kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала т?рбиесіндегі балаба?шаны? р?лі" атты ма?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? хал?ы ?ай уа?ытта бол¬ма¬сын, ?рпа? т?рбиесін ?лтты? та?дыры, ?лтты? болаша?ы деп білген. Сонды?тан т?рбие м?селесіне к??іл б?ліп, о?ан тиімді ?діс-т?сілдерді ?олданып ?арастыру, ?рбір ?жымны? тап?ырлы?ы мен іскерлігін, ізденімпазды?ы мен шы?армашылы?ын та¬лап етеді. «Адам?а е? бірінші білім емес, т?рбие берілуі ке¬рек, т?рбиесіз берілген білім адамзатты? ?ас жа¬уы, т?рбиесіз берілген білім адамзат?а апат ?келеді» де¬ген ??лама ?алым ?бу На¬сыр ?л-Фа¬ра¬би ой¬ын ?рбір ?стаз, ?рбір ата-ана ?здеріне ?а?ида ретінде ?станса н?р ?стіне н?р бо¬лар еді. О?у мен т?рбие — бір-бірінен б?лек алы¬нып ?аралмайтын к?рделі про¬цесс. Жа?а заманны? жа?ашыл ?стазы осы екі ?рдісті бірдей те?естіріп алып ж?ру оны? шеберлігі мен іскерлігін к?рсетеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала т?рбиесіндегі балаба?шаны? р?лі" атты ма?ала»

Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 бөбекжай-бақшасының» тәрбиешісі
Белгибаева П.А

Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып қарастыру, әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы­лай де­ген бо­ла­тын: «Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық қылып шығару ке­рек». Иә, Мағжан ата­мыз айтқан даналық ой бүгінгі күні білімді ұрпақ ке­рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жас­тар. Олар за­ман та­ла­бы­на сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік ар­тып отыр. Ба­ла тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – за­ман та­ла­бы­на сай ұрпақ тәрбиелеу.Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ере­сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге. Бүгінгі ба­ла­лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо­лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо­лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай­да ба­ла тәрбиесіндегі балабақшаның ор­ны ерек­ше. Себебі, ба­лабақшаға ба­ра­тын ба­ла қоғамда өз ой­ын ашық айтуға үйренеді. Со­ны­мен қатар жан- жақты жетіледі.
«Ба­ла­лар — біздің болашағымыз.» Сондықтан ба­ла­лар­ды ерек­ше күтіп, тәрбиелеу ке­рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойы­на сіңіруіміз қажет және баланың үйде отыр­май, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, ба­ла сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол­май­ды, адам­дар­мен тез ара­ла­са­ды. Балабақша ең ал­ды­мен ба­ла­ны тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ой­лау қабілеттерін ар­т­ты­ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба­ба­ла­ры­мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас­та­ла­ды, яғни тәрбиенің негізі от­ба­сы­нан бас­тау ала­ды. Балабақша, одан кейін мек­теп адамның қоршаған ор­та­да же­ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра оты­рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се­беп­кер бо­ла­ды деп ой­лай­мын. Ба­ла­лар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ.
Біз бүгінгі тақырыбымызда облысымыздағы № 5 «Гүлдәурен» бөбекжай-бақшасы жай­ын­да ой қозғамақпыз. Бұл мемлекеттік балабақша.

№5 «Гүлдәурен» мемлекеттік балабақшасына кірген кез­де әдемілік сезінеді. Өйткені ау­ла­сы жа­сыл-же­лек­ке оранған. Ғимараттың іші та­за. Ең ба­с­ты­сы балалардың періштедей жарқын жүзін көргенде болашағымыздың тірегі осы­лар екен деп, іштей қуандық. 2008 жы­лы іргетасы қаланған балабақша бүгінде та­лай қиындықты ар­т­та қалдырып, қаладағы алдыңғы қатарлы балабақшаның біріне ай­нал­ды. 31 қызметкері бар берекелі ұжым ба­ла­лар­ды тәрбиелеуде. Балабақшаның сыйымдылығы 129 орын­ды қамтиды, қазірде 129 ба­ла­ны қабылдап отыр. 4 топтың ішінде үш пен бес жас аралығындағы бүлдіршіндер бос уақытын тиімді өткізеді, әр топ­та 25-30 ба­ла­дан бар. Ұстаздарымыздың бәрі білікті ма­ман­дар, 14 пе­да­гог, соның ішінде: жоғары са­нат­ты — 1, бірінші са­нат­ты — 2, екінші санатты- 2, жоғары білімді — 13, ор­та — 1. Баланың жа­сы­на сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, со­ны­мен қатар қосымша шахмат үйірмесі, ағылшын, орыс тілі, тіл да­мы­ту, ай­на­ла­мен та­ны­с­ты­ру, ва­лео­ло­гия, са­у­ат ашу секілді пәндерді оқытамыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр да зе­рек. Әр түрлі қалалық, облыстық сайыстарға балаларымыз да педагогтарымыз да қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана балабақша тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бала т?рбиесіндегі балаба?шаны? р?лі" атты ма?ала

Автор: Бадракова Перизат Асат?ызы

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284528


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства