Просмотр содержимого документа
«"Балбөбектің" Алтын Күзі»
Катонқарағай ауданы «Ново-Хайрузовка ауылындағы «Болашақ» бөбекжай - бақшасы» КМҚК
Ертеңгілік: Алтын бақ
Топ « Балбөбек»
Өткізген тәрбиеші:Ангашинова А. О.
Топтың іші шарлармен, жапырақтармен безендірілген. Әдемі киінген балалар әуенмен залға кіреді.
Жүргізіші-1: Армысыздар, ардақты қонақтар. Сіздерді бүгінгі күзгі бақта өтетін «Алтын күз» мерекесіне шақырып, бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышпен күн біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой!
Өрік, шие, алма, алша,
Жидек, жүзім піседі
Қауын, қарбыз, қияр,
Сәбіз қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы балалар, бұл қай кезде болады?.
Балалар: Күзде.
Жүргізуші-1: Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық.
Балалар бірлесе: Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз,
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші алтын күз!
Осы кезде мерекелік көңіл күймен залға «Күз ханшайым» себет қолына алып кіріп келеді. Себеттің ішінде күзгі базарлық, жемістер, көкөністер салынған.
Күз ханшайым: Армысыңдар ма балдырған!
Күзгі бақтағы қонақтар.
Өздеріне әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар. 1
Балалар: Көп рахмет сізге!
Жүргізуші-1. Алтын күз, мына сыйды қонақтарға таратып берсек бола ма?.
Күз: Жоқ, бұл сыйды қонақтар еңбек етіп, тер төгіп жеңіп алулары қажет. Өйткені күздің сыйлары: жемістер де, көкөністер де тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтан, қонақтар, мен сендермен бірге бір сайыс өткізейін.
Ойын «Жапырақтар»
Күз: Менің жеміс- жидектерім өздерін таныстыруға , осында шықсын (жемістертердің атрибуттарын киген балалар ортаға шығады):
Марияш: Не смотри,что просточок
Я полезный
Я лучок
Назым: Мен маржандай шиемін,
Күн сәулесін сүйемін.
Жемістерім піскенде,
Жерге басымды иемін.
Даулет: Я картошка хороша
За столом всегда нужна
Жарена варёна ,
В пирожке соленом ! .
Күз ханшайымы: Если на деревьях листья пожелтели,
Если в край далекий птицы улетели
Если небо хмурится
Если дождик льется
Это время года осенью зовется.
Ойын «Музыкалық аспаптар»
Жүргізуші-1: Кіп- кішкентай бишілер мың бұрыла билейді.