kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру аумағындағы оқытылатын тілдер үлгілерінің мазмұны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еңгізу тәсілдері

Уақытқа тоқу жоқ. Біздің бүгінгі бүлдіршіндеріміз ертеңгі елдің азаматтары. Міне, сондықтан да, Қазақстан Республикасының кішкене азаматтарының тәрбиесі бүгіннен басталады.

Қазақстан - көп ұлтты, ынтымағы жарасқан мемлекет. Бірнеше ұлттың тілін білу әр азаматтың алдына қойған мақсаты болуы керек. Неғұрлым көп тіл білсең сол тілді халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін білесің. Бұл дегеніміз - сол халықтармен тығыз қарым-қатынаста бола аламыз деген сөз.

Мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап Елдің тілі - қазақ тілін үйрену өмір талабы.

Келешегіміз жарқын болуы үшін әрбір Қазақстан азаматы үш тілді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі керек.

Сондықтан да бұл тілдердің алғашқы сатылары балабақшада оқытыла басталады.

Тіл үйрету үшін сол халықтың тұрмыс-тірлігімен, әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерімен ойын элементтерін қолданып, суреттер, видео-аудио техникаларының көмегімен, көріністер, қойылымдар арқылы балаларды қатыстыра отырып жүйелі түрде жұмыс істеу қажет.

Балабақшада қазақ тілі II сәбилер, естиярлар, ересектер, дайындық топтарда оқытылады. Негізгі бағдар "оңайдан қиынға" сатысымен жүргізіледі. Жанұяда өз тілінде сөйлейтін, өз тілінде ойлайтын балаға басқа тілдерді, оның ішінде қазақ тілін де, үйретудің өз қиыншылықтары бар. Сондықтан да өзге тілдерді үйрету үшін әр баланың мінез-құлқына, ынтасына, жеке басының дамуына, жанұядағы тәрбиесіне көңіл аудару қажет. Ата-аналарының осы тілге деген құрметі де үлкен ықпал етеді. Және дағы бір айта кетерлік жайт бағдарламадағы уақыттың аздығы.

Тіл үйретудегі негізгі мақсат туған еліңді, жүрген ортаңды сүйе білуге баулу, өз ұлтыңды қалай сүйсең өзге ұлтты да солай құрметтей білу, патриоттық сезімді оята білу, жергілікті халықтың салт-дәстүрін қастерлей білуге тәрбиелеу қажет.

Ересектер тобында қазақ тілі сабақтарында дыбыстардың дұрыс айтылуына көп көңіл аудару қажет. Сөздік жұмыстар, әр сөздің мағанасын білу, сол сөздерді қолдана отырып сурет бойынша кішігірім сөйлемдер құрастыра білу қажет. Осы үрдіс кезінде дыбыстардың дұрыс айтылуын үнемі қадағалап, түзетіп отыру қажет.

Дайындық тобында осы үрдісті одан әрі жетілдіре түсеміз.

4-6 жасар балалардың өзге тілге қызығушылығы, еліктеушілігі зор болады. Сондықтан да олар өзге тілді тез үйренеді. Бұл кезеңде балалар тілге ғана емес қоршаған ортадағы кез келген өзгерістерге де тез бейімделеді, "жақсы" "жаман" деген түсініктер пайда болады. Олардың сөздік қорлары тез дамиды. Сондықтан да 7-8 жасар балаларды өзге тілге үйретуден 4-6 жасар балаларды үйрету оңайға түсеті.

Тіл үйретушінің (оқытушының) бірінші міндеті бала психологиясын білу, баланы өз баласындай сүйе, керек кезде еркелете, білу. Неғұрлым бала мен оқытушының арасында жақындық, жылылық, мейірімділік болса, соғұрлым бала тілді тез меңгереді. Міне, сондықтан да менің алдыма қойған мақсатым балалардың қазақ тілінде еркін сөйлей білуі. Ол үшін:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру аумағындағы оқытылатын тілдер үлгілерінің мазмұны.»

Тақырыбы: Білім беру аумағындағы оқытылатын тілдер үлгілерінің мазмұны.

Дайындаған: Абаханова Жанар Каримжановна

3 балабақша МКҚК қазақ тілі пәнінің оқытушысы


Еңгізу тәсілдері


Уақытқа тоқу жоқ. Біздің бүгінгі бүлдіршіндеріміз ертеңгі елдің азаматтары. Міне, сондықтан да, Қазақстан Республикасының кішкене азаматтарының тәрбиесі бүгіннен басталады.

Қазақстан - көп ұлтты, ынтымағы жарасқан мемлекет. Бірнеше ұлттың тілін білу әр азаматтың алдына қойған мақсаты болуы керек. Неғұрлым көп тіл білсең сол тілді халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін білесің. Бұл дегеніміз - сол халықтармен тығыз қарым-қатынаста бола аламыз деген сөз.

Мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап Елдің тілі - қазақ тілін үйрену өмір талабы.

Келешегіміз жарқын болуы үшін әрбір Қазақстан азаматы үш тілді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі керек.

Сондықтан да бұл тілдердің алғашқы сатылары балабақшада оқытыла басталады.

Тіл үйрету үшін сол халықтың тұрмыс-тірлігімен, әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерімен ойын элементтерін қолданып, суреттер, видео-аудио техникаларының көмегімен, көріністер, қойылымдар арқылы балаларды қатыстыра отырып жүйелі түрде жұмыс істеу қажет.

Балабақшада қазақ тілі II сәбилер, естиярлар, ересектер, дайындық топтарда оқытылады. Негізгі бағдар "оңайдан қиынға" сатысымен жүргізіледі. Жанұяда өз тілінде сөйлейтін, өз тілінде ойлайтын балаға басқа тілдерді, оның ішінде қазақ тілін де, үйретудің өз қиыншылықтары бар. Сондықтан да өзге тілдерді үйрету үшін әр баланың мінез-құлқына, ынтасына, жеке басының дамуына, жанұядағы тәрбиесіне көңіл аудару қажет. Ата-аналарының осы тілге деген құрметі де үлкен ықпал етеді. Және дағы бір айта кетерлік жайт бағдарламадағы уақыттың аздығы.

Тіл үйретудегі негізгі мақсат туған еліңді, жүрген ортаңды сүйе білуге баулу, өз ұлтыңды қалай сүйсең өзге ұлтты да солай құрметтей білу, патриоттық сезімді оята білу, жергілікті халықтың салт-дәстүрін қастерлей білуге тәрбиелеу қажет.

Ересектер тобында қазақ тілі сабақтарында дыбыстардың дұрыс айтылуына көп көңіл аудару қажет. Сөздік жұмыстар, әр сөздің мағанасын білу, сол сөздерді қолдана отырып сурет бойынша кішігірім сөйлемдер құрастыра білу қажет. Осы үрдіс кезінде дыбыстардың дұрыс айтылуын үнемі қадағалап, түзетіп отыру қажет.

Дайындық тобында осы үрдісті одан әрі жетілдіре түсеміз.

4-6 жасар балалардың өзге тілге қызығушылығы, еліктеушілігі зор болады. Сондықтан да олар өзге тілді тез үйренеді. Бұл кезеңде балалар тілге ғана емес қоршаған ортадағы кез келген өзгерістерге де тез бейімделеді, "жақсы" "жаман" деген түсініктер пайда болады. Олардың сөздік қорлары тез дамиды. Сондықтан да 7-8 жасар балаларды өзге тілге үйретуден 4-6 жасар балаларды үйрету оңайға түсеті.

Тіл үйретушінің (оқытушының) бірінші міндеті бала психологиясын білу, баланы өз баласындай сүйе, керек кезде еркелете, білу. Неғұрлым бала мен оқытушының арасында жақындық, жылылық, мейірімділік болса, соғұрлым бала тілді тез меңгереді. Міне, сондықтан да менің алдыма қойған мақсатым балалардың қазақ тілінде еркін сөйлей білуі. Ол үшін:



1) Балалардың сөздік қорын кеңейту; сөздің мағынасын түсіну; қарапайым сөйлемдер құрастыру; сұрақтарға жауап беру; екеу ара сөйлесу.

2) Қазақша дыбыстарды, сөздерді айта білу.

3) Ойлау, еске сақтау қабілетін дамыту.

Балабақшада арнайы жабдықталған қазақ тілі бөлмесі бар. Бөлме мына үлгіде жабдықталған:

1) Этно бұрыш (қазақ халқына қажетті жабдықтар);

2) Әдістемелік әдебиеттер бұрышы;

3) Көрнекі дидактикалық құралдар;

4) Құжаттар.






Әр сабақ осы бөлмеде өтеді. Бөлмедегі жабдықтар қазақ халқының өмір сүру дәстүрін көрсетеді. Әсемдікке тәрбиелейді. Көрпешелердегі, ыдыс-аяқтағы ою-өрнектер табиғатпен үйлесімділікті көрсетеді. Әр тақырыпты тынғылықты меңгеру үшін мынадай сызба-нұсқамен жұмыс істеймін.



"Балабақшада қазақ тілін үйретудің сызба-нұсқасы"


Жаңа стандарт бойынша қазақ тілі сабақтары II-бүлдіршіндер тобынан басталады.

Негізгі тақырыптары "Жанұя", "Менің Республикам - Қазақстан", "Жыл мезгілері", "Ойыншықтар".



6





Мақсаты: Осы тақырыптар бойынша сөздік қорларын көбейту.

Бүлдіршіндер тобындағы сабақтар көрнекі құралдарды пайдалана отырып екі тілде аударма арқылы жүргізіледі.

Әр заттың қазақша аталуын дұрыс айта білуге дағдыланамыз, жадымызда сақтаймыз. Алғашқыда әр сөзді бірнеше рет бәріміз бірге айтамыз да, кейінрек жеке-жеке атаймыз.

Сабақта өткен жаңа сөздерді сөздік бұрышқа көрнекі етіп жазып қоямын. Кешке келген ата-аналар да осы сөзбен танысып, өздерімен "алып кетеді". Енді бала бұл сөздерді ата-аналарымен қайталайды. Келесі топтарда бағдарлама біртіндеп күрделіне түседі. Сөздік қорды кеңейте отырып, тіл дамытуға көбірек көңіл бөлеміз.

Естиярлар тобында сөйлем құрастырамыз, тақпақтар жаттаймыз. Ересектер тобымен дайындық топтарында өзара сөйлесуге, бір-біріне сұрақ-жауап бере білуге үйретемін.

Қазақ тілін дұрыс меңгеруде мен мынадай әдіс тәсілдерді қолданамын:

1) Ойын арқылы тіл сындыру;

2) Бейнелік тәсілдер;

3) Сөздік тәсіл;

4) Сурет салу, құрастыру арқылы сараптамалық жұмыс;

5) Әр баламен жекеше жұмыс істеу;

6) Мақтау- мадақтау тәсілі;

7) Халық педагогикасы элементтерін қолдану;

8) Кішігірім тарихи әңгіме.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі еңбегі ойын. Ойын кезінде бала өзін еркін сезінеді. Осы ойынның образына енеді. Менің міндетім балалардың еркіндігін шектемей ойын кезіндегі сезімдерін мүмкіндігінше қазақ тілінде жеткізе білуге үйрету.

Осы мақсатта дәстүрлі емес сабақтар өткіземін. Мысалы: "Саяхат" ойындары ("Орманға саяхат", "Кітапханаға саяхат" т.б.), "Ертегі кейіпкерлерімен кездесу", "Қуыршаққа қонаққа бару", "Рольдік" ойындар ("Аурухана", "Дүкен"), "Қозғалыста болу" ойындары ("Мысық пен тышқан", "Ұшады, ұшпайды"), "Суретті аяқтау", "Жануарларды тамақтандыру", "Сөйлемді аяқтау". Бұл сабақтарда балалардың мүмкіншілігінше қазақша сөйлеуін, дұрыс сөйлеуін қадағалаймын.






Балалардың жас ерекшеліктеріне байланыста көру, есту, жадына сақтау қабілеттері де дамиды. Сонымен қатар бала тез шаршап, тез зерігеді. Сондықтан сабақта әртүрлі

тәсілдер қолдануға (жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс,




сурет салу, бояу) тура келеді. Сабақ барысында қимылдық сергіту сәттерін жасау қажет. Сергіту сәттері балалардың шаршағандығын сейілтеді.

Балаларға қазақ тілін үйретуде Вольдорф педагогикасы жақсы көмектеседі: дем алу жаттығулары, тыныш отыру, қол еңбегі, музыкалық аспаптарда ойнау, т.б.

Тіл үйренуде жақсы көмекші болатын тәсілдер ретінде мыналарды атап өткім келеді:

1) Жаңа сөзді жадыңда сақтау үшін, сол сөздің мағынасын білдіретін затты көзбен көру (ойыншықтар, суреттер, т.б.);

2) Зат атауы алғашқыдан ақ қатесіз дұрыс, анық айтылуы керек;

3) Сөзді ең бірінші рет ақырын (еріннің көмегімен, көру қабілеті дамиды), сонан соң бәріміз қосылып дауыстап


(есту қабілеті дамиды) бірнеше рет қайталаймын. Соңында жеке-жеке айтамыз.

Әр сөздің жылылығын жүрекпен сезінуге тырысамыз.

Тіл үйренуде өлең-тақпақтарды нәшімен оқи білудің ролі зор. Өлең оқыған кезде ұйқастық, қимыл-қозғалыс, көңіл-күй осы өлеңнің мазмұмына сай болуы керек. Қимыл-қозғалысты жеткізе білсе өлең тез жатталады.

Тіл үйренуге сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар да, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар да көмегін тигізеді.

Біздің ұжымда тәрбиешілер қазақ тілі сабағына, тіл оқытушысы тәрбиешілердің сабағына қатысады. Бұл әдістің де тіл үйренуге тигізер пайдасы айтарлықтай. Бұл тәсіл интеграциялық сабақтар өткізуге көмектеседі. Мысалы II сәбилер тобында "Күн көзіне қонаққа бару" тақырыбында сабақ өтті. Балалардың сөздік қорының бай екендігі байқалды. Сонымен қатар балалармен де, тәрбиешілермен де үйірме жұмысы жүргізіледі. Үйірме жұмыстарында балалардың сөздік қоры көбейсе, тәрбиешілер (өзге ұлт өкілдері) мемлекеттік тілді үйренеді. Балабақшада "Күншуақ" үйірмесі, тәрбиешілерге арналған "Қазақ тілін үйренеміз" үйірмесі жұмыс істейді. "Күншуақ" үйірмесі аптасына 2 рет жұмыс істейді. 33 сабақтық бағдарлама құрдым. "Менің достарым", "Менің үйім, отбасым", "Балабақша" т.с.с. тақырыптардан тұрады. Сонымен қатар үйірме жұмыстарында ертегі кейіпкерлермен танысамыз, қойылымдар көрсетеміз. "Алдар Көсе", "Мақта қыз" т.б.

Қазақ тілін үйретуде халық шығармашылығының да көмегі зор.

1) Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерімен танысамыз. Оның ішінде қазақ халқының салттары "Бесікке салу", "Тұсау кесу".




1


2) Ертегілер мен жұмбақтар.

Мысалы: "Қабат-қабат тоны бар.

Кішкене ғана бойы бар".


"Бойын жерге жасырған.

Бұрымы бар жасылдан".


"Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады".


"Қосылғанда қос шебер -

Қыруар-қыруар іс өнер" т.с.с.


3) Ұлттық ойындар: "Қыз қуу", "Арқан тарту", "Сақина салу" т.с.с.




4) Өлеңдер, тақпақтар.

Бұл ойындар кезіне балалардың сөздік қоры кеңейді.

Сергіту сәттерінде өлең-тақпақтар пайдаланамын.

Кәне, балалар тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз.

Қолды алға созамыз,

Отырып бір тұрамыз.

Құс боп қанат қағамыз

Орнамызды табамыз.


Жаттаған өлең тақпақтарымызды мереке-мейрамдарда ата-аналарымызға көрсетеміз. Ата-аналарымыз да бізбен бірге қуанып, мәз болады.

Әр тоқсанның соңында әртүрлі интеграциялық сабақтар өткіземіз. Бұл сабақтарда қазақ тіліне көп көңіл бөлінеді.


Жыл сайын балабақша аралық сайыстарға, аудандық "Балғын шақ" сайыстарына қатысамыз. Талай рет жүлделі орындарға ие болдық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Білім беру аумағындағы оқытылатын тілдер үлгілерінің мазмұны.

Автор: Абаханова Жанар Каримжановна

Дата: 04.07.2019

Номер свидетельства: 516413

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Оқушыларға арналған қозғалмалы ойындар сабақтан тыс уақытта."
    ["seo_title"] => string(67) "ok_ushylarg_a_arnalg_an_k_ozg_almaly_oiyndar_sabak_tan_tys_uak_ytta"
    ["file_id"] => string(6) "410059"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1492527313"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства