Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық ойындар презентациясы»
Қазақ халықының дана да, дара ақыны Абай Құнанбаев айтқандай«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, ойынның қай түріне болмасын зер салып,ой жүгіртіп карар болсақ,одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байкаймыз.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды,ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы.Сондай –ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып,оның іздемпаздық,тапқырлық қабілетін оятады. Ы.Алтынсарин атамыз айтқан екен “Натуралды әдіс”туралы былай деген Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап,көзімен көріп,мұрнымен искеп түсіндірген сабақ ұғымды деген екен.
Мақсаты:
Мектепке дейінгі орта жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.Ойын ережелерін сақтап,сөздік қорын дамытып, ойлау қабылеттерін арттыру. Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру
Міндеттері:
Сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.
Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білу.Ойында өзінің мінез –құлқын және құрдастарының әрекеттерін бағалауды білуі тиіс.
Бірін-бірі түсінуді, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсете білу.
Ойынның аты: «Неге ұқсайды?»
Ойынның мақсаты : Балалардың есту, көз алдына елестету, ұқсата білу дағдыларын қалыптастыру. Пішіндер туралы білімдерін толықтыру әрі пысықтау.
Ойынның шарты : Ойынға қатысушылар өздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай Жануарлардың дыбыстауын ең көп білетін бала, былай түсіндіреді: Жылқы – кісінейді, шұрқырайды, азынайды .
Ойынның аты: «Қандай сандар жетіспейді?»
Ойынның мақсаты : Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.
Ойынның шарты : тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5
десе, балалар қ ораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.
Ойынның аты:
«Төлін тап»
Ойынның мақсаты:
Есту арқылы қабылдау түйсігін дамыту.
Ойынның шарты: Балаға үнтаспадан үй жануарының дауысын естітіп қай жануардың төлі екенін сұрау.
Ойынның аты:
«Қуыршақтарды киіндір »
Ойынның мақсаты : Балалардың зейінін дамытып, көлемінді мөлшерлей білуін, қол моторикасының дамуын қалыптастырады.
Ойынның шарты : 3 түрлі көлемдегі қуыршақтар беріледі (үлкен, орташа, кішкене). Алдарына олардың киімдері қойылады. Көлеміне қарап қайсысы қай қуыршақтың киімі екенін тауып, киіндіруі қажет.
Ойынның аты:«Көкөністер мен жемістер»
Ойынның мақсаты:
Көкіністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету,дұрыс атауға,сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Көкөністер мен жеміс-жидек суреттері үстел үстінде тұрады.Бір бала шығып өзіне ұнаған жемісті н/е көкөністі алып оған сипаттама береді
Ойынның аты: «Бес санына шапалақта»
Ойынның мақсаты : Беске дейін санап және де іс-әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойынның шарты : ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 ке дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»
Ойынның аты:«Салыстыр»
Ойынның мақсаты: Балаларға үстел үстіндегі заттарды санатып салыстыра білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тәрбиеші бір баланы шақырып үстелдегі кесе мен тәрелкені санатып қай үстелде көп екенін салыстыртады.
Ойынның аты: Неден жасалған
Ойынның мақсаты:
Балаларға күнделікті қолданып жүрген заттарды неден жасалғанын ажырата білу түсініктерін қалыптастыру.
Ойынның шарты:
Ойыншықтар,киімдер т.б заттардың Мысалы: кесе неден жасалған.