Балаларды ?аза? хал?ыны? ?дет-??рпы, салт-д?ст?рі ?лгісінде ойын ар?ылы т?рбиелеу.
Балаларды ?аза? хал?ыны? ?дет-??рпы, салт-д?ст?рі ?лгісінде ойын ар?ылы т?рбиелеу.
?аза? балаба?шасына барып,?аза?и т?рбиені? бастау б?ла?ынан сусында?ан бала, ерте? мектеп ?абыр?асында?ы білімді де ?аза? тілінде алу?а ?мтылатыны а?и?ат. Осы е? бай, е? ?демі тілді? биік шы?ына жетіп, ?аза?ты? ?дет- ??рпын,?аза? ойындарын ?рпа?тан-?рпа??а жеткізе алатын бала т?рбиелеу ж?мысына ?з ?лесімді ?осудамын деп ойлаймын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Балаларды ?аза? хал?ыны? ?дет-??рпы, салт-д?ст?рі ?лгісінде ойын ар?ылы т?рбиелеу.»
Балаларды қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі үлгісінде ойын арқылы тәрбиелеу.
Туған жерім- түп қазығым, айбыным.
Туған тілім- сатылмайтын байлығым.
Туған дәстүр ,салт- санам мен тірегім,
Қадамыма шуақ шашар үнемі .
Қазақ балабақшасына барып,қазақи тәрбиенің бастау бұлағынан сусындаған бала, ертең мектеп қабырғасындағы білімді де қазақ тілінде алуға ұмтылатыны ақиқат . Осы ең бай, ең әдемі тілдің биік шыңына жетіп, қазақтың әдет- ғұрпын,қазақ ойындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе алатын бала тәрбиелеу жұмысына өз үлесімді қосудамын деп ойлаймын. Адамның бақыты балада ғой,нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады .Балалар біздің болашақтың йесі болатындықтан,өзінің төл мәдениетін, әдет- ғұрпын білетін, сыйлайтын, саналы,ойлау деңгейі жоғары ,тіл байлығы мол, білікті бала тәрбиелеу –біздің басты міндетіміз .
Біздің халықтың жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы,тәрбие мектебі бар. Осы білімді балаларға ойын арқылы дамытуға болады . Ойынға тек ойын деп қарамай,қазақ халқының ойындарын – қазақтың асыл қазынасы,бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды .Бесік жырынан бастап ұлт ойындарының барлығы- халық тәрбиесінің қайнар көзі,ұлттық мұраның бай қазынасы .Бұл ойындарда ұрпақ қамын ойлаған ой мен әрекеттің, құпиялы философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі өнегенің желісі бар .
Ойын дегеніміз- жаттығу,ол арқылы бала өмірге әзірленеді.Біз балаларға :Хан алшы,Омпы, Көтермек,Тақия тастамақ, Түйілген орамал, Оқтау тартыс, Арқан тартыс, Күш сынаспақ,Теңге ілу, Тауық күрес ,Алтыбақан, Қыз қуу, Соқыр теке, Ат жарыс, Хан- талапай,Айгөлек – ойындарын жиі ойнатамыз. Осы ойындар түрімен ата- аналар мен балалар арасында сайыстар өткіземіз.Жылда балабақшада өтетін наурыз мерекесінде қазақ әдет-ғұрыптарынан көріністер көрсету,осы қойылымға ата- аналарды да қатыстырып,олардың қуанышына, алғысына бөлену біздің балабақшаның әдетіне айналды.
Тұсау кесер, Баланы қырқынан шығару,Ат қою,Шілдехана, Шүйінші сұрау, Шаңырақ көтеру, Құйрық бауыр асату сияқты қазақтың әдет- ғұрыптарын біздің балалар жақсы біледі.
Дәстүр байлығы- мәдениет байлығы, қазақ ойындары- біліктің, тәлімнің қайнар көзі, сондықтан осы байлықты жойып жібермей сақтап қалуға тырысайық, балаларға ұлттық ойындарды жиі ойнатып, оған ерекше нәр беріп, жаңартып отыруды ұмытпайық .
Біздің жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін .