Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақалысы туралы ой-пікір. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту аясында қолдануы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»»
БАЯНДАМА
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен әсер алдым. Бұл біздер үшін маңызы зор үлкен жаңалық болды. Елбасымыз бұл мақаласында еліміздің тұрғындарын рухани жаңғыру арқылы болашаққа бағдар жасауға, талпынуға бағыт-бағдар сілтейді. Бұны тек мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы десек те болады. Елбасымыз көптеген маңызды мәселелерді қозғады. Ішінде санамыздың ашықтығы мен кәсіпке адалдық және де білімге деген ұмтылыс айтылды.
Бұл баяндамамда мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбие мен оқыту жайлы жазылған. Балабақшадағы бүлдіршіндердің Отансүйгіштік және патриотизмдік сезімдерінің қалыптасуы мен дамуы баяндалады. «Рухани жаңғыру» идеясы балабақшадан бастау алғандықтан, осы идеяға сәйкес іс-шаралар жоспарлы түрде іске асырылуда. Жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу - бүгінгі әлемнің күрделі тынысында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекетік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Рухани жаңғыру идеясын іске асыру барша қазақстандықтарға, әсіресе, бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін төмендегі құндылықтарды орындаымыз керек:
бірінші– ата-анасын қадірлейтін, Отанын сүйетін бала тәрбиелеу, екінші – қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білетін, оны дамытатын ұрпақ тәрбиелеу, үшінші – халықтар достығын қастерлейтін, ел бірлігін сақтайтын ұл-қыз өсіру.
Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас жеткіншіліктерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім сезімдерін дамыту. Өз халқын сүйіп, оның болашағын ойлаған адам басқа халыққа да солай қарайды.
Балабақшада «Рухани жаңғыру» идеясы аясында бүлдіршіндерге бабалардың ерлік істерін, ата-бабаларымыз қолданған бұйымдарды насихаттап отырып, балалардың өз ойларын айтқызу, бала қиялын шарықтатып, отаншылдыққа баулу – педагогтардың міндеті және парызы. Балалардың бақытты өсуіне «Қарлығаш» бөбектер балабақшасының білім мен тәрбие беруде заман талабына сай мамандарымыздың жан-жақты ізденістері, өз істеріне деген қызығушылықтары көңіл қуантады.
…Баланы жан-тәніңмен сүймей баламен жұмыс жасау – ескексіз қайықпен су бетінде әрлі-берлі толқынмен бірге бағытсыз ырғу» деген сөз бар. Дәл осындай балаға деген сүйіспеншілік мені осы мамандыққа әкелді. Бала дүние есігін ашқан күннен бастап өз отбасымен, өз елімен көрісіп, бесіктен түлейді емес пе? Кейін, ол бала бір жасқа толып, аяғын тәй-тәй басқаннан кейін «балабақша» атты үлкен бесік тәрбиесіне беріледі. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы болып табылады. Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұ Ойымды Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауындағы сөзімен түйіндейтін болсам, «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» демек, ұлттық рухымыздың жаңғыру жас маманның, жас ұрпақтың қолында. Сол үшін өскелең тәрбиелі ұрпақ үшін аянбай еңбек етуге дайынмын.