Мақсаты Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Тәрбие сағаты.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
- Құрметті, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Даярлыкпен коштасу»
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып,
Біз мектепке барамыз!
Мақсаты Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Тәрбие сағаты.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
- Құрметті, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Айзере К.
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.
Арман:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Мадина:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап
Алаңдауды білмедім.
Қайрат:
Енді мен үлкен боламын,
Анамның тілін аламын.
Ұстаздың барлық айтқанын,
Миыма құйып аламын.
(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)
- Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды сұраймын. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан
ІІІ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетіңдер.
ІҮ тапсырма Математика сабағынан.
І тапсырма
- Біз қай елде тұрамыз?
«Біздің Қазақстан».
- Біздің тұратын жеріміз қалай аталады?
«Переменовка ауылы»
- Мектебіміз қалай аталады?
- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?
«Елтаңбасы елімнің» , «Қазақстанның байрағы»
- Неше жыл мезгілі бар?
4 жыл мезгілі бар Қыс, Көктем, Жаз, Күз
- Табиғат нешеге бөлінеді?
2 ге Жанды, Жансыз табиғат
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
Өсімдік, Жануар, адам
Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !
Ұлдар биі
ІІ тапсырма
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2 ге бөлінеді
Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Қызыл текшемен
Дауыссыз дыбыстарды ше?
Көк текшемен
Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла)
Тура және кері санап бер.
ІII тапсырма
(Өнерлеріңді тамашалайық)
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
ХОР: «Оқуда озат боламын!»
Айзере С:
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
Баян:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
Нурай:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
Қуыршақ биі
IV тапсырма: «Математика сабағынан»
Тәрбиеші:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ.
(Санамақтар айтқызу)
1 саны-Айзере С
2 саны-Арман
3саны-Айдана Д
4саны-Баян
5саны- Еркенур 6саны- Айзере К
7саны- Қайрат 8саны- Айдана Т 9саны- Мадина
1 – саны Айзере С
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын
2 саны- Арман
Бірден кейін тұрағым
Бірден кейін тұрамын
Бірді-бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым
3саны- Айдана Д
Екіден соң арқашан
Үш санымен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
4саны- Баян
Үш сызықтан аяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5саны-Еркенур
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолымның саусағын
6саны- Айзере К
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін тұрамын
Басым бестен басталып
нөлмен бітер аяғым
7саны- Қайрат
Қара мына қызықты
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты
8саны - Айдана Т
Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз
9саны- Мадина
Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламыз тоғыз
Би: «Көбелек» Айзере К
(Хормен барлық бала айтады.)
Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.
Балаларға алғыс хат тапсыру.
Би: Ха-фа-на-на
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Қонаққа келген мұғалімдерге сөз беру
Қорытынды
- Құрметті осы мерекеге жиналған ұстаздар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.