kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Біздің еліміздің халықтары достасады!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-6 жастағы балаларға арналған ҰОӘ. Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Біздің еліміздің халықтары достасады!»»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің конспектісі

Білім беру саласы: «Таным»+ «Коммуникация»+ «Шығармашылық»+ «Әлеуметтік орта»

ҰОӘ: «Қоршаған ортамен таныстыру»+ «Тіл дамыту»+ «Ән-күй»+ «Аппликация»

Тақырыбы: «Біздің еліміздің халықтары достасады!»

Мақсаты: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету.

Міндеттері: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге,  ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату арқылы ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, толеранттық сезімдерін тәрбиелеу. Балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру,  басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту

Алдын ала жұмыс:балаармен әр ұлт ертегілерін оқу, альбом және әр ұлттың киімдерін қуыршақтарда қарастыру, ұлттық ойындар ойнау, әр ұлттың әндерін тыңдау

Көрнекілер:  әр ұлттың киімі, презентация, ыдыстар, музыкалық аспаптар, ұлттық ойыншықтар,музыкалық таспа, желім, ватман, оюлар,қылқалам, мнемотаблица

Сөздік жұмыс: Здоровеньки былы, сарафан, кокошник, плахта, спыдница, кошуля, шалбар, қалпак, көйлек, қамзол

І Кіріспе:

Қайырлы күн, балалар!

Біз қонақтармен амандасайық!

(үш тілде амандасады)
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық және бір ауыз тілектеріңді білдіріңдер.

Біз сабақ барысында Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғына отырып,  басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуға үйренеміз. 

Балалар шеңберге тұрады

Үш тілде амандасады

Қимылдарды қайталайды

Тәрбиешіге назар аударып, тыңдайды

ІІ Негізгі бөлім:

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Тақпақты бірге айтады

-Балалар Қазақстанда мереке көп, ал, келе жатқан қандай мереке екенін кім айтып береді?

1 мамыр

Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар, ол әрине «1 мамыр –ынтымақ күні»

Балалар біздің топта да әр ұлттың балалары бар, бірақ біз бәріміз өте тәту-тәтті тұрамыз, Арина бізге тақпақ айта қойшы:

Ағайын туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық.

-Балалар, біздің елімізде қандай ұлттар халықтары тұрады?

-Біздің топта ше?

Міне көрдіңдер ме, қанша халық өкілдері біздің топта бар

-Бүгін балалар біз саяхатқа аттанамыз-әр ұлттың ерекшілігі туралы айтамыз

-Бірінші болып біз Ислам мен Дианаға қонаққа барайық (қазақ ұлты)

-Балалар қонаққа барғанда біз біріншіден не иістеуіміз керек?

Дұрыс амандасайық!

-Балалар қалай ойлайсыңдар-бұл қай ұлт өкілдері?

-Кім айтады қазақ халқының үйін қалай атайды?

Киіз үй

Балалар киіз үйдің ішіндегі заттарды атайды

-Киіз үйдің ішінде не көріп тұрсыңдар?

-Ислам мен Диананың үстіндегі киімге назар айдарайық? Кім атайды?

Тәрбиеші балалармен сөздік жұмыс жүргізеді

(көйлек, қамзол,сәукеле, шалбар, тақия, көйлек)

-Балалар, қазақ халқының қандай тағамдарын білесіңдер?

Балалар, біз сендермен «Тақия тасымақ» ойынын ойнайық

Рахмет сендерге, енді келесі халық өкілдеріне қонаққа барайық, Диана мен Исламды бірге ала барайық

Қонақтарды Лера мен Дамир қарсы алады

Лера:

Я встречать гостей готова,

Посмотрите на обновы,

Сарафан-то расписной,

Да красивый он какой.

Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз қандай ұлт өкілдеріне қонаққа келдік?

Дұрыс, жарайсыңдар!

-Амандасады

-Орыс халқының үйін қалай атайды?

-Қараңдар, Лера мен Дамир қандай киім киген

Киімдерді атайды, сөздік жұмыс жүргізеді

(сарафан, кокошник,платок, штаны, рубаха)

Балалар, орыс халқының қандай тағамдарын білесіңдер?

-Избаның ішінде не бар, атайық!

Балалар орыс халқында мынандай музыкалық аспап бар, кім біледі ол қалай аталады?

Дұрыс қасық

Қасықпен ойнауға болады. Ән ойнап,балалар қасықпен ойнайды

Жарайсыңдар! Лера мен Дамирді саяхатқа шақырады

Арина мен Айшуақ қонақтарды қарсы алады

Арина:

Приглашаем всех до хаты

Мы гостям всегда так рады!

Балалар бұл қандай ұлт өкілдері?

Дұрыс айтасыңдар

Украин халқының үйін қалай атайды?

Олай болса хатаға кірейік

Балалар қандай заттарды көріп тұрсыңдар?

Дұрыс

-Арина мен Айшуақтың киімдерін қарастырайық

Балалармен сөздік жұмысын жүргізеді (спидныця,плахта,кошуля,

венок)

Балалар украин тағамдарын атайық

Арина мен Айшуақ балаларды билеуге шақырады

Балалар қоштасады

Тәрбиеші балаларға мнемотаблицамен жұмыс жасауға шақырады (балалармен мнемотаблица арқылы қазақ ұлты туралы әңгіме құрастыруды үйретеді)

Музыкалық ойын:

«Қандай аспап?»

Балалар қимылдарды қайталап, билейді

Қоштасады

Балаар мнемотаблицамен жұмыс жасайды

Сөйлемдер құрастырады

Ойынға қатысады

Музыка ойнаған кезде балалар бұл қандай аспап екенін табуы тиісті және қандай ұлтқа жататынын айтыуы керек.

Тәрбиеші балаларды үстелге шақырады

Үстелде әр ұлттыңою өрнектері жатады

Балалармен оларды қайталайды

Тәрбиеші «Достық кілемін» жасауды ұсынады

Саусақ жаттығуы:

Егістікте үй тұр,

Оған барар жол жабық,

Айқара ашып қақпаны,

Шақырамыз қонаққа!

Балалар ватманға әр-түрлі оюларды жабыстырып кілем жасайды

Тәрбиеші мадақтайды

Балалар топқа оралады

ІІІ Қорытынды:

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

-Балалар біз бүгін қандай ұлт өкілдеріне қонаққа бардық?

Балалар тәрбиешімен бірге сұрақтарға жауап береді

-Сендерге қандай үйге барған ұнады?

-Тағы да не істедік?

-Сендерге не ұнады?

Қорытынды жасайды






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Біздің еліміздің халықтары достасады!»

Автор: Сарсенова Динара Булатовна

Дата: 04.03.2019

Номер свидетельства: 502158

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Саба?ты? та?ырыбы: Айтыс. «Біржан- Сара айтысы»."
    ["seo_title"] => string(38) "sabaktyntakyrybyaitysbirzhansaraaitysy"
    ["file_id"] => string(6) "296055"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455903393"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Тәрбие сағатының тақырыбы: "Заңды білсең балдырған, ақиқат шығар алдыңнан""
    ["seo_title"] => string(80) "t_rbiie_sag_atynyn_tak_yryby_zan_dy_bilsien_baldyrg_an_ak_ik_at_shyg_ar_aldyn_na"
    ["file_id"] => string(6) "365923"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480926456"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Жыр ж?не опера"
    ["seo_title"] => string(18) "zhyr-zh-nie-opiera"
    ["file_id"] => string(6) "261494"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449147252"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "?зін-?зі тану п?нінен "Б?рін білгім келеді" та?ырыбына саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(72) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-b-rin-bilghim-kieliedi-tak-yrybyna-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "245448"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446129815"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства