Просмотр содержимого документа
«"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазақ еліндегі әр азаматтың жүрегінің түкпірінде жүрген ой толғауына қозғау салды. Әсіресе, елді мәңгілік ел ғып қалыптастыруға өз еңбегін аямай, тынымсыз еңбек ететін ұстаздар қауымы осы бағдарламаға қолдау көрсетіп,өз үлестерін қосуға белсене кірісті. «Рухани жаңғыру бағдарламасында жүктелген мақсат-міндеттердің жүйелі жүзеге асуы өскелең ұрпақ үшін аса маңызды» - деген пікірде. Рухани жаңғыру, өзіңді дамыту, Елеулі еңбекпен, еліңді таныту. Ұстаздың мақсаты шәкіртін оқыту, Рухани жаңғыру, халқыңды жаңғырту. Рухани жаңғыру - елдік, азаматтық патриотизм мәселелерін бала санасына сіңіру керек, осы бастан үйрете беру қажет. Бізге мұның бәрі керек, ел болып тұруымыз үшін, ұлттық бірегейлігімізді сақтауымыз үшін керек. Осының бәрінің кілті- ұстазда деп ойлаймын. Сондықтан әрбір ұстаз қазіргі заман талабына сай жаңашыл, білімді, жан-жақты болуы тиіс.Ұстаз - ол ағартушы,мұғалім,оқытушы,жетекші және тәрбиеші.Сол себепті,рухани жан – дуниеңді түсінетін адамның бірі – ұстаз. Елбасы мақаласында : «Қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс» - делінген. Қазіргі заман ұстаздары оқу-әдістемелік жұмыс барысында рухани тұрғыда білім мен тәрбие беру мәселесін басты назарға алу қажет. Елбасы ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарын айта отырып: « Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» - деді. Расында, дүниетанымың неғұрлым кең болса, соғұрлым заман талабына сай дамуға мүмкіндігің зор болмақ. Жаңа технология мен инновацияларды бүгінгі қолданысқа еркін еңгізудің негізгі алғышарты да осыдан бастау алады. Әлемдік тәжірибеде бұрын барлығын техника, экономика шешеді деген сана қалыптасқан еді. Ал, бүгінгідей күн санап даму үдерістері қарқын алған заманда, қатып қалған ережеге сүйеніп емес, әр ұлттың өз ерекшелігі, өз зияткерлік ұстанымына сай, ұлттық сана шешетіндігін көрсетіп отыр. Шынында, кез келген халық білімді болса, не нәрсеге болсын бейімделіп кетеді. Бірінші жетістікке тез жететін экономика емес, ұлттық сана болады. Елбасы мақаласының түпқазығы, басты мұраты - барша қазақстандықтарды сан ғасырлар бойы ата-баба армандаған кемел келешекке жеткізу. Бұл жолда жылдар бойы айнымас серігімізге айналған қасиеттер - достық, ынтымақ аса қажет. Ұстаз шәкірт бойына осы жақсы қасиеттерді сіңірте отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болғандықтан мені көп толғандыратын мәселе «Тіл тағдыры».Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Әлемдік өркениеттер тарихында өзгеше салтанат құрған кешегі көшпелілер дәуірінің ендігі кезеңдегі даму қарқыны да сол байырғыдан келе жатқан көне тілдерін сақтауымен тікелей байланысты. Ұлттық тілді сақтау үшін сананың ашықтығы айқын болуын да Елбасы мақаласында дұрыс тұжырымдайды: «Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі» -деген. Сол себепті, жүрегі елім, жерім деп соғатын әрбір азамат Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айқын көрсетілген мақсат пен міндеттерге жауапкершілікпен қарауы қажет. Елбасының « латын әліпбиіне көшу» ұсынысын ұстаздар қауымы мен тіл мамандары тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Жаһандану заманында латын әліпбиіне көшу - қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.Латын әліпбиінің маңыздылығы мен тиімділігін насихаттау азаматтық борышым деп ойлаймын. Қорыта келгенде, алдымызға келген шәкірттерге тек білім беріп қана қоймай, оның рухани жан - дүниесінің дамуына ықпал ету ұстаздық ұстанымым деп білемін. Кемел ұрпақ,саналы шәкірт тәрбиелеу, Қазақ елін көрсетеді білім шыңында.