kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім еліне саяхат оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі ұйым балаларына арналған оқу қызмет жұмысы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім еліне саяхат оқу қызметі»


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы

11 «Балдырған» балабақшасының әдіскері

Сабденова Жаксыкул Халилуллаевна


Тақырыбы: «Білім еліне саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың жыл бойына үйренген оку қызметтерін

тиянақтау. Балаларға тапсырмалар бере отырып, білім – білік дағдыларын

қалыптастыру.

Дамытушылық:Дидактикалық ойындар арқылы есте сақтау

қабілеттерін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік:Туған елін, жерін, оның табиғатын сүюге, корғауға тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Қолтырауын,

Керекті құралдар:интербелсенді тақта, тақырыпқа сай суреттер, ақ қағаз,

бояу, пластмасса құтыдан жасалған трафарет, ылғал сүрткіш.

Методикалық әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап,

мадақтау, қорытындылау.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері.

– Балалар, айналамызға назар аударайықшы, бүгін біздің бөлмеміз күндегіден ерекше, өйткені бүгін бізде ашық оқу қызметі, және бізге көптеген қонақтар келген екен. Ендеше шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайық.

Арайлап таң атты.

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлеметсіз бе, апайлар!


-Балалар бүгін біз жыл бойы өткен білімдерімізді тиянақтап қорытамыз.

-Балалар есік қағылған сияқты, қане қарайықшы, бізге кім келген екен? (Тәрбиеші есік жаққа барып, қонаққа келген қолтырауынды алып келеді).













Балалар шаттық шеңберін құрады, келген қонақтармен амандасады.



Іздену

ұйымдастырушы























-Балалар бізге қолтырауын келген екен, қолтырауын бізге жәй келмеген екен. Ол сендердің жыл бойы қандай білім алғандарыңды көрейін деп келген екен. Балалар қолтырауын сендердің әдемі киініп келгендеріңді көріп қуанып қалды, олай болса балалар қолтырауынға өзіміздің жыл бойы не үйренгенімізді көрсетейік.

-Балалар қолтырауын өзімен бірге хат алып келген екен, қане ашып, не жазылғанын көрейік. (Қолтырауынды отырғызып, балаларға қолтырауынның хатын оқиды)

-Балалар қолтырауын сендерге сұрақтар дайындап келген екен, сұраққа жауап береміз бе?

Олай болса назарымызды интербелсенді тақтаға аударып, сұрақтарға жауап беріп отырайық.

- Бір жылда неше мезгіл бар?


- Қазір жылдың қай мезгілі?


- Жыл мезгілдері туралы тақпақтар айту.


- Балалар біз кай Республикада тұрамыз?


- Біздің бас қаламыз кай кала?


- Біздің елбасымыз кім?


- Біздің қандай рәміздеріміз бар?


- Біз кай калада тұрамыз?


- Балабақшамыз, тобымыз қалай аталады?


- Табиғат дегеніміз не?


- Табиғат нешеге бөлінеді?



- Тірі табиғатқа не жатады?



- Өлі табиғатқа не жатады?



- Қандай жануарларды білесіңдер?


- Үй жануарларына нелер жатады?



- Жабайы жануарларына нелер жатады?



- Қандай құстарды білесіңдер?


- Үй құстарына нелер жатады?



- Дала құстарына нелер жатады?







- Қандай ертегіні жақсы көресіңдер?

- Осы ертегіні әңгімелеп бер.


- Қандай пішіндерді білесіңдер?

- 1 ден 10-ға дейін сана.

- 1 -ден 10-ға дейін тура және кері сана.

-Санамақтар айту.


- Логикалық есептер шығару.

-Аквариумда 3 балық бар, оған тағы 1 балық салды. Барлығы неше балық болды?

-Ағашта 6 құс қонып тұр, 4 құс ұшып кетті. Неше құс қалды?

-Айгүлде 6 шар бар еді, 1 шары жарылып қалды. Айгүлде неше шар қалды?

Дидактикалык ойын: «Шегелер мен резенкелер»

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып – ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

-Жарайсыңдар балалар, енді қолтырауынның сұрақтарына жауап беруді жалғастырайық.

- Дыбыс дегеніміз не?



- Дыбыс нешеге бөлінеді?



- Дыбысты қандай текшелермен белгілейміз?




- «Ата» және «Әже» сөздеріне дыбыстық талдау жаса.

-Балалар, балабақша сөздерін буынға бөл.

- Мақал – мәтелдер айту.


- Жарайсыңдар балалар, сендердің жауаптарың қолтырауынға ұнады деп ойлаймын. Біз де қолтырауынға сыйлық жасап берейік, қолтырауын қуанып қалсын. Олай болса балалар, біз бүгін ұжымдық жұмыс жасап, қолтырауынға көктемгі жеміс ағашының суретін салып берейік.

Біз көктемгі жеміс ағашының суретін ТРИЗ әдісімен саламыз. Қане, балалар екі топқа бөлініп, партаға жақындайық. Партада ағаштың діңі мен сабақтары салынған ақ қағаз, ашық қызыл түсті бояу, қытқырлақ (пластмасса) құтының төменгі бөлігінен жасалған гүлдің трафераты, ылғал сүрткіш қойылған. Біз кеше күннің екінші жартысында ағаштың діңі мен сабақтарын алдын ала жұмыс жасап дайындап қойған болатынбыз. Қиылған қытқырлақ (пластмасса) құтының кесілген жағын қолымызбен ұстап, төменгі бөлігін бояуға батырып алып, ағашымыздың сабақтарына басу әдісімен гүлдер саламыз.

-Балалар гүлдің трафератын оң қолымызбен ұстап, бояуды ұқыпты қолдануымыз керек. Егер қолымыз лас болып қалса, ылғал сүрткішпен қолымыздағы бояуды сүртіп аламыз.

(Балаларға сурет салғызу, салған суреттерін тақтаға іліп, балаларға, қолтырауынға көрсету)

-Балалар, енді осы салған суреттерімізді қолтырауынға сыйлайық.

-Балалар қолтырауын сендердің салған суреттеріңе риза болып, алғыс айтып жатыр. Ол осы суреттерді алып, өзінің достарына көрсеткісі келіп асығып тұр.

-Балалар енді қолтырауынмен қоштасайық.

(Қолтырауын кетеді)






Балалар қонаққа келген қолтырауынды көріп, қуанады. Қолтырауынға жыл бойы алған білімдерін көрсетуге келіседі.


-Ия






-Бір жылда 4 мезгіл бар.

-Қазір жылдың көктем мезгілі.

Балалар жыл мезгілдері туралы тақпақтар айтады.

-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Біздің бас қаламыз Астана қаласы.

-Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

-Біздің рәміздеріміз елтаңба, ту, әнұран.

-Біз Жаңаөзен қаласында тұрамыз.

-Біз «Балдырған балабақшасына» келеміз.

-Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта.

-Табиғат екіге бөлінеді: тірі табиғат және өлі табиғат.

-Тірі табиғатқа адамдар, өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер жатады.

-Өлі табиғатқа тау – тас, өзен – көлдер, ауа, су, жер, күн, бұлт, т.б. жатады.

-Үй және жабайы жануарлар.

-Үй жануарлары: сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі.

-Жабайы жануарларға: аю, қасқыр, түлкі, тиін, қоян, зебра, керік, т,б, жатады.

-Үй құстары және дала құстарын білеміз.

-Үй құстарына тауық, үйрек, қаз, әтеш жатады.

-Дала құстарына сауысқан, қарлығаш, кептер, тоқылдақ, торғай, тырна, аққу, т.б. жатады.

Балалар көкөніс пен жемістерді атайды.

-«Үш қыз» ертегісі.

Балалар «Үш қыз» ертегісін әңгімелейді.

Балалар геометриялық пішіндерді атайды, 1 – ден 10 – ға дейін тура және кері санайды.

Балалар санамақтар айтады.

-4 балық болды.




-2 құс қалды,


-Айгүлде 5 шар қалды, - деп жауап береді.


Балалар дидактикалық ойын ойнайды.




Өлең жолдарны сәйкес қимылдар жасайды.








-Дыбыс дегеніміз әріптердің ауызша естілуі.

-Дыбыс екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар.

-Дауысты дыбысты қызыл текшемен, дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.

Балалар сөзге дыбыстық талдау жасайды, сөздерді буынға бөліп оқиды.

Балалар мақал – мәтелдер айтады.







Балалар қолтырауынға сыйлық жасауға келіседі, қағазбетіне ТРИЗ әдісімен жеміс ағашының гүлдерін салады.





















Балалар салған суреттерін қолтырауынға сыйға тартады.





Балалар қолтырауынмен қоштасады.

Рефлексті -

коррекциялаушы


-Балалар бізге қонаққа не келді?


-Бізге қолтырауын не әкелді?


-Біз қандай ойын ойнадық?



-Біз қандай ертегіні әңгімеледік?


-Біз қолтырауынға не сыйладық?


-Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер жыл бойы үйренгендеріңізді, білгендеріңізді көрсете білдіңіздер. Бүгінгі оқу қызметке барлығыңыз да жақсы қатыстыңыз. Алдағы уақытта сендер бақшада алған білімдеріңді мектепте де одан ары жалғастыратыныңызға мен сенемін. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды, орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық.

-Бізге қонаққа қолтырауын келді.

-Қолтырауын тапсырмалар әкелді.

-Біз «Шегелер мен резеңке» ойынын ойнадық.

-Біз «Үш қыз» ертегісін әңгімеледік.

-Біз қолтырауынға жеміс ағашының суретін сыйладық.








Балалар келген қонақтармен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалар берілген сұрактарға жауап беру білуі .

Игереді: Дидактикалық ойындарды ойынауды игереді.

Біледі: Балалар бір жылда үйренген білімдерін қорытындылай білді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Білім еліне саяхат оқу қызметі

Автор: Сабденова Жаксыкул Халилуллаевна

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415548

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) ""Математика еліне саяхат" Ұйымдастырылған оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(61) "matiematika_ielinie_saiakhat_u_iymdastyrylg_an_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "390149"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486705943"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "К?ркем ?дебиет  "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(47) "korkiem-diebiiet-iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "317274"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460309025"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Сиқырлы геометриялық пішіндер еліне саяхат"
    ["seo_title"] => string(53) "sik_yrly_ghieomietriialyk_pishindier_ielinie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "411533"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493119325"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "«Білімділер еліне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(30) "bilimdilier_ielinie_saiakhat_1"
    ["file_id"] => string(6) "384468"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485511354"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ертегі еліне саяхат. "
    ["seo_title"] => string(28) "iertieghi-ielinie-saiakhat-2"
    ["file_id"] => string(6) "241167"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445188439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства