Просмотр содержимого документа
«Балабақшадағы театраландырылған ойынның ерекшеліктері мен тәрбиелік құндылығы.»
Балабақшадағы театраландырылған ойынның ерекшеліктері мен тәрбиелік құндылығы.
Мектепке дейінгі балалардың театрландырылған ойынның қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде үлкен нәтиже беретіні сөзсіз.
Театраландырылған ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, әсіресе, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың орны ерекше. Театрлық іс-әрекетте ертегілерді, әңгімелерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту, сонымен бірге зер салып тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп сомдау, мәнерлеп оқуға, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік бере отырып, күнделікті сабағымызда ойын түрлерін, соның ішінде театрландырылған ойын түрлерін сомдау арқылы жасөспірімдердің қызығушылығын оятамыз. Ертегілерді ойнауда, әңгімелерді әңгімелеуде, өлеңді нақышына келтіріп оқу жұмыстарын жүргізгенде, балалардың өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Театр әлемі –әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым:
– Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театрландырылған ойын түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан–жақты жетілдіреді; – Қазақ тіліне деген құрмет, еліне деген құрметін жадынына сақтап, патриоттық сезімдерін оятады.