kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баланың жалпы құқықтары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баланың жалпы құқықтары»

Тақырыбы: Баланың жалпы құқықтары


Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына да қатысты. Екіншіден, балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың мұрагер болу құқығы да жатады. Құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады.

Ата-аналар өздерінің баласына былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе. Дегенмен, өкінішке орай, өмірде басқа да жағдайлар кездесетіні жасырын сыр емес. Тәрбиеден қате жіберілсе, оның салдары ата-ананың өзіне тиеді. Төрбиесіздік пен адамгершіліке жатпайтын тәртіп балаға оңайға соқпайды. Қоғам да, басқа адамдар да мұндай қылықтан зиян шегеді.

Мұның арты заңды, құқықты бүзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар. Сондықтан өзінің борышын дұрыс атқармаған ата-анаға заңның да қолданатын шарасы болады. Кейбір сирек жағдайларда ата-ана (әкесі не шешесі) өзінің ата-аналақ құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмқін.

Кейбір сирек кездесетін жағдайлар дегеніміз не? Енді соған келейік. Біріншіден, егер ата-ана адамгершілік, әделетілік тәрбиесімен айналыспаса, оқуы мен қалыпты дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен қашқандыққа жатады. Екіншіден, мұндай жағдайда ата-аналар өздерінін құқығын теріс пайдаланған (оқуға баруына бөгет жасау, сабаққа дайындалуына мүмкіндік бермеу, қайыр сұрауға мәжбүр ету, баланы баска да теріс қылықтарға ұрындыру) болып табылады. Үшіншіден, егер ата-ана ұрып-сабаса, баласын қорқытса, тамақ бермесе, үйден қуып жіберсе, қадір-қасиетін қорласа, төртіншіден, ата-ана өзінің адамшылыққа жатпайтын, қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде ықпал етсе, бесіншіден - үнемі маскүнемдікке, қорлыққа салынса, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан айырады.

Ата-аналық құқықтан айырғаннан кейін ата-ана мен бала арасындағы байланыс тоқталады. Соттың шешімімен ата-аналық құқығын жойған адамда енді баласын тәрбиелеу құқығы болмайды, сондай-ақ ол ата-ананың басқа да құқығы жойылады. Ол ата-ана енді басқа біреуден өзінің баласын сұрап ала алмайды, баланың заңды өкілі бола алмайды, оның мүддесін қорғауға да құқығы болмайды. Бірақ ата-аналық құқығы жойылған адам баланы материалдық жағынан қамту міндетінен босатылмайды. Егер ата-аналық құқығынан айрылған адам өзінің қателігін мойындаса, жеке басының тәртібін түзесе, онда оған ата-аналық құқығы қайтадан қалпына келтірілуі мүмқін, .

Ата-анасының қамқорлық жасауынан айрылған баланы тәрбиелеп, мәпелеу — мемлекеттің, қоғамның қасиетті борышы. Жетімдерге қамқор болу - кез келген халықтың қалыптасқан дәстүрі. Бұл жұмыспен арнайы айналысатын мемлекеттік органдар бар. Бұлар - білім беру (қамқор болу, қарауына алу), денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдары. Ата-анасыз қалған балалар болса, осы органдарға хабарлау керек. Олар панасыз қалған балаларды өз қарамағына алады, оларға қамқорлық жасайтын адамдар тағайындайды. Баладар өздерін өздері қорғай алмайтын болғаңдықтан, оларға қамқор болып, қорғайтын мүдделерін жақтайтын адам белгіленеді. Қамкоршы не қарауына алушы болып өз міндеттерін өз еркімен орындауға дайын тұратын баланың туысы немесе басқа адам белгіленеді.

“Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында жазылған:

     

2. БаланыҢ қорғалу құқығы

  Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.

      Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және

қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.

      Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар.

      Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар.

      Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата-анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жініндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда – сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.

      Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіптінгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жінінде қажетті шаралар қолдануға міндетті. 

3. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

  Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Осында көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.

Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.

Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде құқықтары мен міндеттері : 

  1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. 

  2. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. 

  3. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. 

  4. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 

Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. 

  1. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. 


Балалардың құқықтарын қоғау:

Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.

      Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.

      Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

      Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.

Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.

Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.

Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, оларды дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы ) ескереді.

Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы.

Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді.

Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады.

Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата-ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.

Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар.

Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайлардағана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.

      Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы.

      Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

      Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.



ҚОРЫТЫНДЫ

Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.

      Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата- аналардың (олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті.

Ата-аналык құқықтан айырғаннан кеиін ата-ана мен бала арасыңдағы байланыс тоқталады. Соттың шешімімен ата-аналық құқығын жойған адамда енді баласын тәрбиелеу құқығы болмайды, сондай-ақ ол ата-ананың басқа да құқығы жойылады. Ол ата-ана енді басқа біреуден өзінің баласын сұрап ала алмайды, баланың заңды өкілі бола алмайды, оның мүддесін қорғауға да құқығы болмайды. Бірақ ата-аналық құқығы жойылған адам баланы материалдық жағынан қамту міндетінен босатылмайды. Егер ата-аналық құқығынан айрылған адам өзінің қателігін мойындаса, жеке басының тәртібін түзесе, онда оған ата-аналық құқығы қайтадан қалпына келтірілуі мүмқін, . 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. “Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңы, 1998 ж.

2. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы , “Жеті жарғы”, 1997

3. Баймолдина З.Х. «Гражданское процессуальное право Республики Казахстан» (Том 1), Алматы, КазГЮА, 2001.

4. Төлеуғалиев Б. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. 1 том. 2001 ж.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Баланың жалпы құқықтары

Автор: Магрупова Кырмызы Жумагелдыовна

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417256

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.баланың жан-жақты дамуына әсері."
    ["seo_title"] => string(72) "u_sak_zh_nie_zhalpy_motorikany_damytu_balanyn_zhan_zhak_ty_damuyna_sieri"
    ["file_id"] => string(6) "375462"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483560545"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "«Балы?тар» "
    ["seo_title"] => string(11) "balyk-tar-1"
    ["file_id"] => string(6) "235791"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443845646"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Балы?тан жасал?ан та?амдар"
    ["seo_title"] => string(30) "balyk-tan-zhasalg-an-tag-amdar"
    ["file_id"] => string(6) "318745"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460649087"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары "?зін ?зі же?ген бала" 3-сынып  Базарбекова Дина Жангалиевна "
    ["seo_title"] => string(107) "diebiiettik-ok-u-p-ninien-sabak-zhospary-ozin-ozi-zhien-ghien-bala-3-synyp-bazarbiekova-dina-zhanghaliievna"
    ["file_id"] => string(6) "174769"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424179431"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Бір та?балы ж?не екі та?балы сандар"
    ["seo_title"] => string(40) "bir-tan-baly-zh-nie-ieki-tan-baly-sandar"
    ["file_id"] => string(6) "286912"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454415271"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства