Просмотр содержимого документа
«"Бидай" ашық сабақ»
11.04.2018ж Тобы. «Балбөбек» бірінші кіші топ
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Бидай»
Мақсаты:
Балаларды бидаймен таныстыру. Бидайдан ұн, ұннан қамыр әзірлейтіні туралы айтып, әңгімелесу. Қамырдан алуан түрлі нанның түрлерін пісіруге болатынын айтып түсіндіріп беру. Нанның қасиетін жоғары бағалап, қастерлеуге тәрбиелеу.
Жер бетіне көгеріп масақтар шыға бастады( қолдарын көтереді)
Жайлап самал жел есті,бидай жайқалды (қолдарын ырғайды)
-Балаларға, ұннан камыр илеп көрсету.
-Балалар, қамырдан біз не пісіреміз?
.- Қамыр иленіп біз нан, пісіреміз. Ұннан жасалатын тағамдар баурсақ, тоқаш.
-Міне , балалар күнделікте жеп жүрген нанымыз осындай ұзақ та қиын жолдан өтіп біздің дастарханымызға келеді екен.Нан-қасиетті тағам.Қасиетті нанды қадірлеп, қастерлейік.Дастарханның сәнін келтіреді, қарнымызды тойдырады.Біздерге күш-қуат береді.