Просмотр содержимого документа
«Білім саласы: Жаратылыстану»
Білім саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану. Ортаңғы топ.
Тақырыбы: «Біздің топтағы зерттеу бұрышы»
Мақсаты: балаларды топтағы зерттеу бұрышымен таныстыру. Сөздік қорларын зерттеу бұрышындағы заттар атауларымен толықтыру. Қарапайым тәжірбие жасауға үйрету.
Керекті құралдар:зерттеу бұрышындағы құралдар.
Мотивациялық қозғаушылық әрекет
Тәрбиеші жағымды көңіл күй орнатады. Қызықты сәт.
Балалар шиқылдаған дыбыс естіледі, бұл ненің дыбысы екен?
- Балапан. (тәрбиеші ойыншық – балапанды алып келеді)
Тәрбиеші: балалар мына балапан бізге қонаққа келіпті, балапан құммен, сумен ойнағанды жақсы көреді екен, онда балапанды тобымыздағы зерттеу бұрышымен таныстырайық.
Ұйымдастырушылық – ізденушілік әрекет
Тәрбиеші балаларды зерттеу бұрышына шақырады.
Балалар қараңдаршы мына жерде көптеген заттар бар, сендер нелерді көріп тұрсыңдар? Балалар зерттеу бұрышындағы заттарды атайды. Білмегендерін тәрбиеші өзі атап, балалар қайталайды.
Балалар, зерттеу бұрышы не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Балала зерттеу бұрышында қызықты тәжірбиелер жасауға болады.
Тәжірбие жасамас бұрын алжапқыштарды алып киеміз, қолымызға мына жеңдерді киеміз, себебі жұмыс жасағанда киіміміз лас болып қалуы мүмкін. Бүгін мен сендерге қызықты тәжірбие жасауды көрсетемін, балапанға да көрсетейік балалар.
Тәжірбие:
1. «Сусорғышпен (губкамен) суды сорып алу»
Сусорғыштың қасиетімен таныстырады.
Керекті құралдар: екі ыдыс, сусорғыш (губка).
◈ Бір ыдыста су бар. Тәрбиеші губкамен суды бір ыдыстан екінші ыдысқа тасуды көрсетеді.
◈ Енді балаларға осылай жасап көруді ұсыну.
2. «Сүзгімен жұмыс»
Заттардың қолдану тәсілімен, мақсатымен таныстырады.
Керекті құралдар: стақан, сүзгі, пластмасс табақ.
◈ Балалардың алдына табақпен су қойылады. Бала стақанмен су алып сүзгі арқылы құяды. Тәрбиеші неліктен сүзгіден судың ағып кететінін түсіндіреді.
3. «Стақандағы дауыл»
Керекті құралдар: пластик стақан, түтікше бала санына қарай.
Балаларға түтікшені стақанға салып үрлеуді ұсынады. Не болды?
Қимылды ойын «Күн мен жаңбыр»
Тәрбиеші «Күн» дегенде балалар жүгіріп, айналып ойнап жүреді, «жаңбыр» дегенде жүгіріп тәрбиеші жанына келіп қолшатыр астына жасырынады.
Балалар біздің балапанымыз көңілсіз сияқты, не болды екен? (балапанды құлағына тақап тыңдайды)
Балалар балапан жалғыз болғасын оған аулада көіңілсіз екен, келіңдер біздер оған достар тауып берейік.