балалардың күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту; балалардың шығармашылығын,мақал-мәтел, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту,ұқыптылыққа, өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Білім теңізіне саяхат"»
Кіріктіретін оқу қызметі: Қатынас, Денсаулық, Шығармашылық,
Әлеумет,Таным.
Мақсаты: балалардың күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту; балалардың шығармашылығын,мақал-мәтел, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту,ұқыптылыққа, өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ме балалар! Балаларды отырғызып, бүгінгі оқу қызметімен таныстыру.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
- Күз мезгілінде неше ай бар?
-Үш ай бар.
-Қырқүйек,Қазан,Қараша.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, күз мезгілінде үш ай бар.Күз мезгілінде ағаштардан жапырақтар сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жақа қарай ұшып кетеді. Балалар сендер саяхатқа шыққыларың келема?
-Ия.
Олай болса «Білім еліне» саяхатқа шығамыз.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер сол жұмбақтың жауабын табасыңдар.
Жұмбақ:
Сылқ – сылқ күледі.
Аяғы жоқ жүреді. ( Су)
Өзен, көлде батпайды,
Жүзгені жақсы болса да
Адамсыз түк істей алмайды. ( Қайық )
Өте жақсы балалар сендер жұмбақтың жауабын таптыңдар.
Сол сәтте кенеттен есік соғылады.
Бұл кім екен балалар?
Ғажайып сәт:
Капитан сиқырлы кілтпен кіреді.
Капитан: Сәлеметсіздер ме балалар!
Сендердің саяхатқа шыққалы жатқандарыңды естіп, алыс сапардан сиқырлы кілт алып келдім.
Ендеше бұл кілтті құрастыру үшін, менімен бірге «Білім»еліне сапарға аттанайық!
Тәрбиеші:
Сапарға шығу үшін не керек?
Көлік керек.
Ал қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Әуе, жол ,су, жерасты көліктері.
Өте жақсы олай болса бүгін алдымыздағы ақ қағазда нүктелер қойылған, сол нүктелерді бір-біріне жалғасақ қандай көлік түрі шығады. Сол көлікпен «Білім»атты кемемен сапарға аттанайық.
Сөздік жұмыс: кеме
Ал енді,балалар біз кемеге мінуіміз үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
-Табиғат деген не?
Қоршаған орта, аспан,жер,өзен,теңіз әлемі.
- Денсаулық деген не?
- Денсаулық дегеніміз деніміздің саулығы.
Балалар кемеміз сумен жүзіп келе жатыр.
- Су қандай? -Су мөлдір таза.
-Су қайда болады? Өзенде, көлде,мұхитта болады.
-Суда нелер тіршілік етеді? Балықтар,өсімдіктер.
-Су астында не бар? Балықтар,жер бар.
-Бұл-«Білім елі». Менің тапсырмам осы елде.
Тапсырма: 1
1-ден 5-ке дейін санау.
Балалар 1-ден 5-ке санайды.
Логикалық есеп:
Ағашта үш торғай отыр. Біреуі ұшып кетсе нешеуі қалады?
1. Бес алманың біреуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолында қалады?
Ойын: «Сандар шатасты»
Мақсаты: ретімен қою.
Балалар қызыға ойнайды.
-Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандықтың кілтінің бірінші бөлігін сендерге табыстаймын.
-Балалар, енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін сапарымызды жалғастырамыз.
Тапсырма :2
-Балалар, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1.Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
2.Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
3.Білім-шырақ, Өнер-бұлақ.
-Балалар, біздер «Білім еліне» қандай көлік түрімен келдік?
-Кемемен жүзіп келдік.
-Капитан: Балалар сендер мақал мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер кілттің екінші бөлігін тапсырайын.
-Капитан: балалар сендер ертегінің көптеген түрлерін біледі екенсіңдер.
Мен сендерге кілттің ең соңғы бөлігін табыстаймын сендер өте жақсы тапқыр білімді балалар екенсіңдер.
Сергіту сәті:
Балалар қимыл –қозғалыспен көрсетеді.
Бойды сергек тік ұста
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да
Өз қолыңды алға соз.
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қолда бос тұрмасын
Шеңбер жасап зырласын.
Дидактикалық ойын:« Көкөністер мен Жемістер.»
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажыратып жинау.
Капитан:
-Балалар сендер өте ақылды тапқыр екенсіңдер. Маған көп көмектестіңдер. Кілтті тауып беруге және құрастыруға. Ендеше менің кететінін уақытым болды. Сау болыңдар.
Қорытынды:Балалар енді біз құрастырған кілттіміздің қандай пішіндерге ұқсайтынын атап айтып берейік.