kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Диалогты сөйлеуге үйрету әдісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Диалогті сөйлеуге үйрету әдісі,Әңгіме-диалогті сөйлеудің тәсілі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Диалогты сөйлеуге үйрету әдісі»

Амангелдіқызы Айгүл

Семей қаласы «Бөбек» балабақшасы,

Құралай 2-ші кіші тобының

тәрбиешісі



Диалогты сөйлеуге үйрету әдісі


Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогты және монологты сөйлеу болып екіге бөлінеді. Диалог гректің dia – бірнеше және logos – сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінің сөйлеуі дегенді аңғартады. Шынында, диалогтық сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алыпотырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі.

Диалогты сөйлеу тіліне практикалық тұрғыдан үйренуге тиісті орындарды пайдаланып отырған жөн. Ал арнайы ұйымдастырылатын қазақ тілі материалдарын оқыту үдерісінде балалардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын арттыру мақсаты іске асырылады. Бұл мақсатта балаларға мазмұнды суреттер тарату, белгілі тақырыпқа ауызша әңгіме жоспарын құрату, тірек сөздер жиынтығын бекіткен соң өзара тілдік қатысымға түсіру, тілге үйреніп жатқан топ атынан хат мәтінін құрастыру, телефон, телеграф, теледидар ойындарын ойнату, әр түрлі тақырыптық әңгіме-сұқбат, саяхат, мұражай қызметкерлері туралы сахналық қойылымдар сияқты әңгіме әдістері арқылы балалардың сол нысандарға деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме - диалог сөйлеудің бір түрі есебінде әрі теориялық, әрі практикалық жұмыс жүйесі үшін пайдаланылады.

3-4 жастағы балалардың тілдік ерекшеліктерінің бірі–тілдік міндеттердің бұл жаста күрделене берілуі. Өйткені «Баланың өзі лингвистік қабілетке бейім келетін тұсы» деп зерттеуші К. Чуковский бағалаған кезең–осы кезең. 4 жастың аяғына қарай балалардың жеке қабілеттері айқындала бастайды, сөйлеу тілі бір деңгейде дамып келе жатқан балалардың өзінде бір-бірінен айырмашылықтар байқалады. Себебі балаларға берілетін дидактикалық материал балалардың психикасының осы құпия кезеңінде өте әсерлі болуы керек. Оның бейнелеп, әсемдеп сөйлеуіне алғы шарт болатын үлкеннен естіген әсерлі әңгімесі, айналадан көрген әсем табиғат сұлулығы, суреттің таңғажайып колориті, персонаждардың айқын көңіл-күй, қимыл-әрекеттері –бәрі-бәрі ықпалды болса, бір баланың тілін екіншісінен артық етеді. Бала өмір сүретін әлеуметтік орта әсері оның қандай мозаика сала алатынын, қандай суретті қабылдап ой түйе алатынын үйрететін болады. Зерттеушілердің айтуынша, үлкендер балаларға осы жаста мазмұнды, әсерлі ынтымақтастық құра алса, баланың әңгімелеп сөйлеу тілі бірден қалыптасады. Бұл жетістік баланың 5 жасындағы монологты сөйлеуін, 6 жаста кез келген тақырыпқа әңгіме құрастыра алуын еркін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл кезеңде-тілі ана тілінде шыға бастаған балалардың тілдік дамуының деңгейлік кезеңдері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін қазақша дамыту алдымен тәрбиеші-педгогтің өз сөзінің мәнеріне, тілінің тазалығына, мәдениетті сөйлеу қабілетіне байланысты. Бала тілінің дамуына тікелей басшылық жасау үйретушінің өз кәсібіне деген қызығушылығы мол болуы үшін оның теориялық білімі тереңдетіліп отыруы керек. Өкінішке орай, ана тіліміздің даму барысын ғылыми негізде сипаттап жазған еңбектер бүгінде шамалы, ал суреттер топтамасы енді ғана шығарыла бастады.

4-ке қараған балаға берілетін тапсырманың күрделігі тәрбиешінің оған көмекке келуімен жеңілдетілгенмен, әр баланың жеке мүмкіндіктері әр түрлі болатындықтан, көптеген мәселелерді ескеруге тура келеді. Алғашқы сабақтардың өзінде тәрбиеші балаларды еркін түрде жауап қатуға тартады. Оларға өз тұрмысы, жақын адамдарының еңбегі, оларға көмегі жайында айты берулерін сұрайды. Жекелеген заттарды, жеке заттар салынған суреттерді сипаттауға баулиды, «сөз» туралы, «дыбыс» туралы түсініктер береді. Сөз ішінен белгілі бір дыбысты дәл табуға үйренеді. Өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуы кезінде балаларға түрлі ойыншықтар беріліп, үстелдің жанына келіп оларды сипалап, қозғалтып сөйлеулеріне еркіндік беріледі. Балалар топтағы картиналар топтамалары бойынша әңгіме құрастырады.

Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі болып табылатын тіл–өмір шындығын таныту құралы. Сөз өнеріне, тіл байлығына тәрбиелеу ісі баланың ең жас кезінен басталуы заңды болмақ. Бұл жағдайлар көрнекті психолог-педагог ғалымдардың сәби тіліндегі ерекшеліктері мен заңдылықтарды зерттеу мәселесіне арналған еңбектерінде баланың сөз қорын, сөйлеу тілін дамыту оның психологиялық процестерін (ойлау, қабылдау, елестету, түйсіну, т.б.) жетілдіруге тікелей әсер ететіндері жан-жақты дәлелденген. Бұрынғы одақтың және кейінгі жылдары республика ғылыми-зерттеу лабораторияларында жүргізілген эксперимент нәтижелері мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларының даму мөлшерін, кейбір балалардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді, сөз түсіну және грамматикалық тұлғаларды немесе жүйелі байланысты сөйлеу дағдыларын меңгерту, тағы да басқа тіл меңгеру үстіндегі психикалық процестерді анықтағанын көреміз. Балаларды диалог немесе сөйлеу тіліне үйрету — әңгімелесу (сөйлесу) түрінде де, балалардың үлкендермен немесе өзара сөз қатынасына түсу түрінде өтеді. Мектеп педагогикасында әңгімелесу деген сөздің терминологиялық, мағынасы кез келген бір пән — табиғаттану, тарих, көркем жазу және т. б.бойынша теориялық білім берудің әдістерінің бірі екені мәлім.

Әңгімелесу процесінде әңгімелесу шеберлігі артатыны, диалог жүрізу қабілеті дамитыны, демек, тілдің тиісті синтаксистік формалармен, сондай-ақ болмыстың белгілі бір саласын бейнелейтін лексикамен байитыны назарға алынбайды. Басқаша айтқанда, тілдік акт ретінде мектептегі әңгімелесу нақты мақсат емес, білім беру құралы; ал балалардың тілін әңгімелесу процесінде байыту жай қосымша пайдалы құбылыс ретінде қабылданады.

Балалардың жас ерекшеліктеріне, ой, білім дәрежесіне және өзі тәрбиеленіп келе жатқан тобына шақталған көркем шығармалардан алынған мәтіндерді және өздері көрген, білген оқиғалардың мазмұнын жүйелі айтып беруге ыңғайлана бастауы қазақ тілі материалдарына байланысты. Мұғалім мен баланың тиісті фактілерді түсіндірудегі монологтық сөйлесуі ауызша түсіндіру, ауызша мазмұндау, мәнерлеп өлең оқу түрінде іске асады. Қазақ тілі сабақтарында баланың монологты тілін дамытатын, түсінікті тілде (қазақша, не орысша) мынандай әдістер қолданылады: 1) Ауызша түсіндіру (Мұғалімнің, тәрбиешінің сөзі). Ауызша мазмұндап баяндаудың бұл түрі – әрі теориялық, әрі практикалық материалдардың өзара заңдылықтарына сәйкес қолданылатын әдіс түрі. Бұл әдісте түсіндіру тәсілі арқылы сөздердің мағыналық жағына назар аударылады. Мәселен, сөздің қосымша мағынасын (синонимді, антонимді, бейнелі сөздер мен тіркестерді) бала санасына дұрыс қабылдату үшін, аталымдарын өздеріне тапқызып, нысандарын түсіндіре көрсету үшін, көрнекіліктермен қосымша білім беру үшін мұғалімнің, тәрбиешінің ұғынықты түсіндіру тәсілдері қолданылады. Ауызша мазмұндау. Монологтық сөйлеудің бұл түрі баланың оқыған мәтінді түсінгенін және қалай меңгергенін байқап білу тәсілдеріне саналады. Ауызша түсіндіру мен ауызша мазмұндаудың бір-бірімен аздап болса да өзіндік ерекшеліктері бар. Ауызша түсіндіруде, негізінен, тыңдаушының ойын, назарын аударып, дерексізден деректіге қарай ұғындыру амалы мен тәсілі басым. Сондықтан түсіндіруде беріліп отырған нысанның өзіндік белгілеріне қарай айтылатын ой өте анық, дәл және ықшам болуды талап етеді. Ал ауызша мазмұндауда тыңдаушының ойы мен қиялын, елесі мен сезімін оятып, объектіні көркем бейнелеп беру қасиеті күшті келеді. Ауызша мазұндаудың суырып салып айту (импровизациялық) табиғаты ауызша түсіндіруден ең басты айырмашылықтардың бірі болып табылады. Ауызша мазмұндау үшін ешқандай дайындықты керек етпейтін түрін суырып салып айту дейді. Тындаушы алдында өз ойын кеңейтіп, оны жаңа фактілермен айтып отырады. Бұл қиындау болғанымен, тәрбиелік рөлінің күшті екені мәлім. Мазмұндау баланың тіл мәдениетін өсіруде үлкен қызмет атқарады. Көбінесе, мәнерлеп оқуға қарағанда ауызша мазмұндауда балалардың сөздігі мен сөз оралымы көбейіп, пассив сөздігі мен актив сөздігі, яғни қолданылып жүрген сөздігі молығады. Меңгерілетін сөз көп қолданылу нәтижесінде аясы кеңейіп, актив сөзге айналады. Олардың өмірден көрген, білгендерін, қоршаған табиғат пен тұрмыс тіршілігінен алған әсерін айтқызып отырудың тілді іс жүзінде меңгертуде пайдасы мол. Орысша тікелей жаттап сөйлеуге жаттыққан балаға мектепалды топ мұғалімі бағыт, бағдар беріп отырады. Мазмұндаудың алғашқы сөйлемдерін шамалап айтады да, қалған жағын жалғастыруды балалардың өздеріне тапсырады. Сөйтіп, ауызша мазмұндауда объектінің өзіндік ішкі белгілері түгел қамтылады, заттың ішкі, сыртқы көрінісі толық түрінде жеткізіледі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Диалогты сөйлеуге үйрету әдісі

Автор: Амангелдіқызы Айгүл

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 378095

Похожие файлы

object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "урок "?айдан келді? бауырса?" "
    ["seo_title"] => string(29) "urok-k-aidan-kieldin-bauyrsak"
    ["file_id"] => string(6) "171361"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423666842"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Ерте, ерте, ертеде""
    ["seo_title"] => string(23) "iertie_iertie_iertiedie"
    ["file_id"] => string(6) "468378"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525407979"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "5-сынып. Саба?ты? та?ырыбы. ?айдан келді? бауырса?? "
    ["seo_title"] => string(52) "5-synyp-sabak-tyn-tak-yryby-k-aidan-kieldin-bauyrsak"
    ["file_id"] => string(6) "171692"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1423715571"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Саба?ты? та?ырыбы:?айдан келді? бауырса??."
    ["seo_title"] => string(44) "sabak-tyn-tak-yryby-k-aidan-kieldin-bauyrsak"
    ["file_id"] => string(6) "272479"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451991811"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?айдан келді? бауырса?"
    ["seo_title"] => string(24) "k-aidan-kieldin-bauyrsak"
    ["file_id"] => string(6) "319986"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460985791"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства