Просмотр содержимого документа
«Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту»
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасы
Баяндама
Тақырыбы: «Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту»
Әзірлеген: Молдахметова Т.С.
Макинск қ, 2014 жыл
Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту
Қазіргі кезде «ұсақ моторика» деген тіркесті жиі естиміз. Сол ұсақ моторика дегеніміз не? Фихиологиялық тұрғыдан айтқанда, ол қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысы. Сонымен қатар, «қол мен көздің» тепе-теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі, қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып білу барысыеда қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білшіміз әртүрлі бағытта қозғалу арқылы қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады. Сондықтан, қозғалыс жасау кезінде оның қолының иықтан төмен барлық жері қозғалады. Яғни, қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді. Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек? Адамның миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағын өте жақын орналасқан. Яғни, ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуына да алатын орны ерекше. В.А.Сухамлинский «бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында» екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, ойлауы, сөйлеуі соншалықты дамиды. Яғни, бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз.
Балалардың ұсақ моторикасын тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ», «Бала,бала,балақан» т.б. ойындарды ойнатудың баланың ұсақ моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін сақтауда, зейін қою, есте сақтау қабілеттерін дамытуда маңызы зор.