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Бір данасы қолына берілді: __________________________
қолы)
4-қосымша
Ата-аналармен жасалған шарттарды тіркеу журналы
№
№, шарт жасалған күн
Ата-ананың
тегі, аты
Баланың тегі, аты, туған күні
Ескерту
5-қосымша
____________ білім беру бөлімінің жолдамаларын тіркеу журналы
№
Баланың
тегі, аты
Баланың
туған күні
Жолдаманың №
Жолдама берілген күн
Баланың кеткен күні
Ескерту
6-қосымша
Ата-аналардың өтініштерін тіркеу журналы
№
Өтінішті
тіркеу күні
Өтініш берушінің тегі, аты
Мазмұны
Ескерту
7-қосымша
________________________________
(ұйымның атауы)
директоры ____________________ -ке (-ға)
(Т. А. Ә.)
___________________________-тен (-дан)
(өтініш берушінің Т. А. Ә.)
Өтініш
Сізден, 20__ ж. «___» _____ бастап 20__ ж. «___» _____ дейінгі демалыс кезінде менің балам ____________________________- тың (-ның) № __________ топтағы орнын сақатуыңызды өтінемін.
20__ ж. «___» _____
_______________
(қолы)
8-қосымша
20__ ж. «___» ________ № ____________бұйрық
«Балаларды МДҰ-ға қабылдау туралы»
___________ білім беру бөлімінің 20__ ж. «___» _____ № ____«МДҰ-да орындарды бөлу туралы» хаттамасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Балалар МДҰ-ға берілген жолдамаларға сәйкес қабылдансын.
2. Жасына қарай қағидаты бойынша балалар топтарға бөлінсін:
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Негіздеме: Ата-аналардың өтініші.
Директор _____________ / ____________________
10-қосымша
20__ ж. «___» ________№ ____________ бұйрық
«МДҰ-ға келмеген балалардың жолдамаларын қайтару туралы»
____________ білім беру бөлімінің «МДҰ-да орындарды бөлу туралы» 20__ ж. «___» ________ № _____ хаттамасына сәйкес, «№ ______ балабақшасы» МКҚК жіберілген балалардың МДҰ-ға келмеуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
Балалардың жолдамалары ____________ білім беру бөліміне қайтарылсын: