kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаларды күнделікті салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы физминуткалар жасауға болады. Мұндай жаттығулар баланың дене бітімін, аяқ қолдарын  түзу, дене мүшелерінің үнемі қозғалыста болуына, қан айналым жүйесінің жақсаруына,  көңіл күйлерінің көтеріңкі, оқу іс-әрекеттерінде белсенділігін арттырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаларды күнделікті салауатты өмір салтына тәрбиелеу»

Дайындаған:

Маңғыстау облысы, «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» КММ мекемесінің тәрбиешісі: Мурсалиева А.Қ.

«Баланы күнделікті салауатты өмір

салтына тәрбиелеу»

(мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал)




Кipicпe


Қазіргі кездегі тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыруды айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген.

Бүгінгі таңда егеменді еліміз осы бағытта мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.

Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден, ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден, материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет. Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу - олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуында маңызды орын алады.

Мектепке дейінгі мекемедегі білім беру процесінде күнделікті салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу тәрбиешілерге балалардың денсаулығы мен психоэмоционалдық көңіл-күйінің, денсаулығының, көз жанарларының жақсаруына және тәрбиелеудегі барлық шараларды саналы түрде ұстануы сұранысына қол жеткізуге мүмкіндік береді.


мектепке дейінгі балаларды Салауатты өмір салтына күнделікті тәрбиелеу


Салауатты өмір салтын бала бойына үйде ата-ана,балабақшаға келген күннен бастап тәрбиешілер ұстануымыз қажет. Салауатты өмір салты дегеніміз бұл әрине денсаулық. Денсаулық дегеніміз олар:















Осы аталған шараларды орындау арқылы салауатты дені сау өскелең ұрпақ тәрбиелей алатынымыз сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі баланың дене бітімі әдемі, буындары жақсы бекіп, ағзалары тұмауға карсы төзімді болуы үшін сауықтыру шаралары күнделікті жоспар бойынша өткізілуі тиіс.


Шынықтыру баланың:

  • Зат алмасу процесін күшейтеді.

  • Қорғаныс күшін нығайтады.

  • Ойлау, ойнау қабілеттерін арттырады.

  • Көңіл күй белсенділіктерін арттырады.


Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау (режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағдайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйір болуы) қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты факторы.



Шынығудың өзіндік ерекшеліктері бала денсаулығының жақсаруына, сауығуына көмектеседі. Сауықтыру дегеніміз:



















Баланы сауықтыру дене тәрбиесі сабағында ғана емес, стандартқа сай түзілген күнтізбелік жоспар бойынша өткізілетін оқу іс - әрекеттерінде сергіту жаттығулары, қимылды ойындар, көру қабілеттері бұзылған арнайы балабақша болғандықтан өткізілетін көз жаттығулары саусақ моторикаларын дамытатын ойын жаттығулар кешенді емдік шаралар болып табылады.


балабақшадағы Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі


Таңғы жаттығу

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі гигиеналық рәсімдердің бір уақытта күн сайын қайталануымен қамтамасыз етеді, ал бұл мінез-құлық мәдениетінің дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына жағдай жасайды.

Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы физминуткалар жасауға болады. Мұндай жаттығулар баланың дене бітімін, аяқ қолдарын түзу, дене мүшелерінің үнемі қозғалыста болуына, қан айналым жүйесінің жақсаруына, көңіл күйлерінің көтеріңкі, оқу іс-әрекеттерінде белсенділігін арттырады.


Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің

Жаттығуды бастаймыз.

Қане, балалар тұрмайық,

Адымдайық жүрейік.

Тез-тез жүріп, жүгіріп,

Дөңгеленіп тұрайық.

Мойнымызды бұрайық,

Оңға бір, солға бір қарайық.

Бір, екі,үш, бір, екі,үш,

Қолды сермеп жан-жаққа

Жинап алдық күш.


Ас - адамның арқауы

Балаларды тамақтану кезінде үстел басында дұрыс отыруға, тамақты мұқият және баяу шайнап, асхана аспаптары мен сүлгілерді қолдана алуларын үйрету қажет. Ал асханадағы кезекшіліктер, тек қана үстелді дұрыс жабдықтап қана емес, сонымен бірге кезекшілікке кіріспес бұрын міндетті түрде қолдарын тазалап жуу, өзін тәртіпке келтіруі керек.

Тамақтанудың мәдени дағдыларын үйрету баланың салауатты өсіп жетілуін қалыптастырады.

Қане, қане, тұрайық,

Қолды жуып алайық.

Жайғасайық үстелге,

Қасық ұстап оң қолға,

Нанды ұстап сол қолға,

Асықпайық шайнайық,

Тауысып ішіп тамақты,

Бойға қуат жинайық.




Сергіту жаттығулары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үлгілік жоспары бойынша бекітілген сабақ кестесі бойынша оқу іс әрекеттері өткізіліп отырады. Сабақ арасында 13 минут аралығында сергіту жаттығулары өткізіліп отырады. Бала үстел үстінде қимылсыз ұзақ отырса, қанға және миға оттегі жеткіліксіз болады. Сол себепті де сергіту жаттығуларымен көз жанарларына арналған сергіту жаттығулары күнделікті өткізіліп отырады.

Орнымыздан тұрайық,

Оңға, солға қарайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Сергіп бір қане, қалайық.

Дене қимылдары арқылы баланың белсенділігі артады.

Оңға бір қарайық,

Солға бір қарайық.

Жоғары төмен қарайын,

Көз қиығын тастайын.

Оң жақтағы досыма,

Көз қиығын тастайын.

Сол жақтағы досыма,

Көзді жұмып ашайын,

Бір демалып алайын.

Таза ауада серуен

Балалардың таза ауада болуының денелік даму үшін маңызы зор және ақыл-ой тәрбиесіне жағдай жасайды. Байқағыштық дамиды, қоршаған дүние туралы ұғым кеңейеді.

Баланы таза ауада серуенге шығару дене тәрбиесінің дамуына, денсаулықтарын шыңдауға, көңіл күйлерін көтеруге әсерін тигізеді.

Балабақшада серуендеу күніне 2 рет (күннің бірінші және екінші жартысында) өткізіледі, ал жазда балалардың барлық уақыты ұйқы мен тамақ ішуді қоспағанда, ашық ауада өткізіледі.

Серуендеулерге бөлінген уақыт қатаң сақталады, ал олардың мазмұны жыл мезгіліне, ауа температурасына, балалардың жасына байланысты болады.

Қимылды ойындарды ұйымдастыру балалардың қимыл белсенділіктерін дамытып, салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптыстырады. Мысалы, мынадай ойын түрлері арқылы баланың ден қимылы мен қан айналымы жүйесін жақсартуға болады. «Омарташы», «Аралар», «Кім жылдам», «Қазым-қазым, қаңқылда».

Қазым, қазым, қаңқылда,

Суда жүзіп саңқылда.

Арпа, бидай шашайын,

Кәмпит берсем жейсің ба?

(қаздардың жауабы)


Жоқ, жоқ, жоқ,

Кәмпит деген жаман ас,

Тісімізді ауыртады.

Пайдасы көп дәрумен

Арпа менен бидай шаш.


Балаларды ұйқысынан ояту

Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу – бала үшін нағыз күрес. Егер тәрбиеші жаттығуды кешенді жақсы ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Жаттығу істегенде спорт құрал жабдықтарын мейлінше көбірек пайдаланса, жаттығу мазмұнды болады. Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығу баланың ұйқыдан оянуына, сергек болуына, физиологиялық түрде көмектеседі. Кешенді жаттығуларға рефлекторлы жаттығуларды, қолға, аяққа, денеге жасалатын пассивті, пассивті - белсенді жаттығуларды қосып жасатуға болады, мысал ретінде алдарыңызға бірнеше жаттығулардың жиынтығын көрсеттім. Ұйқыларын ашу үшін тыныс алу жаттығуын кереует үстінде көрсету.

а) Тартылу жаттығуы «Қуану-ренжу».

б) Тыныс шығару жаттығуы «Жел соқты».

Арнайы қолдан жасалған пластмасса қақпақтарынан жасалған массаждық кілемшелерде жүргізу (бұл баланың жалпақ табандылықтың алдын-алуына тиімді жаттығу). Енді осыларға тоқтала кетсек, түскі ұйқыдан кейінгі негізгі жаттығу тыныс шығару гимнастикасы. Осы гимнастиканы жүргізуді А. Е. Арапеляның тәжірибесінен, Стрельниковтың кешенді тыныс шығару жаттығуларынан алсақ болады. Күндізгі ұйқыдан соң бала көрпе астында жылынып жатқандықтан кереуетте жатып та тыныс алу жаттығуларын жасауына болады. Тыныс алу жаттығулары ішкі ағза жұмыстарының жақсы жұмыс істеуіне, қан – тамырларының қалыпты жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді.

Осыдан кейін жалаң аяқпен жаттығу жүргізіледі. Жалаң аяқпен жүру ұзақтығы 2-5 минуттан аспауы тиіс. Жалаң аяқпен жүру түрлі тамақ аурулары, қанның миға құйылуына байланысты бас ауруларына бірден-бір ем.

Нүктелі массаж

Аяқ ұшымен қол орамалды еденнен көтеру немесе пирамидалық дөңгелекшелерді аяқ ұшымен алып қолмен орналастырып қою, аяқ ұшымен гимнастикалық таяқшалармен арлы-бері жүру, тікенді кілемшелермен журу, өкше табан нүктелерінің қалыпты жұмыс жасауына көмектеседі.

Мүмкіндік болса құм үстінде жалаң аяқ жүруді 3-15минут жүргізуге болады. Бұл баланың ұлтанына емдік тиімділігін тигізеді. Ортаңғы топтан бастап ауыздарын иод тұздың ерітіндісімен шаюға болады. (бір литр суға бір ас қасық тұз бен үш төрт тамшы иод араластырады. Су бөлме температурасында болуы тиіс.) Шынықтыру шараларын басқа түрде пайдалануға да болады қабырғалы тақтайда, резеңкелі кілемше, түймелі кілемшеде және де өз іс-тәжірибемде қолданылып жүрген бала кезімізде ойнаған «бес аяқ» ойыны.

Ойын барысы

Балалар бір қатарға тұрады, алдын ала қолдан жасалған кілемшеде жіппен беске бөлінген сатыларда беске дейінгі сандар жазулы, бала санды санай отырып, (санды пластмас кақпақпен жазылған санды аяқпен басқанда табанға массаж жасайды, секіре отырып тура-кері санайда алады, бұл ойын арқылы бала дене аяқ –қол қан айналымдары жақсаруына көмектеседі. Ойынды әуенмен сергіту жаттығулармен жасаса да болады, енді сіздермен бір сәт бала болып ұйқыдан оянайық. (Әуен ойналады.)

Қане, қане, балалар,

Ұйқымыздан тұрайық.

Екі қол, екі аяқ, (қолды аяқты созайық)

Екі көз, екі көз. (көзді қолмен жабады)

Бір ауыз, бір мұрын, көп шаш, (қимылмен беттерін ұқалайды)

Орнымыздан тұрайық,

Күн суытты, терезеден қарайық.

Қолым тоңып қалыпты

Қане, үрлеп, жылытып бір алайық (қолдарын біріктіріп ұстаүрлеу

арқылы тыныс шығарады)

Ұйқымыздан арылып,

Кереуетті қалдырып,

Орнымыздан тұрайық.


ҚОРЫТЫНДЫ


Менің осы тақырыпты алу себебім, білім беру процесінде салауатты өмір салтын күнделікті күн тәртібінде қалыптастыруды өзімнің іс-тәжірибемде қолдану арқылы балалардың денсаулығын сақтауға, шынықтыруға және нығайтуға ықпал ететін денсаулық мәдениетін, дене бітімі қасиеттерін тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған.

Баланың денсаулығы балалармен шынықтыру шараларын сауатты ұйымдастырылуына, мектепке дейінгі ұйымның күнтәртібін тиімді пайдаланылуына байланысты болады. Тәрбиешінің тиімді жұмысының нәтижесі балалардың көз жанарларының, денсаулықтарың жақсаруына көмегін тигізеді.

Тек қана дені сау бала жеке және интеллектуалдық даму процесінде, оқуда жетістікке жете алады. Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығуды күнделікті жүйелі түрде жүргізу барысында бала дене қимыл-қозғалысын игеріп, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Күн тәртібі белгіленген іс-жоспар уақытымен жүргізіліп отырса, денсаулығы мықты, саналы, салауатты ұрпақ өсіп жетіледі және күнделікті жұмыс процесінде салауатты өмір салтын ұстана отырып, сауықтыру жұмыстарын жүргізу арқылы біз, тәрбиешілер 21-ғасырдың болашағы мол, дені сау, ақыл-ойы дамыған өскелең ұрпақты тәрбиелейміз.

Енді сіздермен өзімнің күнделікті іс-тәжірибемде пайдаланған шынықтыру шараларымен бөліскім келеді.


Шынықсаң шымыр боласың!


Бөлімі:

Таңғы жаттығу

Мақсаты:

Дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, қимыл-қозғалыс әрекеттерін жақсартуға арналған іскерліктері мен дағдылрын дамыту. Қол мен аяқ қимылының үйлесімділігіне үйрету. Педагогтің тапсырмасын тыңдау, орындау, белгі бойынша тоқтау дағдыларын бекіту. Баланың күнделікті көтеріңкі көңіл-күйде жүруіне жағдай жасау.

Қолданылатын көрнекі құралдар:

сылдырмақ, орман көрінісі, аю, аюдың іні.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

көрсету, түсіндіру, ойын, қимыл-қозғалыс.

Таң қалдыру сәті:

Телефон шырылы, орманға барамыз, ұйқыдағы аруды оятамыз.

Қоян:

Алло, алло балалар

Аю көктем келгенін білмей уйықтап қалды,

Барып оятайық.

Педагог:

Балалар аюды оятайық!

Балалар сапқа тұрып, бір біріміздің артымыздан жүрейік. Аюға ұқсап қорбандап, қоянға ұқсап секектеп, түлкіге ұқсап қылмыңдап, қасқыр ұқсап қадымдап тез жетіп алайық. Қолымызға сылдырмақ ұстайық.

Педагог:

Міне аюды таптық балалар, енді ұйқыдан оятайық.

Балалар:

Аю-аю ұйқыңнан тұршы,

Бетіңді жушы,

Бізбенен ойнашы.

Аю: Ұйқымнан тұрмаймын,

Бетімді жумаймын,

Әлі қыс ұйықтаймын.

Педагог:

Аю ұйқыдан тұрар емес. Сылдырмақты сылдырлатып, аяқтарды топылдатып оятайық.

Балалар қимылмен орындайды.

Аю:

Оййй, көктем келіпті ғой! Рахмет, балалар, мен ұйықтап қалыппын ғой.

Педагог:

Аю, біз сені оятуға келгенбіз. Ал, енді өз тобымызға барайық, таңғы жаттығуымызды жасайық.

Аю:

Мен де жаттығу жасап сергіп алғым келіп тұр, менімен бірге бәріміз осында жасайық.

Балалар аюдың соңынан жай жүреді, жүгіреді, шеңбер болып тұрады, қимылдарды қайталайды.


Жалпы дамыту жаттығулары:

  • "Қара". Жақсылап қара - (басты бұрып бір біріне қарау, белгі бойынша бас қимылын өзгерту). Міне, осылай бастапқы қалыпқа оралу. 5-6 рет.

  • "Бұрылып қара". Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол белде. Оңға, артқа бұрылу - бастапқы қалыпқа оралу. Солға, артқа бұрылу - бастапқы қалыпқа оралу. 3-4 рет.

  • "Қолды шайқау". Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол шетке созулы.

  • О:(жел соқты). Қолды еркін, жеңіл шайқау; Белгі бойынша

  • қолды кеуде тұсында айқастыру. 4-5 рет.

  • "Қайда қайда қолымыз". Қолды артқа айқастыру, сосын қолды алға созу. 4-5 рет.

  • "Отыр, тұр". Жартылай отырып жаттығу жасау.

  • Отыр, тұр, отыр, тұр

  • Бәрімізде отыр, тұр. 5-6 рет.

  • "Қайда қайда аяқтар". Аяқты жоғары, төмен көтеру.

  • Қайда, қайда аяқтар!

Балалар аюдың соңынан шеңбер бойымен жүреді. Би билейді балалар.(балалар шеңбер бойымен иықтарын қимылдатып би билейді). Аю шарап шеңбер ортасына отыра қалады.

Аю:

Ах, ух ауа жетпей тұр.

Педагог:

Балалар, басымызды жоғары көтеріп ауа жұтып, аюға жел берейік.

Аю:

Ой, рахмет, балалар. Рахмет сендерге. Сау болыңдар!

Балалар аюмен, қоянмен қоштасып топқа оралады.














«Оянайық ұйқыдан!»


Мақсаты:

Балаларды ұйқыдан ояту сәті. Керілу, созылу, жаттығуларын жасатып, ұйқыларын ашу. Балаларды топпен жүруге, бір-бірлеп қатармен жүруге, аяқтың ұшымен жүруге дағдыландыру, табанды нығайту, ағзаны шынықтыру.

Қолданылатын көрнекіліктер:

Түрлі – түсті пластмасс қақпақтар тігілген кілемше, түймелі бөлік, моншақтан жасалған кілемше, қатты капроннан жасалған кілемше, маш, горох салынған кілемшелер т.б.

Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, көрсету, айту, әуен, мақтау-мадақтау

Барысы:

Балалар, ұйқыдан оянамыз

( муз әуенін қойып қою).

Қолымызды созып керілейік.

Қоян келді секіріп,

Кереует бойын жағалап.

Қане, ұйқымызды ашайық,

Қоянды іздеп табайық.

-Қане, балалар ұйқымызды ашып, қоянды іздейік, бәлкім

ұйықтап қалды ма екен?

Қояным ұйқыдан тұршы,

Қасыңды, көзіңді,

Мұрныңды уқалашы.

Бетіңді, қолыңды жушы,

Айнаға қарап,

Шашыңды тарашы,

Мен қайдамын, қарашы.

  • Ой, балалар қоян мүмкін кереуеттің астында отыр ма екен? Қане қарайық.

  • Кереуеттен түсіп, екі аяқты түзу қосып, белімізді сәл еңкейтіп кереует астына көз тастайық.

  • Бар ма?

  • Жоқ ?

  • Ол онда мына жолдармен қашып кеткен болды ғой.

  • Қане, сапқа тұрып мына жол бойымен іздейік.

  1. Кедір-бұдыр жолдан өтеді.

  2. Балалар мына қамыс арасынан абайлап өтейік, аяқтың ұшымен қамыс сыбдырын естіп қалса қоян шошып кетер. Мына тастарды жаймен басып өтейік.

  3. Балалар, бәлкім, қоян жол бойында шөптердің арасында тынығып отырған болар, қане, оңға, солға қарайық, алдымызға, жоғары қарайық.

  4. Жазық жерлерден іздерін қарайық, бар ма екен?

  • Балалар, су жағасын қарайық, мұнда отыр екен ғой. Мына үйректерді суға жүздіруге көмектесіп отырмын. Сендер де маған көмектесесіңдер ме?

  • Әрине, көмектесеміз.

  • Қане, демімізді шығарып үрлейік.(уф-уф-уф)

Қоян:

Балалар сендерге рахмет, мен сендермен дос боламын.



қимыл-қозғалыс ойындары



Жыл бойы балаларғасауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін.

Осындай ауруды болдырмаудың, одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру факторлары. Ауа, су, күннің көзі, яғни баланы таза ауада серуендетіп, қимылды ойындар ойнату арқылы салауаттылыққа тәрбиелей аламыз.



«Көңілді маймылдар» ойыны

Мақсаты: Еркіндік бере отырып тыңдауға, тәртіптілікке шақыру арқылы шыдамдылыққа, ұжыммен бірге қимылдауға үйрету.

Жүргізуші

«Маймылдардың апаны»:

Біз – көңілді маймылдар,

Өте қатты шулаймыз,

Алақанды соғамыз,

Еденді де таптаймыз.

Ұртымызды үрлеп,

Әндетеміз гулеп.

Төбеге де секірдік,

Маңдайға саусақ келтірдік.

Құлағымыз – қалқан,

Құйрығымыз – салпаң.

Бірақ тәртіп – қатаң,

«Үш» дегенде апаң-

Бәрің тілді алыңдар,

Қозғалмай, қатып қалыңдар!

Ойынға қатысушылар тақпақты жүргізушімен бірге қайталап, әр түрлі қимылдар жасап, әбден еркінсиді. Бірақ «үш» деген сөзден кейін қозғалмай бір орында қатып қалады. Бірінші қозғалып қойғандар ең соңғы ойыншы қалғанша шетінен ойыннан шыға береді.

«Шортан» ойыны

Бір ойыншы «Шортан» деген ат алып, шеңбердің ортасында қозғалмай тұрады. Қалған ойыншылар екі-екіден қол ұстасып, шеңберді бойлай тақпақ айтып билеп жүреді:

-Ортамызда Шортан бар,

Қол тигізіп алмаңдар.

Жанап кетіп шортанға,

Ойыннан шығып қалмаңдар!

Шеңберді айналып жүрген әрбір жұптағы ойыншылар бір-бірінің қолын не басқа денесін Шортанға тигізіп жіберуге тырысады. Егер кімде-кімнің қолы не басқа денесі Шортанға тиіп кетсе, сол ойыншы ойыннан шығады. «Шортан» ойыны 3-4 ойыншы қалғанша жалғаса береді.

Қояндар” ойыны

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Барлық балалар қояндар болып ,шеңбер жасап тұрады. Өздерінің әндерін айтып, қояндарша секіріп, билеп жүреді.

Ақ қоян-ау, ақ қоян

Орныңнан тұршы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы

Әйбат көйлек кисеңші

Біреудің қолын үзсеңші

Осы кезде бір сыбдыр естіліп, қояндар қашып тығыла бастайды. Тыныштық болғанда ойнап, секіреді.


«Түсті автокөліктер» ойыны

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жол ережесін білуге және сақтауға тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Балалар алаңның бір жағында тұрады, екінші жағында автокөліктер тұрады. Балалар жолда ойнап жүреді. Автокөліктер келе жатқан кезде балалар орындарына бару керек. Орнына жете алмаған бала ойыннан шығады.

«Бал аралары» ойыны

Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Ойынның шарты: Бір бала ара болады, қалған балалар аралар болады. Аю бал ұрлауға келеді. Оны көріп қойған аралар аюды қуады. Аю ұстатпауға тырысады. Ойын барысында балалар аю рөліне ауысып отырады. Белгіленген мәреге аю қашып келуі керек.

Егер ұсталып қалса, балалар ән немесе тақпақ айтып береді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Балаларды күнделікті салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Автор: Мурсалиева Ақсауле Қалмағанбетовна

Дата: 28.01.2018

Номер свидетельства: 453249

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(223) "конспект уроков на тему "О?УШЫЛАРДЫ? САЛАУАТТЫ ?МІР САЛТЫН ?АЛЫПТАСТЫРУДА?Ы ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ? ТИІМДІЛІГІ" "
    ["seo_title"] => string(133) "konspiekt-urokov-na-tiemu-ok-ushylardyn-salauatty-omir-saltyn-k-alyptastyrudag-y-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardyn-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "192056"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427394227"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "Баяндама Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптасуындағы отбасының рөлі»"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_takyryby_mektep_zhasyna_deiingi_balalardyn_salauatty_omir_saltyn_kalyp"
    ["file_id"] => string(6) "483096"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1541065478"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Салауатты ?мір салтын ?алыптастыруда?ы ?лтты? та?амны? ма?ыздылы?ы "
    ["seo_title"] => string(72) "salauatty-omir-saltyn-k-alyptastyrudag-y-u-lttyk-tag-amnyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "151415"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420706230"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "Инновациялы? педагогикалы? технологиялары? ?олдану ар?ылы білім арттыруды ж?зеге асыру жолдары "
    ["seo_title"] => string(110) "innovatsiialyk-piedaghoghikalyk-tiekhnologhiialaryn-k-oldanu-ark-yly-bilim-arttyrudy-zhuzieghie-asyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "224095"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1438482381"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(237) ""Инновациялы? ізденіс- шы?армашылы? технологиясы" атты мектепке дейінгі мекемелерді? т?рбиешілері мен ?діскерлеріне арнал?ан ке?ес"
    ["seo_title"] => string(140) "innovatsiialykizdienisshygarmashylyktiekhnologhiiasyattymiektiepkiedieiinghimiekiemielierdintrbiieshilierimiendiskierlieriniearnalgankienies"
    ["file_id"] => string(6) "272669"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452020833"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства