Сабақ жоспары
Тақырыбы:Біздің үй және үй жиһаздары.
Мақсаты: 1.Балаға өздері тұратын үйлері жайлы әңгіме айтқызу.Үйдегі
бөлмелерді,жиһаздарды өз атауымен атауды үйрету.
2.Көп қабатты үйлер мен жер үйдің айырмашылығын айту.Әңгімелеу
арқылы тілін,ойын анық жеткізуін қамтамасыз ету.
3.Ұқыптылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Тақырыбын,мақсатын хабарлау.
”Біздің үй және үй жиһаздары”.
3. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Үй және үй жиһаздары туралы әңгімелесу.
Әр адамның өмірінде үйі, күнделікті өмірде өмір сүретін мекені болады.
Үйдің пішіні әр адамның талғамына сай салынады.
Бі бөлмелі,екі бөлмелі,үш бөлмелі үйлер т.б. болады.
Үй болған соң,онда міндетті түрде жиһаздар болуы қажет.