Просмотр содержимого документа
«"Дәрумендер Деңсаулық мекені"»
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/ Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта
Пән/Предмет: Экология
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Денімізсау боп өсеміз»
Тақырыбы/Тема: « Дәрумендер денсаулық кепілі»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой - өрісін тілін да-мыту, сөздік қорын молайту.
Дамытушылық – развивающая: Балалардың бойына адамгершілік қасиетттерді сіңіру. Баланың ой қиялын, зейінін, шығарма-шылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру.
Оқытушылық - обучающая : Жемістер мен көкөніс-тердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Денсаулық технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: Көкөністермен жемістердің, дәрумендердің суреттері, атрибуттар.
Тосын Сәт: Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: "Дәрумендер денсаулық кепілі" – деп аталады. Яғни, дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз.
Ғажайып сәт: Қалың киінгенді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Жесең ащы,
Көзіннен шығарар жасты.
Ол не?
Балалар, бүгін бізге қонаққа Чиполино келді.
Сәлеметсіңдер ме! балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?
Мен өздерін білетін, мультфилімнің кейіпкері Чиполино деген пиязбын.
Сендер мен туралы не білесіндер?
Олай болса, қане барлығымыз мына мнемо кесте бойынша пиязды сипаттап алайық.
Мынау не?
Пияз көкөніс пе, әлде жеміс пе?
Пияз қайда өседі?
Пияздың дәмі ащы ма, тәтті ме, қышқыл ма?
Пияздың түсі қандай? және оны бөлгендегі түсі қандай болады?
Пияз қатты ма, жұмсақ па?
Пияздың пішіні қандай?
Пияздан не дайындауға болады? 2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Сондықтан, адамның ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет. Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар.
Солардың бірі - жемістер мен көкөністер.
Балалар мына суреттерге қарайықшы, не көріп тұрсындар?
Көкөністерге нелер жатады?
Жемістерге нелер жатады ?Дұрыс айтасындар.
Балалар, ал жемістер мен көкөністер қайда өседі?
Жарайсыңдар!Осындай көкөністер мен жемістер біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет.Өйткені, бұларда дәрумендер көп.
Дәрумендердің А, В, С, Д, Е, В1, В2 деген көптеген түрлері болады. Және де олар барлық тағамдарда кездеседі.
Балалар, сендер осы жемістер мен көкөністерден не дайындауға болатынын білесіңдер ме?
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: күз-осень, жапырақтар-листики, жел -ветер
Сергіту сәті
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қимылдайды әр сәтте,
Аяқта, қолда бір.
Чиполино: Жарайсындар балалар. Сендер мен туралы бәрін біледі екенсіңдер.
Мен ащы болсам да, менсіз астың дәмі жоқ. Ал сендер түшкірсендер, пысқырсандар мен сендерге шипа боламын. Енді мені еске алатын болдыңдар. Ендеше, мен ертегіме қайттайын. Сау болындар!
Жеке жұмыс: Бейбарыспен Абзалдан дәрумендер жайлы сұрау?
-Жарайсыңдар балалар.
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Суретпен жұмыс:
Бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
Бізге қонаққа і келді?
Балалар не теріп жатыр? Көкөніс тер мен жемістердің пайдаларын айтып түсіндіру.