kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дені саудың жаны сау!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Дені саудың, жаны сау».

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс арқылы сымбатты болып өсуіне, ыстық-суыққа төзімді, шыныққан, шымыр болып өсуіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күн,су, жаттығуға арналған әуен, «денсаулық»жайлы ширма.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дені саудың жаны сау!»



Тақырыбы: «Дені саудың, жаны сау».

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс арқылы сымбатты болып өсуіне, ыстық-суыққа төзімді, шыныққан, шымыр болып өсуіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күн,су, жаттығуға арналған әуен, «денсаулық»жайлы ширма.
Оқу іс-әрекет барысы:

Бір-таңертең тұр,
Екі-шынығып бекі,
Үш-тазала тіс,
Төрт-сабындап жу бет,
Бес-сүртін тез!
Балалар, осының өзі шынығу.Күнделікті таңертеңгілік жаттығу біздің денсаулығымызға өте қажет екен. Дене бітіміздің сымбатты болып өсуіне көмектеседі.
Шынығудың бірнеше түрі бар: ауамен шынықтыру, күнмен шынықтыру, сумен шынықтыру.
Сумен шынығудың ең бір жеңіл түрі: суық сумен жуыну.
Суық ванна, тұзды су, бассейнге түсу, шомылу.
Су- ең күшті шынықтырғыш фактор. Оның ауамен шынықтырғанда, жылу өткізгіштігі жоғары. Су процедурасын сақтықпен жүргізу қажет.Денеміз төмен температураға дағдылану керек. Денені үйрету үшін бет пен қолды, мойынды жууды жылы сумен бастап, бірте-бірте суық сумен жуылу керек. Аяқ 25-28 градуста жуылады, одан кейін 1 градусқа төмендетіліп 18 градусқа дейін жеткізіледі.Денені дымқыл сүлгімен ысқылайды.Алдымен қолды,кеудені, содан кейін ішті,арқаны, аяқты ысқылайды,шынықтырады.Суық тиюден болатын алдын алудың тиімді жолы.Жазды күні кунге қыздырынғанда пайдалы екен. Ас ішуі мықты болады. Денемізде D витамині көбейеді. кун астында қыздырыну уақыты 1 сағаттан аспауы керек.Жалан аяқ журү денсаулыққа пайдалы. тас үстінде жалан аяқ жүргенде табанымыздан күннің жылуы өтеді. Осының бәрі денсаулық үшін қажет.
Бой сергіту жаттыгуы.
Кәне-кәне шынығуды,
Айналдырайық әдетке!
Шынығамыз, қорықпаймыз,
Денемізді шыңдаймыз!(қимыл-қозғалыста орындайды)

Қорытынды:
1.Денені шынықтыру деген не екен?
2.Қалай шынықтырамыз?
3.Шынықтырудың қандай турлерін білесіңдер?
4.Шынығу не үшін қажет?
Балалардан бақшамызда жүргізілетін денсаулыққа байланысты мерекелер,жарыстар туралы өз ойларын айтуды тапсырылады.







МҚКК «Айналайын»балабақшасы












«Менің сүйікті ойыншығым»










Тәрбиешілер: Адылханова Г.М.

Нурпеисова Ж.С.











Аққу 2018жыл


Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым
Мақсаты: Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан  түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға  үйрету .
Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік  қорларын  дамыту .
Әдіс тәсілі: ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .
Көрнекіліктер: Ойыншықтардың суреттері , машина,доп,бүктеме, қуыршақ.
Ұйымдастыру кезеңі 
1 . Шаттық  шеңбері.
2 . Қонақтармен  амандасу.
3 . Көтеріңкі көңіл күй.
4 . Ертеңгілік жылы лебіздер
5 . Өткен іс – әрекетті еске түсіру
6 . Жаңа оқу іс – әректімен танысу
7.Жыл  мезгілдерін   сұрау.
8 . Сурет бойынша жұмыс
9.   Сұрақ - жауап
10. Жұмбақтар
11 .  Дидактикалық ойын  « Жалғасын тап »
12 . Р . Тышқанбаевтың « Қуыршақ  » өлеңін оқып беру
13.  ойын : « Ғажайып қорапша! »                                                                    
 14.  Сергіту  жаттығуы  .     
15 . Мазмұнды – рольді ойын : «Ойыншықтар дүкені» 
16 . Шығармашылық жұмыс 
17 . Қорытынды
18 . Қонақтармен қоштасу .
 Балаларды  ұйымдастыру .                                            
Тәрбиеші; Қайырлы таң балалар !
  -Балалар , бүгін ерекше күн  .
  -Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Балалар;    Үлкенгеде сіз,
     Кішіге де сіз.
    Үлкендерді  құрметтеп ,
     Бас  иеміз  біз!
Тәрбиеші;  Балалар ,  қане ,  бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар;   шаттық  шеңберге   тұрады .
                     Бәрі бірге қосылып айтады .
    Шаттық шеңбері;
                            Біз      ұқыпты     баламыз ,
                            Айтқан   тілді       аламыз.    
                             Ойыншықтарды   жинаймыз,    
                             Үлкендерді    сыйлаймыз.    
 
Тәрбиеші: «Менің сүйікті  ойыншығым »  тақырыбын  өтеміз.
-Балалар қазір  қандай   мезгіл ?
Балалар жаз мезгілі. Дұрыс  айтасыңдар!
 -Жаз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: үш ай бар. Маусым, шілде, тамыз.
Тәрбиеші: жарайсыңдар   балалар!
Сұрақ - жауап: Сүйікті  ойыншықтарың  бар  ма ?    
 -Қандай   ойыншықтарың бар ? Қандай   ойыншықты жақсы көресіңдер ?
- Ойыншықтарды  қалай   ұстау   керек?            
Балалар жауап   береді.   
Тәрбиеші: Балалар , мына үстел   үстінде  жатқан  заттар  не?
Балалар: Олар   -    ойыншықтар. 
Тәрбиеші: Ойыншықтармен не істейді?                                                       
Балалар: Ойыншықтармен ойнайды .                     
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы  біздің  тобымызда  ойыншықтар  өте  көп,олар   қандай  әсем , әдемі  ойыншықтар . Балалар  мынау  қандай ойыншық?                                                                                            
Балалар:  доп.                                                                                                     Тәрбиеші: доптың  пішіні, түсі қандай ?        
Балалар: жауап  береді .                                                
Тәрбиеші: Доптың  қимылы қандай ? Қане бәріміз  допша  секірейікші ?            Кім доп туралы  тақпақ  біледі ?                                                                              Балалар:  Топ –топ добым  домалақ ,    
                    Қайда  кеттің   домалап .
                    Бір ,екі  деп екі  ұрдым ,                      

Шатырға  сен  секірдің .    
Тәрбиеші: Қыз  балалар  көбіне қандай  ойыншықпен  ойнайды ?
Балалар: қуыршақпен .
Тәрбиеші: -Дұрыс    айтасыңдар . Қуыршақпен . Балалар қуыршақтың   әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен .  Қуыршақтың   көйлегінің түсі қандай ?   
-Кім  қуыршақты  қалай  ұйықтататынын көрсетеді ?
 -Ал , ұлдар көбінесе  қандай ойыншықпен   ойнайды ? 
Балалар: машинамен  ойнайды .         
Тәрбиеші: Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина  туралы  тақпақ  біледі ?
Балалар: Үлкенмін  ғой  міне  мен ,
    Ойыншықтарды  жинаймын .
    Машинаға мінер ем,
    Кабинаға сыймаймын .
Тәрбиеші: Балалар  ойыншықтар  жасалуына  байланысты  бірнеше  түрге   бөлінеді . 
1.    Матадан  жасалған .
2.    Пластмассадан .
3.    Резинадан жасалған  ойыншықтар . Сипаттама  беру .
ЖҰМБАҚТАР  ШЕШУ:
1.    Аяғы  бар,  жүрмейді ,
Аузы   бар,  күлмейді .
Айнымайды  бөпемнен ,
Тек   сөйлеуді   білмейді.            (қуыршақ) 
2.    Суға   салсаң    батпайды ,
Түскен   жерге  жатпайды .            (доп )

Дидактикалық    ойын:   «Жалғасын  тап » .    
Ойын шарты: Бастаушы  бала  сөйлемді  бастап  береді,  балалар аяқтайды .
-Менің    ойыншығым    ............. / әдемі  /.
-Мен      қуыршақпен  ................/  ойнаймын/ .
-Допты   жоғары     .................... / лақтырдым / .
Р . Тышқанбаевтың  «Қуыршақ »   өлеңін    оқып    беру .
    Сөйлемейсің    сен  неге ,
    Тілің   жоқ   па  ,  қуыршақ ?
    Жуынбайсың    сен   неге ,
    Кірің   жоқ  па  , қуыршақ ?
       Аяғың   бар  ,  сен неге ,
       Жүре  алмайсың ,  қуыршақ ?
        Жұмсағанда  сен неге ,
        Тіл  алмайсың ,  қуыршақ?
        Біз  күлгенде  күлмейсің ,
        Аңқаусың  ба ,  қуыршақ  ?
        Бізбен  бірге  жүрмейсің,
         Жалқаусың  ба  ,қуыршақ  ?
Сергіту   сәті ;
 Ұзын құлақ  сұр қоян  ,
Естіп  қалып  сыбдырды .
Ойлы – қырлы жерлермен ,
Ытқып –ытқып жүгірді .
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан  томпаңдап ,
Көжегі екен өзінің  .
Ойын ;  «Ғажайып  қорапша».  ( ішінде асық)           
Ойын  шарты ;  көздеріңді   жұмып  қоржыннан  кез  -келген  ойыншықты  аласыңдар .  Алған  ойыншықтарыңның  атын ,  түсін , қатты , жұмсақ  екенін айтып , жақсы мейірімді  тілек  білдіресің . Мысалы ;  мен асықты алдым, асық ойыны ұлттық ойын, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсеттім.
Мазмұнды  -  рольді    ойын:   «Ойыншықтар дүкені».
 Мақсаты: Сөйлемді  толық  құрауға  үйрету  , ойлау  қабілеттерін  дамыту.
Мамандыққа  баулу ,  яғни  дүкенші  болуға  ынталандыру  және  сыпайы сөйлеуге  үйрету.
Ойын  шарты:  1- бала –сатушы ,  2-бала – кассир ,  3-бала –тексеріп  , қарап алушы . Дүкенге барғанда тәртіп сақтауымыз  керек . «рахмет » ,   «қош  келдіңіз»деген  сөздерді пайдалану ( 2 – 3 рет балалардың   орындарын   ауыстырып  ойнату ).

Қорытындылау.
Күтілетін  нәтиже:
Біледі;  ойыншықтардың   түрлерін   ,  түсін  ,     пішінін   білу .
Игереді;   Толық  сөйлем  құрау .
Меңгереді ;  Ойыншықтарға  жанашырлықпен қарап , достарымен бөлісіп ойнау. 





Тақырыбы:" Ұлттық ойын әлемінде ".

Мақсаты:Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру.Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат әрекетіне бағышу, дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадың дамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.

Сабақ барысы:

Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.

"Киіз үй" қимыл-қозғалы ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.

Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айнакысында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:

"Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады".

Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әртүрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.

"Нысанаға түс"- "Таяк,-тастау", "Балапандар", "Арқаны тарту" ойын-аттаркционы.  

Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.

Эстафеталар:

  1. "Күміс алу". "Сөре сызылған белгілеу. Алаңға көп күмістер тасталады. Белгі бойынша жігіттер шабысты бастайды. Жігіттер шабысты тоқтатпай, иіліп, күмісті көтереді де әрі қарай шабады. Кегліді айналып, кейін қайтады да эстафетаны береді. Барлық жастағы балалар қатысады.

  2. "Бәйге" (ат жарысы). Балалар жұппен сөре сызына тұрады. Бірінші - ат - қолдарын артқа - төмен созады да, екіншісі - салт атшы - оны қолынан ұстайды, осы қалыпта екуі тірек тағанға дейін жүгіреді, оны айналып, кейін қайтады.

  3. Алдаркөсе балаларға бауырсақ әкеледі, балалар шай ішу үшін топтарға кетеді.












































Тақырыбы: «Біз - табиғаттың жас қорғаушыларымыз!»

Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру. 

Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары атты презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет , сандық қақпа , гүлдер , тоты құс , балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа. 
Әдіс тәсілдер: сұрақ жауап , сергіту,ойын, тәжірибе,түсіндіру,өлең. 
Барысы: шаттық шеңбер: 
Балалар бүгінгі күн ерекше күн бізге қонақтар келіп отыр олай болса қонақтармен сәлемдесейік. 
Күннің көзі ашылсын, 
Көкке шуақ шашылсын 
Құтты қонақ келіпті 
Төрімізге еніпті 
Ал, қанікей бәріміз 
Сәлем дейік үлкенге 
Сәлеметсіздер ме, апайлар! 
Тәрбиеші: - жарайсыңдар! 
Бүгін балалар ұйымдастырылған оқу қызметіндегі тақырыбымыз « Біз табиғаттың жас қорғаушыларымыз». 
Табиғат ана жер жүзіне жылуын,мейірімін сыйлап тұр емеспе?Сондықтан ешқашан жамандық жасама,жақсылық қана ойла.Барлығы саған жақсылық жасауға дос болуға ұмтылады. 
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,түрлі-түсті пішіндер арқылы сюжеттік сурет құрастырамыз.Алдарындағы берілген пішіндер арқылы.Егер тапсақ бізге берілген « сиқырлы қақпалар» ашылады. 
Жұмбақ: 
Таңмен көзін ашады, 
Әлемге нұрын шашады. «Күн» 
Тауда өсер ,таста өсер, 
Көктем менен жазда өсер. 
Қыста өшер. «Шөп» 
Жаздың суретін құрастырып, әңгіме құрайды. 
Мінекей балалар «табиғат ана»ризашылығын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Қола қақпа ішінде бізге «ашық хат»берілген,ашып көрейік.Бізге сұрақ-жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа»ашылады. 
Балалар табиғат екі түрге бөлінеді. 
Өлі табиғат және тірі табиғат . 
-Өзіміздің тобымыздағы өлі табиғат және тірі табиғатты атап шығыңдар? 
-Тірі табиғатқа жаны бар заттар жатады. 
-Өлі табиғатқа жаны жоқ заттар жатады. 
-Біздің топтағы тірі табиғатты атаңдаршы? 
-тоты құс,балықтар,тышқан. 
-Ал,өлі табиғат ше? 
-Ауа,алдымыздағы су,топырақ. 
Бүгін судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз.Алдарыңдағы суды ішіп көріңдер. 
-Судың дәмі бар ма? 
-Жоқ. 
-Иісі бар ма? 
-Жоқ. 
-Түсі бар ма? 
-Мөлдір. 
Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып араластырыңдар. 
-Қант қандай күйге енеді? 
-Қант суда ериді. 
Келесі стаканға құм салып көрейік. 
-Құм ериді ме? 
-Құм стакан түбінде шөгіп қалады,ерімейді. 
«Алтын сандық» ашу үшін жақсы игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін бойымызды сергітіп алайық. Оның үстіне тәжірибе жасапта,шаршадық 
Сергіту сәті: Өзен болып гурілдейміз 
Теңіз болып толқимыз,
Бұлақ болып бұрқылдаймыз, 
Ешқашанда сарқылмаймы.з 
Ғажайып сәт: Бұтағы сынған ағаш келді. 
-Менің бұтағымды бұзақы балалар сындырып кетті. Сендер маған көмектесіңдер.Бұтағымды байлап беріңдер. Құстың салған ұясын жерге құлатып кетті. 
-балалар біз ағашқа көмектесейік. Оның жарасын байлап берейік. Ұяны орнына орналастырайық. 
-Міне ғажап алтын садық ашылды. Алтын сандық ішінде табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары бар. 
Тәрбиеші: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтарын түсіндіреді. 
Қортынды: Балалар не білді? Не үйренді ? 
Жомар болуды –күннен бір орнында тұрып қалмауды- 
Сыңғырлап аққан өзеннен. 
Жарқырай білуді –жұлдыздан . 
Ізденуді –жерден. 
Көк аспаннан-самғауды 
Тазалықты-жаңбырдан . 
Гүлдерден-сүие білуді. 
Көк жиектен –арманды . 
Табандылықты-желкеннен. 
Ал кешірімді ананың қара көзінен,үйренейік балалар, сөзіме құлақ салыңдар.

Балаларға сұрақтар қою арқылы алған білімдерін тексереді, не үйренгендерін сұрайды. 











  Жолда жүру ережесі

Тақырыбы: «Назар сал, жаяу адам»

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.
Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.

Сабақтың барысы: Қымбатты балалар! Бүгін жолда жүру ережесіне арналған ойын-ертеңгімізді өткізгелі отырмыз.Көшеде қалай жүру керектігін , бағдаршамның түстері нені білдіретінін тағы бір есімізге түсіріп , сақтандырғанды жөн көрдік.Бала-біздің болашағымыз.Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап,аман-есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен ата-ананың,тәрбиешілер қауымыныңтөл міндеті десек те, осынау иаңызды істен біздің жол полицейлері де шет қалмауда. Өйткені соңғы уақытта көшелерде көлік саны көп болғандықтан алуан түрлі жол көлік аппаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жас өспірімдердің әртүрлі оқиларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды. Олай болса , алғашқы сөз кезегін жол полициясы қызметкеріне береміз.

 Кездесу кезінде инспектор жол ережесін және жолдағы қауіпті факторларды ескертті:

 1.Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.

2.Егер жолдан өтуге үлгермесең , орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт..

3.Жолдан өтерде солға қара , ал бөлгіш жолақтан кейін оқға қара .

4.Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.

5.Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса , жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

6.Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

Бастаушы:Ал кәнеки, үйренейік біз де жүру тәртібін.

Ережені жақсы білер бар кім?

Кім айтады жол белгісі неше түрден тұрады?

Өздеріне қойылатын бұл алғашқы сұрағым. (Ортаға жол белгілерін ұстаған балалар шығады).

Бағдаршам:Қызыл көзін ашқанда

                        Сынық сүйем баспа алға ,

                        Сары көзін ашқанда ,

                        Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда ,

Жүре бергін жасқанба!

Бастаушы:Балалар , бағдаршам және оның үш көзін біледі екенсіңдер. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

1.Көліктің қаншасын жолынан өткізген ,

   Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

2.Ала таяқ ұстаған ,

  Жол тәртібін нұсқаған.

  Өміріңді ізетпен ,

  Ысқырығы күзеткен. ( Милиционер)

3.Жоқ өзінде бас та , ауыз да , құлақ та ,

  Бақырайған үш көзі бар бірақ та . ( Бағдаршам)

Ойын:Белгіңе қарап жолыңды тап.

Мақсаты:Жол белгілерді ажыратуды үйрету.

Бастаушы: Балалар жолда жүру ережесін өлең шумақтарымен

қорытындылайықшы.

Хормен: Көшеде біз сақ болайық ,

           Қаймықп асын ата-ана..

           Жолда сен бол лайық ,

          Жақсы бала атына .





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Дені саудың жаны сау!

Автор: Адылханова Гүлназира Мырзабекқызы

Дата: 02.08.2018

Номер свидетельства: 475512

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Cайыс-саба?.  Дені сауды? - жаны сау "
    ["seo_title"] => string(34) "caiys-sabak-dieni-saudyn-zhany-sau"
    ["file_id"] => string(6) "197804"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428317961"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Дені сауды?- жаны сау!"
    ["seo_title"] => string(24) "dieni-saudyn-zhany-sau-6"
    ["file_id"] => string(6) "272284"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451928085"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Т?рбие са?аты "Дені сауды?-жаны сау!""
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-dieni-saudyn-zhany-sau-1"
    ["file_id"] => string(6) "314375"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459685056"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Т?рбие са?аты: Дені сауды? - жаны сау."
    ["seo_title"] => string(38) "t-rbiie-sag-aty-dieni-saudyn-zhany-sau"
    ["file_id"] => string(6) "254714"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447789669"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Дені саудың - жаны сау" 1а"
    ["seo_title"] => string(24) "deni_saudyn_zhany_sau_1a"
    ["file_id"] => string(6) "486815"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1542787563"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства